324
ҰЛТ ТҰЛҒАЛАРЫНА АРНАЛДЫ
ҰЛТ ТҰЛҒАЛАРЫНА АРНАЛДЫ
Кеше Алматы қаласындағы Алмалы ауданының әкiмшiлiгi 31 мамыр – қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу күнi қарсаңында Құрманғазы атындағы қазақ консерваториясында мәдени шаралар өткiздi.
Аудан әкiмi Марат Үсенұлы Пiрiнбеков баяндама жасап, бұл күннiң саяси мәнiн ашып бердi. Содан кейiн сөз алғандар: Тоқмұхамед Садықов, Мақаш Тәтiмов, Болат Аюханов 1937 жылы "ұлтшыл" атанып, жазықсыз жапа шеккен, алды атылып, арты қияндағы Сiбiрге он бес жылдан айдауға кеткен ұлт тұлғалары туралы айтты.
Соңында өнер адамдары және оқушылар сол ұлт тұлғаларының ұл-қыздары мен немерелерiне арнап концерт қойды.