АРАҚТЫҢ «АТАСЫ» — АЙДАБОЛ!..

АРАҚТЫҢ «АТАСЫ» — АЙДАБОЛ!..

АРАҚТЫҢ «АТАСЫ»  —  АЙДАБОЛ!..
ашық дереккөзі
1017

Соңғы деректерге қарағанда есірткі бизнесінің қатты өркендеуіне қарамастан, ішімдік әлі күнге дейін тұтынылу жөнінен өз деңгейінен түсе қойған жоқ тәрізді. Мәселен, өткен жылы әлем бойынша спиртті ішімдіктерге әуәстік 3-4 пайызға артқан. «Спирт рекорд» халықаралық сараптау орталығы берген деректерге қарағанда дүниежүзі бойынша саудаға шығарылатын спиртті ішімдіктердің 80 пайыздан астамы бас-аяғы он елдің үлесінде көрінеді. Әлбетте, ауызға арақ алынғанда оның басты тұтынушысы есебінде орыс елі айтылады. Алайда, ақиқат жағдай мүлдем басқа нәтиже көрсетіп отыр. Ресейдің бұл орайдағы үлес салмағы 24, ал Америка Құрама Штаттарының көрсеткіші 39 пайыз екен. Одан әрі 11 пайыздық көрсеткішімен Польша кетеді. Ал, Қазақстан бастап Украина, Германия, Беларусь, Өзбекстан, Ұлыбритания ілескен одан кейінгі шоғырдың көрсеткіші – 20 пайыз.

Міне, әлемдік спиртті ішімдіктер тұтынудың үлес салмағы осылай бөлінеді. «Көрнекті» тұтынушылар арасында қазақ елінің жүруіне қуанамыз ба, әлде қапаланамыз ба? Бізге салса біржақты «аһ» ұрудың да қисыны жоқ. Себебі, қазақ елі ішкіш қана емес, сондай-ақ әлемдік спирт экспортерлерінің біріне де айналып отыр. Басқаша айтқанда, спирт өндірісінен бюджетке қомақты қаржы түсіп отыр деген сөз. Соған орайластыра айтсақ, сіз білмейтін сияқтысыз, қазақ арағының атасы – Айдабол. Алдымен ескерте кететін бір жағдай, қазақта Айдабол деген тайпа бар. Тайпа болғанда да қандайы десеңші! Әлемдік деңгейдегі ұлы тұлғалар берген еліңіз де сол! Алдымен ескертеріміз, іргелі бір рудың біздің әңгімемізге еш қатысы жоқ. Әрі ол – қасиетті ел. Біздің әңгімеміз осы аттас, бүгінде жалпақ жаһан білетін Айдабол спирт заводы туралы. Міне, әлемдік спиртті ішімдіктер тұтынудың үлес салмағы осылай бөлінеді. «Көрнекті» тұтынушылар арасында қазақ елінің жүруіне қуанамыз ба, әлде қапаланамыз ба? Бізге салса біржақты «аһ» ұрудың да қисыны жоқ. Себебі қазақ елі ішкіш қана емес, сондай-ақ әлемдік спирт экспортерлерінің біріне де айналып отыр. Басқаша айтқанда, спирт өндірісінен бюджетке қомақты қаржы түсіп отыр деген сөз. Соған орайластыра айтсақ, сіз білмейтін сияқтысыз, қазақ арағының атасы – Айдабол. Алдымен ескерте кететін бір жағдай, қазақта Айдабол деген тайпа бар. Тайпа болғанда да қандайы десеңші! Әлемдік деңгейдегі ұлы тұлғалар берген еліңіз де сол! Алдымен ескертеріміз, іргелі бір рудың біздің әңгімемізге еш қатысы жоқ. Әрі ол – қасиетті ел. Біздің әңгімеміз осы аттас, бүгінде жалпақ жаһан білетін Айдабол спирт заводы туралы.
«БАРДА» ЖЕГЕН МАСКҮНЕМ… БҰЗАУ
 

Мұсылман қазақтың жағдайында ішімдік – екі бастан екі ұштылау тақырып. Қазақтың атасының асы болмаса да спиртті ішімдіктердің қазақы дастарханының мәзірінен ойып тұрып орын алған жағдайы бар. Басқаша айтқанда, қай мәселеде де өзгелерден үздік шығуға құлықты жүретін қазекең бұл орайда да «жоспарды асыра орындап отыр…».

Десек те, жалпақ жаһан біліп отырған іргелі де тарихи Айдабол спирт заводының жергілікті ғана емес, республикалық бюджеттің де қауқарлы доноры болып отырғаны және рас. Қазір Айдабол спирт заводы – Қазақстан жеңіл өнеркәсібінің әлем таныған брендтерінің бірі. Зауыт шығаратын «Экстра», «Люкс» және «Альфа» маркалы этильді спирт тұтыну рыногында үлкен сұранысқа ие. Себебі отандық және ресейлік фармокологиялық кәсіпорындар экологиялық тұрғыда ең таза саналатын осы Айдаболдың спиртін алдымен алуға тырысады. Қазір зауыт шығаратын өнімнің негізгі тұтынушысы – Ресей. Ішетін арақ Ресейдің өзінде де жеткілікті. Негізінен, Айдабол спирті медицинада пайдаланылады. «Қазақ спирті» деген брендтік атауды тұңғыш рет пайдалана отырып (әрі оған еш күмәніміз жоқ), оның таза табиғи шикізаттан, яғни бидайдан, арпадан, тарыдан, қара бидайдан, сондай-ақ зауыттың өзінде өсірілетін жасыл солод өскінінен жасалынатынын ескерте кетуіміз керек. Әлемдік технологияда басты спирт зауыттары арзан болғандықтан қолдан өсірілген солод өскінін қолданады. Ал Айдабол спирт заводы спирт өндірісіндегі негізгі бірлік болып саналатын бұл өскінді өзінде өсіреді. Кеңестік кезеңде бес мыңдай халқы бар Айдабол кентінің тұрғындары оразасын спиртпен ашып, спиртпен жуынатындай дәрежеге жетті. Аймақтағы наркологиялық диспансерлердің негізгі клиенттері де осында болды деседі. Күнәһар болудың қажеті жоқ. Дәл қазір олай деп айта алмаймыз. Алайда іргесінде спирт заводы тиіп тұрған қазақ ауылдарына ішімдіктің айтарлықтай зардабы тигені өтірік емес. Тіпті, ел арасында мынадай да бір әжуәлі әңгіме бар. Көрші ауылға келін болып түскен басқа бір өңірдің қызы Айдабол спирт заводының кереметін қайдан білсін, спирт өндірісінен алатын «барда» деген кебекті де естіп көрмеген ғой. Өлке қазақтары мал семірту үшін осы «барданы» пайдаланады. Спирт сіңген кебекті, яғни ашытқы бактарының түбінде қалған қалдықты жеген қара малдың тәбеті ашылып, алдында тұрған құнарсыз сабанның өзін арпадай асайды. «Барда» жеген мал жылдам семіреді. Әлгі келіннің атасы да қорадағы малына сол «барданы» береді. Келіні шықса атасының бұзауы «шалагәйіп» боп, көзі ежірейіп, әжептәуір масайып, өкіріп тұр екен. Енді бір қараса әлгі бұзау мас болған адамша төрт аяғын төрт жаққа жіберіп, қылжиып құлап қалыпты. Іргедегі спирт зауытының құдыретімен толықтай маскүнемге айналып кеткен қайныларын жақсы білетін, әрі күйеуіне спирт ішуді қойдыра алмай жүрген келіншек «өлә, Қасен тұқымының бұзауына дейін маскүнем екен ғой!..» деген дейді. «Барда» демекші, спирт өндірісінен қалған қалдықтарды да жергілікті кеңшарлар шеберлікпен пайдаланды. Кеңестік дәуірде дәл осы жерде мал бордақылайтын «Айдабол» атты кеңшар болды. «Айдабол» кеңшарының «бардаға» семіріп, шала мас болып тұрған өгіздерінің қорада тұрып, өкірген дауысы облыс орталығына дейін жеткендей еді. Мас өгіз алдында тұрғанның бәрін жеп, жылдам семіретін. Сол «барданың» арқасында «Айдабол» кеңшарының облыстағы ең мол ет өндіретін шаруашылыққа айналғаны да рас…
СПИРТ БЮДЖЕТКЕ ҚАРЖЫ ҚҰЯДЫ
 

