АШТЫҚ ҚҰРСАУЫНДАҒЫ АФРИКА

Батыс Африкадағы Сахель аймағында 13 миллионнан астам адам аштықтан зардап шегуде. Сондай-ақ бұл аймаққа Чад, Буркина-Фасо, Мали, Мавритания, Нигер және Сенегалдың солтүстігі кіреді. Аштықтың белең алуына қуаңшылық, азық-түліктің қымбаттауы, тұрғындарының кедейлігі және осы аймақта болып жатқан қарулы қақтығыстар себеп болған.

Азық-түліктің жетіспеушілігінен балалар арасында ауру-сырқау көбейген. БҰҰ жергілікті халыққа көмек беруге қанша жерден тырысса да, қауқары жетпеуде. Апатқа ұшыраған аймақта азық-түлік қоры аз болуынан баға да шарықтап кеткен. Халықаралық ұйымдар былтыр Африкалық мүйізде болған қасіреттің қайталанбауы үшін шұғыл шаралар қабылдау қажет дейді. Гуманитарлық апатқа жол бермеу үшін қоғамдық ұйымдар да жедел әрекетке көшіп, АҚШ пен Еуропа елдері азаматтарынан қайырымдылық қаржысы жинала бастаған.

Дайындағандар:

Д.Мыңжасарқызы, А.Айдарқызы

Back to top button