НАҚАҚТАН КҮЙГЕН НАҚЫПБЕКОВ

НАҚАҚТАН КҮЙГЕН НАҚЫПБЕКОВ

НАҚАҚТАН КҮЙГЕН НАҚЫПБЕКОВ
ашық дереккөзі
293

"Нұр Отан" ХДП жанынан құрылған сыбайлас жемқорлыққа күрес жөнiндегi республикалық қоғамдық кеңес жер бөлудегi заңсыздыққа жол берген деп Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстiк Қазақстан облыстары бойынша өңiраралық жер инспекциясының бастығы Б. Нақыпбековке бiрқатар айыптар тағылып, әжептеуiр шу көтердi.

Осыған қатысты кейде түймедейдi түйедей ететiн әрiптестерiмiз бiржақты қоғамдық пiкiр тудырып, елдi дүрлiктiрдi. Ендi жығылғанға жұдырық жұмсамай-ақ, осы жайға қатысты мәселеге байыппен қарап, байсалды пiкiр айтайықшы.Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiк осы мекеменiң басшысы Бақытбек Нақыпбековтың үстiнен қызметтiк тексеру жүргiзген едi. Оның қорытындысына жүгiнсек "арызданушылар Нақыпбековке байланысты кiнәсiн дәлелдейтiн бiрде бiр айғақты құжат ұсына алмаған. Жорамалдап және ауызша ғана айыптағаны айтылған. Оған қоса агенттiк анықтамасында "жер бөлу жер ресурстарын басқару жөнiндегi басқарманың емес, жер Кодексiнiң 43- бабына сәйкес оны жүзеге асыру жергiлiктi өзiн өзi басқару мен жергiлiктi атқарушы билiктiң өкiлдерiнен құралған арнайы комиссияның құзырына кiретiнi" атап көрсетiлген. Шымкент қаласы аумағынан 41,68 гектар жер иеленген өндiрiстiк кооператив бұл жердi ауыл шаруашылығы мақсатына пайдаланбаса мұның себебi жерге тұрғын үй салу құқығын беретiн № 2691 қаулыны 2003 жылдың 1 желтоқсанында Шымкент қалалық әкiмдiгi шығарған. Жердi жекеменшiкке алудан түсетiн қаржы қалалық қаржы бөлiмiнiң есепшотына толық төленген. Жердiң ауыл шаруашылық өндiрiсiне келтiрiлген шығыны да өтелген. "Қайсар" деп аталатын бұл өндiрiстiк кооперативтiң артында тұрған адам Б.Нақыпбековке, оның әйелi Қаныбековға ешқандай қатысы болмай шықты. Дербес өмiр сүрiп келе жатқан кооперативтiң қо¬жайыны 1997 жылдан берi Д. Әбдiраманов дейтiн азамат екенi анықталған. Осындай деректер мен дәйектердi алға тарта отырып агенттiктегiлердiң "сараптау комиссиясы Б. Нақыпбековтi қызметiнен босату туралы ұсыныс беруi негiзсiз қабылданған шешiм" деп берген анықтамасы қолымызға тидi.

Осы заңды құжаттармен танысқан соң оңтүстiкте өзiне лайықты беделi мен абыройы бар Нақыпбековты баз бiреулер аяқтан шалып, сүрiндiру үшiн бiржақты қаралауға бет алған тәрiздi. Қазiргi уақытта мемлекеттiң мүддесiн ойлаған абыройлы азаматтардың қолдан ұйымдастырылған "пара алды, сыбайлас жемқорлықпен айналысты" деген айып тағылып, құйтырқы саяси ойындардың құрбанына айналып жатқаны жасырын емес. Нақыпбековты де "әдiлдiк" iздеген белгiлi бiр топтар тақтан тайдырудың, абыройын төгудiң белсендi әрекетiнде жүргенiн жоққа шығаруға болмайды. "Дұшпансыз адам болмайды" деген өмiр қағидасы рас та шығар. Өйткенi, соңғы жылдары Нақыпбеков басқарған мекеме заңсыздыққа қарсы табанды күрес жүргiзген. Мемлекет пайдасына қыруар қаржы қайтарған. Осындай жағдайда өзiн бай, өзiн құдай санайтын қалталылардың Нақыпбеков аяғын басып кеткенi де болуы мүмкiн.