Экономика құлдырап, аймақтардың кегежесі кейін кетіп тұрған тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қып-қызыл кіріс беретін облыстағы бірден-бір кәсіпорын болған Айдабол спирт заводына таласушылар да көп болды. Өз заманында спирт заводын жекешелендіріп алған әлдебір алматылық компанияның ел ақшадан тарылып отырған заманда 7 миллиард теңге көлемінде салықты жасырып қалып, біраз айғай шыққаны да есімізде. Алайда дәл қазір Айдабол спирт заводы Зеренді ауданы бюджетінің негізін қамтамасыз етіп отыр.

Дерек көздеріне көз салсақ, 1906 жылы Шмурло деген неміс фабрикантының дәл осы жерден спирт зауытын сала бастауы да тегін емес. Өйткені бұл жерде спирт өндірісінің шикізаты арпа мен бидай жақсы өседі. Оған дейін де байтақ Ресейде 11 шарап зауытын ұстаған әлгі фабрикант өз кәсіпорнын 1908 жылы іске қосады. Оның алғаш салған 150 мың сомы 13 айда толық ақталыпты. Ал 1914 жылға қарай зауыт тәулігіне 500 шелек спирт өндіретін болған. Ол кезде спирттің шелекпен өлшенгені де ғажап жағдай. Қазір зауытта 270 адам жұмыс істейді. Кәсіпорын негізінен Айдабол кентінің жастарын жұмыспен қамтып отыр. Әлеуметтік серіктестік бағдарламасы ауқымында қауқарлы кәсіпорын ведомстволық бала бақшасын өз қамқорлығына алған. Сондықтан ондағы төлемақы да арзан. Ата-аналар сәбиі үшін небары 1200 теңге ғана төлейді. Тәрбиешілері зауыт штатына тіркелген. Кәсіпорыннан жалақы алып тұрады. Қысқасы, спирттің арқасында айдаболдықтардың жағдайы жаман емес. Соңғы кезеңде спирт зауытының техникалық жарақтандырылуы да жақсара түсті. Мәселен 2004 жылы өндірісі қуатын арттырып, шығарылатын өнімнің сапасын жақсарту үшін жаңа эппюрациялық колона орнатылды. Ал 2006 жылы ашыту цехына жаңа қондырғылар сатылып алынды. Жаңа ашыту цехтарының іске қосылуына байланысты спирттің этилдендірілген «Экстра» және «Люкс» сорттары алына бастады. Содан бері Айдабол спирт заводы шығарған өнімнің даңқы шартарапқа тарап кетті. 2000 жылдан бері жергілікті өнім Алматы және Тараз қалаларына, Алматы облысына жіберілетін болды. Ал солтүстіктегі басты тұтынушы Петропавлдағы ликер-арақ зауыты мен Көкшетаудың өзіндегі «Натурпродукт» кәсіпорны. Оған соңғы кезде республикадағы басқа да арақ-шарап зауыттары қосыла бастады. Құрылғанына 100 жыл болған Айдабол спирт зауыты – небір құқайды бастан кешкен кәсіпорын. «Біреу өлмей, біреуге күн жоқ» дегенді қазақ атаң біліп айтқан. Ішімдік – әлбетте, иманды құбылыс емес, алайда оның өтімді тауар есебінде жергілікті бюджет бүйірін қомпайтып, халыққа жалақы төлеудің қайнар көзіне айналып отырғаны тағы рас. Горбачев заманындағы ішімдікке қарсы науқан кезінде аталмыш кәсіпорынның кегежесі кейін кеткені тағы рас деседі. Алайда ең қиын кездің өзінде спирт зауыты жабылып қалмаған. Керісінше, ағысқа қарсы ағып, шаруашылығын нығайта түскен. Соңғы жылдары жаңа технологиялардың енгізілгеніне қарамастан, кәсіпорында ескінің ізі сайрап жатыр. Шикізат цехындағы астық тізбек бойынша сыйымдылығы 100 тонна қабылдау бункеріне жіберіледі, ал сол бункерде әсте тыным жоқ. Бункерден шыққан астық екі деңгейлі үгіткішке түсіп, ұнға айналады. Әбден үгітілген бидай арнаулы қазанға түсіріліп, қайнатылады. Кереметі сонда бұл жерден де кәдімгі наубайханадағыдай нанның иісі аңқып тұр. Әбден қайнатылған шикізат +30 градусқа дейін салқындатылып, ашытылады.
КІРІСТІҢ НЕГІЗІ – ҒЫЛЫМДА
 

