«AWARD.KZ 2008» БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

«AWARD.KZ 2008» БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

«AWARD.KZ 2008» БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ
ашық дереккөзі
468

KITEL–2008 телекоммуникация мен компьютерлiк технологиялардың ХV Ортаазиялық Халықаралық көрмесi аясында "AWARD.kz 2008 ұлттық интернет-жүлдесiнiң" (www.award.kz) VI жыл сайынғы қазақстандық веб-сайттар байқауының басталғандығы ресми мәлiмделдi.

27-мамырда www.award.kz жаңаланған сайтында өтiнiштердi қабылдау басталды. Байқауға KZ доменiндегi немесе Қазақстан туралы мәлiмет таратушы қазақстандықтардың (бұрынғы, я қазiргi) қолымен жасалған кез-келген веб ресурстары қатыса алады. Байқауға өтiнiш қабылдау басталғаннан байқау аяқталған уақыт аралығында жұмыс iстеп тұрған сайт қабылданады. Өтiнiштердi қабылдау ағымдағы жылғы қыркүйектiң 15-iне дейiн жалғасады. Биылғы жылы www.award.kz қазақша нұсқасы iске қосылды.

Ұйымдастырушылар биылғы жылы SMS және интернет дауыс беру арқылы "Көрермендер көзайымына" енгендерге де жүлделi орынға таласуға мүмкiндiк тудырды. Биылғы жылы жеңiмпаздарды анықтау төрт кезең бойынша жүргiзiлмек. 1-кезеңде маусымнан қыркүйектiң ортасына дейiн iрiктеу комиссиясы келiп түскен өтiнiштердi сараптайды. 2-кезеңде әрбiр аталым бойынша 10 үздiк сайтты анықтайды және оларға SMS және Интернет дауыс арқылы үздiк шыққандары қосылады. 3-кезеңде қазылар алқасы дауыс беру арқылы әр аталымнан өздерiнiң "үздiк бестiгiн" анықтайды. 4-кезеңде қазылар бағалауы нәтижесiнде сайттардың жүлделi орындары белгiлi болмақ. Қазылар даусы тең түскен жағдайда Интернет пен SMS дауыстар шешушi рөл ойнамақ.

«Түркiстан-ақпарат»

Серіктес жаңалықтары