Соңғы 2 жылдан берi Оңтүстiк Қазақстан облысында жер заңдылығын сақтамаған 946 құқық бұзушылық әшкерленiп, 22,4 миллион теңге айыппұл салынған. Олардың iшiнде Г.Бегалиев дейтiн азамат 70,4 мың теңге, Р.Тұрғанова дейтiн ханым 76,5 мың теңге айыппұл төлеген. Бұл екеуiне неге ерекше тоқталып отырмыз? Өйткенi Б. Нақыпбеков туралы "Нұр Отан" партиясына, прокуратураға, басқа да құзырлы мекемелерге, баспасөз беттерiне жалаға толы жалған мәлiметтер ұсынып, жаңсақ пiкiрмен арандатып жүргендердiң iшiнен осы екеуi айрықша белсендiлiк танытып келедi. Ендi нақты айғақтарды айтайық.

Бүгiнге дейiн жер инспекциясы облыс орталығындағы 6 саябақ бойынша сотқа 64 талап арыз тапсырып, әзiрге 33-i толығымен қанағаттандырылды. Саябақтағы халықтың ортақ игiлiгiне пайдаланатын жерлер ерiктi түрде коммуналдық меншiкке қайтарылуы қажеттiгi мемлекет басшысының тiкелей тапсырмасы екенi белгiлi. Орталық саябақтан бiр өзi 25 учаскiсiн пайдалану құқын иеленген "Лира" ЖШС-нiң бас директоры Р.Тұрғанованың Б. Нақыпбековты кiнәлап, шағымданғаны шындық iздеу ме, әлде оңай олжалаған "батпанқұйрығынан" айрылып қалмаудың амалымен шырыл қағу ма?

Шымкент шаhарының шырайын келтiрiп тұрған "Нұрсәт" мөлтек ауданында жыл сайын жүздеген адам қоныс тойын тойлап, қуанышпен шаттыққа бөлендi. Баспанадан бөлек медициналық мекемелер мен бiлiм ошақтары салынып жатыр. "Нұрсәт" мөлтек ауданы Үкiметтiң қаулысымен бектiлген Шымкент қаласының бас жоспарында көрсетiлген. Бас жоспарға сәйкес Г.Бегалиев дейтiн азаматтың Сайрам ауданынан алған 100 гектар жерi мемлекеттiк қажеттiлiк үшiн Шымкент қаласының шекарасына өткен едi. Бегалиев басқаратын "Қамбар ата" шаруа қожалығына 100 гектар жер берген Сайрам аудандық әкiмдiгiнiң № 320 қаулысы облыстық әкiмдiктiң № 676 қаулысымен заң шеңберiнде күшi жойылған. Ол сотқа 11 мәрте жүгiнiп, оның 10-сi нәтижесiз аяқталды. Соттың 11-шi мәрте шешiм шығарғанда даулы мәселенi шағымданушының пайдасына шешкенi түсiнiксiз. 10 жылдан астам уақыт 100 гектар жердiң қызығын көрген Г.Бегалиев 2003 жылы қолданысқа енген жер Кодексiнде тыйым салынса да жердi қосалқы жалға берудi жалғастырған. Басқалар ауыл шаруашылығына пайдалануға жер таппай қиналса, ол өз бетiнше 1 гектар жерге әртүрлi құрылыстар тұрғызып, заңды өрескел бұрмалаған. Г.Бегалиев сияқтылар 100 гектар жердi меншiктеп алып, "елге де, ешкiмге де бермеймiн, тек менiкi" деп дау қууын тоқтатпаса, мыңдаған адам баспанасы болмай, қаңғып жүре беруi керек пе? Заңдылыққа сәйкес Сайрам ауданынан Бегалиевке мұншалықты көлемдi жер беру мүлдем қисынға келмейдi. Сонда заңсыз жолмен иеленген жерiн саудаға салып, халықтың маңдай терi, табан ақысынан құралған бюджеттiң 764 миллион теңгенi қарпып қалуды күйттеген адамның жеке мүддесi Елбасының саясатынан, елдiң мүддесiнен артық болғаны ма?

Соңғы кездерi оңтүстiкте бұрынғы жекеменшiкке өтiп кеткен саябақтар мемлекет меншiгiне қайтару бағытында билiк кейбiр кәiспкерлердiң қатты қарсылығына тап болып отыр. Заңды аттап, халықтың мүддесiн таптап, тек қалта мен құлқын қамын ойлағандардың асығы алшысынан тұра бермейтiн де шығар.

Балтабек ТYЙЕТАЕВ

Серіктес жаңалықтары