Анасынан ажыраған бес бала отбасымен қайта қауышып, жаңа пәтерге ие болды

/
Анасынан ажыраған бес бала отбасымен қайта қауышып, жаңа пәтерге ие болды
Видеодан скриншот

Ақтөбе тұрғыны Жұлдыз Тлеуфке мыңдаған қазақстандықтың қайырымдылық қорына аударған қаражаттары арқылы үш бөлмелі пәтер сыйланды, деп хабарлайды turkystan.kz BAQ.KZ—ке сілтеме жасап.

Әйелдің өміріндегі резонанс тудырған оқиғадан кейін қайырымдылық ұйымы Жұлдыз бен оның балаларына көмек көрсетуге шешім қабылдап, оларға екінші нарықтан жаңа пәтер сатып алды.

Отбасы жаңа пәтерге көшіп, қоныс тойға барлық қол ұшын берген, әлеуметтік белсенді азаматтарды шақырды.

Алматыдан белсенді Ақмарал Басированың айтуынша, билік Жұлдыз Тлеуфке жалдамалы тұрғын үй ұсынуды жоспарлаған, бірақ әкім ауысқан жағдайда пәтер олардың меншігінде қала ма деген күмән болған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары