БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ОҚУЛАРЫ

БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ОҚУЛАРЫ

БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ОҚУЛАРЫ
ашық дереккөзі
736

Алматы қалалық Тiлдердi дамыту басқармасының ұйымдастыруымен 31 мамыр "Қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу" күнiне орай халқымыздың бiртуар перзентi, ұлт көсемi, демократ, қоғам қайраткерi, публицист, әдебиеттанушы, ғалым, ақын Ахмет Байтұрсынұлына арналған "Тұлға тағылымына тағзым" атты дәстүрлi А.Байтұрсынұлы оқулары жыл сайын өткiзiлiп келедi. Қызыл империяның қылышынан қан тамып тұрған уақытта халқымыздың рухани дүниесiн жаңғыртып, тарихи санасын ояту жолында аянбай күресе бiлген, өз дәуiрiнiң жасампаз тұлғалары, ұлт көшiн бастаған көсемдерiнiң жанкештi еңбегi бүгiнгi ұрпақ жадында мәңгi сақтаулы.

Мәдени шара А.Байтұрсынұлы ескерткiшiне гүл қоюдан басталды. Дәстүрлi түрде өтiп келе жатқан А.Байтұрсынұлы оқуларының мақсаты – ел тарихындағы алаш ардақтыларын еске алу, тарихи тұлғалардың ел егемендiгi, тәуелсiздiгi жолында үлесi зор екенiн жас ұрпақ санасына сiңiру. Және түркi дүниесiнiң туы болған Ахмет Байтұрсынұлының ұлттық алтын қазынамызға айналған асыл мұраларын насихаттау. Шараға ғұлама ғалымның асыл мұрасын зерттеп жүрген ғалымдар, мәдениет және әдебиет қайраткерлерi, тiл жанашырлары, А.Байтұрсынұлының туған-туыстары, немерелерi мен мұражай қызметкерлерi, тiл мамандары, ұстаздар қатысты. Сондай-ақ, мектеп оқушылары мен студент жастар ақын шығармаларын мәнерлеп оқып, тарихи тұлға рухына тағзым еттi.  
Динара ДҮРМӘН
 

Серіктес жаңалықтары