ТӘУЕТ БАС, ҚАМЫС ҚҰЛАҚ, ҚУАРҒАН ЖАҚ...

ТӘУЕТ БАС, ҚАМЫС ҚҰЛАҚ, ҚУАРҒАН ЖАҚ...

ТӘУЕТ БАС, ҚАМЫС ҚҰЛАҚ, ҚУАРҒАН ЖАҚ...
ашық дереккөзі
4026
ҚАЗАҚ ПЕН ЖЫЛҚЫ
 

Тәует бас, қамыс құлақ, қуарған жақ,

Құлан жал, бұлан мойын, қой жұтқыншақ, Қоян жон, жазық жая, жауырынды, Құс топшы, қос шынтағы қалқыңқырақ. Сiңiрлi, жер соғарлы, аяғы тiк, Түлкi төс, тазы тiзе, ит жiлiншiк, Шашақты, шақпақ еттi, аласа ұршық; Құндыздық қалай бiткен құйрыққа дүп? Қоқанның жiбегiндей жеңiл құйрық, Не қою, не болмаса емес сұйық! Бұтының арасынан ел көшкендей, Жамбастың басы делдек, қуыс қолтық. Шүйделi, шоқтығы өргек, шiдерлiгi, Серке сан, желмаядай тiлерсегi; Тау желiн тартса жұтқан талыс танау, Тынысты кеңде жатыр кеңiрдегi. Жүрсе де жаздай құры болмайды тоқ, Кез жарым кесер баста кесiм ет жоқ. Қақпан бел, қалбағайлы, үңгiр сағақ, Шапса жел, мiнсе жайсаң, тұрса селсоқ. Қанында шығысың мен батысың жоқ, Ағылшын арғымақтың шатысы жоқ. Қашаннан қазағымның қолтумасы, Араптың дүлдүлiнiң қатысы жоқ. Жыр дүлдiлi Iлияс Жансүгiровтiң "Құлагер" поэмасында Күреңбай сыншы Ақан серiнiң Құлагерiне осылай баға бермей ме?! Жылқы дегенде шығарда жаны басқа қазақ осылайша тебiренген, сүйсiнген. Жылқы жарықтықта құдiрет бар! Жүйрiктiң жалын тартып атқа қонған қазақтың әруақтанып кететiнi тегiн емес. Туған мекенiн үш мың шақырым жерден адаспай тауып келетiн естi жануар-ай! Қазiр Құлагерлердi көңiлмен, қиялмен ғана iздейтiн болдық. Қазiр ипподромдардағы бәйгелерден тек таза қанды ағылшын, араб жылқыларының тұқымдарын көресiз. Бәйгенiң талабы да солай. Ағылшын жылқыларының жұмыр жердегi нарқы жоғары. Жүйрiк жылқы өте қомақты табыс әкеледi қазiр. Шетелдегi бәйгелерге қатысқан жүлделi жүйрiк ат бiр жыл iшiнде 10 миллион доллар көлемiнде ақша түсiредi. Бұл – жылқы табыс көзiне айналды деген сөз. Аз табыс емес. Бiрақ сол аттың күтiмi де оңайға түспейдi. Бiр жылқыны күту үшiн де жетi адам керек. Таға қағатын адамнан бастап бапкерге дейiн. Сондықтан да сатып алар кезде ерекше шүйiледi. Әдетте, жекеменшiк жылқы шаруашылықтарынан немесе аукциондардан сатып алады. Сатып алушы жүйрiктiң қарқындылығына, төзiмдiлiгiне, жүйкесiнiң дұрыстығына ерекше назар аударады. Сыртқы тұрпаты, шыққан тегi, бәйгелердегi жетiстiктерi мұқият тексерiледi. Содан кейiн барып кесiмдi қаржыны ұсынады. Ең көп ұсынылған қаржы – жүйрiктiң бағасы болып есептеледi. Қазақстан "Жокей" клубының басшысы әрi Алматы ипподромының директоры Асхат Разақтың айтуына сүйенсек, дүние жүзiндегi ең қымбат жылқының бағасы 113 миллион доллар екен. Екiншi бiр жүйрiктiң бағасы – 72 миллион доллар. Бiреуiн жапондық, екiншiсiн ирландиялық азамат сатып алыпты. Таза қанды ағылшын жылқысының бағасы осылайша аспандап тұр. Қазақ елiнiң қаржылы жiгiттерi де қарап отырған жоқ. Осы уақытқа дейiн Алматыға таза ағылшын тұқымды 79 айғыр әкелiндi. Құлындарының өзi 1 миллион долларға дейiн бағаланады екен. Ал әр биенiң иесi тұқым алу үшiн қомақты ақша төлейдi. Жүлделерi өте жоғары шетелдiк бәйгелерге ат қосып жүрген қазақтар да бар. Ардақ Әмiрқұлов жүйрiк аттарын Чехияда баптап, Германия, Англиядағы бәйгелерге үнемi қатыстырып, жүлделi орындарға ие болып жүрген азамат. Баяғы даланың қазағы мен қазiргi қаланың қазағының жылқыға деген көз қарасы екi түрлi… "Баспа бас қызға бермес жануарым! Басылар өлгенiмше қайтiп шерiм?! " деп күңiренген Ақаннның дауысы құлағымызға жетiп, Серiнiң шерлi жүрегiнiң мұңын өзiң де қоса бөлiскендейсiң. Бұл – поэзия құдiретi. "Құлагер, айналайын, жүлде алғаным, Басындай Арқарлының күн шалғаным! Барғанда ақыретке пырағым бол, Қызығын көре алмадым бұл жалғанның". Сұм жалғаннан жүрегi шайлыққан Серi ақыретте де бiрге болайық дейдi жан серiгi Құлагерiне. Жылқыны осыншама қастерлеген туындыны әлем әдебиетiнен кездестiре аласыз ба?! Әй, қайдам?! Бұл көркем туындының аржағында жылқы¬ның жалында ұрпағын дүниеге әкелген көшпелi қазақ деген халық тұр. Қазақ жылқыны соншама қастерлемесе, қасиеттi Жер – Ананың қойнына құндақтап жерлемес едi. Алтайдың баурайындағы Берелден табылған қорымда жерленген жылқылар осы сөзiмiзге дәлел.
ТЕМIРБАНК. ВАНГОГ, АЙ НАТУРЕЛЬ…
 