Осыдан үш жыл бұрын спирт зауытында өнімнің сапасын тексеретін арнайы ғылыми зертхана құрылыпты. Шығарылған өнім онда жан-жақты сараптан өткізіледі. Жергілікті мамандар өз өнімінің сапасын халықаралық деңгейге жеткізуге талаптанып отыр.

Кәсіпорынның ең қызғылықты цехы – спирт алу үшін арнайы өскіндер өсірілетін цех. Ондағы жылжымалы өскіндер алаңына 15 тоннадай арпа мен бидай тұқымы сыяды. Жеті-сегіз күннен соң өсірілген дән қылтиып шыға бастайды. Спирт алуға қажетті ферменттердің негізгі көзі де солар. Таза табиғи жолмен өсірілетіндіктен жергілікті мамандар өз өнімдерінің экологиялық тұрғыдағы тазалығын мақтаныш етеді. Әрі ол ақиқат, шындық. Бүгінгі күні Айдабол спирт заводының өніміне деген сұранымның мол болуы да осыған байланысты. Арнаулы зертханада сынақтан өткізілетін даяр өнімнің құрамында бас-аяғы 22 компонент болуға тиісті. Оның саны мен сапасын Америкада жасалынған қазіргі заманның газды хромотограф анықтайды. Қысқасы, бұл жер – нағыз химиялық зертхана. Онда спирт өніміне қатысты заманауи аспаптардың бәрін де таба аласыз.
ЗАУЫТ МАРАПАТҚА ДА КЕНДЕ ЕМЕС
 

Сапалы өнім шығарып, бәсекелестікке қабілеттіліктің арқасында атағы жалпақ жаһанға жайылған, біреу біліп, біреу білмейтін ақ арақтың «атасы» Айдабол спирт зауыты Мәскеуде жыл сайын өткізіліп тұратын халықаралық спирт байқауына тұрақты түрде қатысады. Әрі одан ұдайы жоғары нәтижемен оралады.

2007 жылы айдаболдық спирт өндірушілер Италияда өткен «Еуропа жүлдесінің» байқауына да қатысыпты. Кәсіпорын онда да арнайы дипломмен марапатталған. Айдабол спирт заводының «2010 жылдың үздік қазақстандық тауар» атты аймақтық байқауда дегустациялық сынақтардың бәрінен де мүдірмей өтіп, алтын медаль алғанын да айта кету керек. Кәсіпорын қазір де сұранымы жоғары өнімді молдап шығару үстінде. Тек өткен жылдың қараша айында ғана айдаболдық спирт өндірушілер 40 мың дикалитрдей спирт өндіріпті. Біле білген адамға ол – талассыз жоғары көрсеткіш. Ішімдік десе азар да безер болып ұран айғайға басатынымыз өтірік емес. Алайда қаншалықты «ақ арақтың атасы» десек те, Айдабол спирт заводы бүгінде республикадағы бәсекелестікке лайықты, рентабельді өнім өндірушілердің бірі болып отыр. Тіпті, айдаболдықтар шығаратын, Ресейдегі барлық фармокологиялық кәсіпорындардың басты тауарына айналып отырған Айдаболдың спиртін өз заманындағы «қазақ бальзамы», «Қазақстан» сигареті сияқты ұлттық бренд десе де болады. Сондай-ақ, қазіргі нарықтың тілімен айтқанда, оның республикалық бюджетке қосып отырған үлесі де қомақты.

Серіктес жаңалықтары