ҚР Президентінің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Мемлекет басшысының Бас прокурорға жүктеген тапсырмасы жайында жазды, деп хабарлайды turkystan.kz.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурорға әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналарынан түскен арыз-шағымды 12 күн ішінде қарастырып, істі тергеу барысында заңның сақталуына баға беруді тапсырды", - деп жазды Руслан Желдібай.
Айта кетейік, бүгін Астанада орналасқан Азаматтарды қабылдау орталығына балалары әскерде жүріп қаза тапқан бір топ аналар арыз-шағыммен келген еді.