Ипподромдағы ұшқыр бәйгеде таза қанды ағылшын, араб жылқыларының дәуренi жүрiп тұр. Өткен жексенбi күнi Алматы ипподромында өткен бәйгеде соған көз жеткiздiк. Өз салымшылары мен Алматы тұрғындары үшiн Темiрбанктiң Алматы филиалы ипподромда үлкен мереке өткiздi. Әртүрлi қашықтықтарға таза қанды ағылшын аттары бiр бөлек, араб жылқылары бiр бөлек жiберiлдi. Бұл жерде жүйрiктердiң жас ерекшелiктерi де ескерiлдi.

Екi жастағы ағылшын құнандарының iшiнен "Рахат" жылқы зауытының Сұлтан деген жүйрiгi 1200 метр қашықтықтан қара үзiп келдi. Ал осы қашықтықта екi жастағы араб асыл тұқымды сәйгүлiктерiнiң iшiнен С.Маймақовтың Вангогы дара шықты. Темiрбанктың арнайы жүлдесi де тағайындалған болатын. Темiрбанктiң арнайы кубогы мен қаржылай сыйлығы "Азем" жылқы шаруашылығының Хануман атты жүйрiгiнiң қанжығасында кеттi. Сәйгүлiктер 1800 метрге жiберiлген едi. Тағы бiр демеушi "MERCUR" компаниясының да жүлдесi тiгiлген едi. 1600 метр қашықтықтағы бұл бәйгеде "Грань" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң Ай Натурель атты жүйрiгi бiрiншi келдi. "Демеушi жүлдесi" деген арнайы жүлде үшiн 1800 метр қашықтыққа төрт жасар дөнен жылқылар жiберiлдi. Ә дегеннен суырылып шыққан Балқадиша атты жүйрiктiң тiлеуiн тiледiк. Заты ағылшындiкi болғанымен, аты құлағымызға жылы естiлдi. Сөреге жақындағанда Байсенгур басып озды. Қазақ үшiн делебеңдi қоздырып, қаныңды қайнататын Қыз қуу ұлттық ойынының жөнi бөлек. Бұл жолғы Қыз қууға шыққандар: Алёна Мирошникова, Сергей Назаренко, Ксения Дубовцева, Вадим Шкунов. Темiрбанк бұл бәйгеде салымшылар арасындағы гототрондық ойынға "Тойото" автокөлiгiн тiгiптi. Атпен кедергiден секiру де тартысты өттi. 155 сантиметр биiктiктiң ең соңғы кедергi сырығын халықаралық дәрежедегi спорт шеберi Александр Тишковтың пырағы құлатып кеттi. Ал бұл бәсекеде Иван Моловацкий осы биiктiктен тұлпарымен сүрiнбей секiрдi. Осы жолы ипподромдағы бәйгеден талай жүйрiктердiң атын естiдiк: Глорвина, Еханура, Вангог, Скиф, Дионис, Лекс, Вампир, Джен эйр, Ивнинг Прэа, Топ Мажести, Ди Мэн. "Ай Натурель десе, айнатурель екен" дейдi жарысты қазақша жүргiзiп отырған жiгiт желпiнiп.  
Зейнел ЖЕКЕЙҰЛЫ
 

Серіктес жаңалықтары