«МУЗЕЙДЕГI ҰЗАҚ ТҮН»

«МУЗЕЙДЕГI ҰЗАҚ ТҮН»

«МУЗЕЙДЕГI ҰЗАҚ ТҮН»
ашық дереккөзі
264

1978 жылдың 18-мамырынан бастап әлемнiң музей қызметкерлерi Халықаралық музей күнiн атап өтедi. Алғашқы музей түнi Берлинде 1997 жылы қаңтарда өткiзiлiп, "Музейдегi ұзақ түн" деген атпен тарихта қалды. "Музей түнiн" атап өту бүгiнде тек Қазақстанда ғана емес, Германия, Швейцария, Австрия, Франция, Голландия, Чехия, АҚШ, Ресей музейлерiнде аталып келедi.

ҚР Мемлекеттiк Орталық музейi елiмiздегi музейлер тархында ең алғаш болып 2007 жылы "Музей түнiн" өткiзген болатын. Бұл iс-шара сол сәттен бастап-ақ көрермен қошеметiне ие болды. Осыдан бастап бұл үрдiс бiздiң музейдiң дәстүрлi мерекесiне айналды. Осы жылдың он алтыншы мамыры күнi де "Қазақтелеком" акционерлiк қоғамының демеушiлiгiмен "Халықарлық музей күнiне" арналған екiншi "Ашық есiк күнiн" жариялады. Бұл күнi "Дружная ребята" газетiнiң жетпiс бес жылдығына орай ұйымдастырылған "Мiне, бiз осындаймыз!" балалар фото көрмесiнiң, "Ер Жәнiбек" кiтабының тұсаукесерi, "Музейге арналған тарту таралғылар" көрмесiнiң және суретшi-мүсiншi Қадырбай Далабаевтың "Жанұйық" атты көрмесiнiң ашылу салтанаты болды. Қонақтарға автордың қолтаңбасы қойылған кiтаптар сыйға тартылды. Сондай-ақ, мұнда "Алматы кiтап" ЖШС кiтаптарын сатып алуға және ХХ ғасырдың 70 жылдарына сай жасалған фотосалонда суретке түсуге жағдай жасалынған. "Музей түнiнде" балалар көркемөнерпаздар ұйымының, музыкалық мектептердiң, алуан клубтардың, "Шоқжұлдыз" шығармашылық идеялардың халықаралық клубы, Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы студенттерi өз өнерлерiн көрермендер назарына ұсынды. Оңтүстiк астананың ханшайымдарына "Mary Kay", "Infinum", "Avon", "Faberlic", "Oriflame", "KGC" косметикалық компаниялары мамандарының кәсiби кеңестерiн, музейдiң жетекшi ғалымдарының лекцияларын тыңдауға және экспозициялық залдар мен "Қазақстанның экспозициялық алтыны", "Академик О. Смағұлов атындағы антропология музейi", тарих және диаспорталогия залы, тәуелсiз Қазақстан залдарында тегiн экскурсиялауға мүмкiндiктер жасалды. Көрермен назарына Мысыр мумиялары¬ның б.э. дейiнгi екiншi мыңжылдықтағы фрагменттерi, музей кино залында Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясының отандық көрсетiлiмдерi ұсынылды. Кештiң аяғында "Апамызда қонақта" болып, қымыз, шұбат мәзiрiнен ауыз тиiп қайттық. Халықаралық музей күнi тек музей қызметкерлерiнiң мерекесi ғана емес, тарихи құндылықтарға атүстi қарамайтұғын және музейдi мәдениеттiң ерекше ордасы ретiнде бағалайтындардың да мерекесi. Сол себептi де, "Ашық есiк күнi" қала тұрғындары мен қонақтары үшiн жұмыс уақытын түнгi сағат он екiге дейiн ұзартты. Алматының ала бұлтты ауа райы да музей әлемiн тамашалауға келген қонақтарға кедергi бола алмады.

Манар ӘЛИЕВА

Серіктес жаңалықтары