БАЛАЛАРЄА АРНАЛҒАН ӨЛЕҢ... ОСЫ МА?

БАЛАЛАРЄА АРНАЛҒАН ӨЛЕҢ... ОСЫ МА?

БАЛАЛАРЄА АРНАЛҒАН ӨЛЕҢ... ОСЫ МА?
ашық дереккөзі
209

Жақында балабақшаға баратын балам: «Біз кітап аламыз. Апай 500 теңге беріп жіберсін» деген соң, ақшаны қолына ұстатып жібердім. Кешкісін ақын Ескен Елубаевтың «Балаларға базарлық» атты кітабын алып келді. «Анашым, бізге мынадай күшті кітап берді. Ішінде суреттері көп екен», – деп аяқ киімін шешер-шешпес көрсетуге асыққан баламның қуанышында шек жоқ. «Е-е, балам, жақсы болған екен. Енді сен әріптерді тани бастадың ғой. Ойнай бергенше, арасында кітап оқып үйренетін болдың», – деп көңілін одан әрмен көтеріп қойдым. «Расында да, бұл не кітап екен? Алдымен өзім ішін бір шолып шығайыншы», – деп сыртқы мұқабасы әдемі безендірілген кітапты қолыма алып, парақтай бергенім сол еді, көзім «Кім не тартады?» деген өлеңге түсіп кетті. Оқып шықтым. Құдай-ау, балаларға арнап жазылған өлең осы ма? Кәдімгі баланың тіліне жатық, жұп-жұмыр дүниені күрделендіріп жіберетініміз қалай? Әп-сәтте көңілім су сепкендей басылып сала берді. Бәлкім, бұл өлең кейбіреулерге ұнайтын да шығар, кім білсін? Бірақ ана ретінде мұны қабылдай алмадым. Бірге оқып көрейікші.

Кім не тартады?

Класқа келгесін,

Үйірме ашатын

Жетекші тергесін.

– Сен не тарта аласың?

– Домбыра.

– Жарайсың.

– Сен не тарта аласың?

– Қобыз.

– Жарайсың.

– Сен не тарта аласың?

– Гармон.

– Жарайсың.

– Сен не тарта аласың?

– Пианино.

– Жарайсың.

– Сен не тарта аласың?

– Темекі…

– Өй, мынауың дөрекі…

Басы жап-жақсы басталған өлеңнің соңын үйірмеге қатысатын мектеп оқушысының емес, көшедегі бұзақы балалардың сөзіне айналдырып жіберген. Әрбірден соң үйірмеге қатысатын тәрбиелі баланың дәл осылай жауап беруі кездейсоқ. Тіпті оқушыға: «Сен не тарта аласың?» деген сұрақ қойылса, шынашақтай баланың «Темекі» деп айтуы да мүмкін емес. Сонда бұл бесіктен белі шықпаған балғынға қандай тәрбие береді? Кішкентай жеткіншектерге темекінің атын атап, түсін түстегеннен не ұтамыз?

Тоғжан ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары