Людмила БАРБЭ, арнайы "Түркiстан" газетi үшiн Кишиневтен: ЫНТЫМАҚТАСТЫҚҚА МYДДЕЛI
Людмила БАРБЭ, арнайы "Түркiстан" газетi үшiн Кишиневтен: ЫНТЫМАҚТАСТЫҚҚА МYДДЕЛI
Қазақстан Молдовамен экономикалық ынтымақтастықты арттыруға мүдделi. Бұл туралы Қазасқтанның Молдовадағы төтенше және өкiлеттi елшiсi Амангелдi Жұмабаев мәлiмдедi.
Гура Быкулуй селосында Жеңiс мерекесiн тойлау барысында елшi Молдова мен Қазақстан арасындағы экономикалық қатынастардың нығайып келе жатқанын және қазақ инвестициясының Молдова Республикасына салатын қаражаты өсуi мүмкiн екендiгiн жеткiздi.
"2007 жылы екi ел арасындағы сауда айналымы 100 млн. доллардан асып түстi. Мен жуық арада бұл көрсеткiштiң екi есеге өсетiндiгiне сенiмдiмiн. Молдованың географиялық ахуалы жағымды, Еуропалық Одақтың көршiсi, бұл елдiң экономикалық, әлеуметтiк дамуына ықпал етуi тиiс" деп мәлiмдеген қазақ елшiсi Амангелдi Жұмабаев "ИНФОТАГ" тiлшiсiне берген сұхбатында Молдова премьер-министрi Зинаида Гречано ханымның Қазақстанға iссапармен баратынын тiлге тиек еттi. Елшiнiң айтуынша, iссапар барысында үкiметаралық келiсiмдерге қол қойылмақ және кәсiпкерлердiң тәжiрибе алмасуына да мүмкiндiк бар: "Кездесу барысында экономика саласының сан алуан қырын талқыға салатын молдовалық және қазақстандық кәсiпкерлерiнiң экономикалық форумы ұйымдастырылады. Молдовада инвестиция салуға жақсы жағдайлар жасалынып, инвесторларға салынатын салық жүгi жеңiлдетiлдi. Молдовандардың шарабы Қазақстанда өте жоғары бағаланады және жемiс-жидек пен көкөнiстер сияқты өте үлкен көлемде тасымалданады".
2008 жылы Молдова президентi Владимир Воронин Қазақстанда iссапарда болады. Кездесу барысында ҚР Президентi Н.Назарбаев пен МР президентi В.Воронин Молдова аумағында мұнай мен табиғи газды өңдеу жұмыстары мен iшкi және сыртқы нарықта оларды сату мәселелерi жайлы пiкiр алмасады.