Қазақстанның үстел теннисінен ерлер құрамасы VI Ислам ынтымақтастығы ойындарының алтын жүлдесін жеңіп алды.
Бөлісу:
Фото: ҰОК
Финалда қазақстандық спортшылар Иран құрамасымен кездесіп, 8:1 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Ұлттық құраманың сапында:
Алан Құрманғалиев,
Айдос Кенжегұлов,
Кирилл Герасименко өнер көрсетті.
Бұл жеңіс Қазақстанның үстел теннисі тарихындағы маңызды жетістіктердің бірі болып саналады.