«АЛТЫН ҚАЛАМ» ИЕЛЕРІН ТАПТЫ

«АЛТЫН ҚАЛАМ» ИЕЛЕРІН ТАПТЫ

«АЛТЫН ҚАЛАМ» ИЕЛЕРІН ТАПТЫ
ашық дереккөзі

ENRC және «Егемен Қазақ­с­­тан» газетінің бастамасымен ұйымдастырылған өнеркәсіп та­қы­ры­бына маманданған қазақ журналистері арасындағы ІІ республикалық «Алтын қалам» шығармашылық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Қазақ журналистері арасындағы рес­публикалық «Алтын қалам» шы­ғар­машылық байқауы екінші жыл қатарынан өткізілуде. Байқау мем­ле­кет­тік тілге нақтылы қолдау көрсетуге қазақтілді журналистердің кәсіби шеберлігін арттыруға, медиа-салада жаңа экономикалық ойлауды қалыптастыруға бағытталған. Бұл медиа-байқау ENRC компаниясының БАҚ-тағы мемлекеттік тілге қолдау көрсету жөніндегі стратегиялық бағдарламасының табысты жобасы болды.

Байқау қорытындысы бойынша, «Жас қазақ» республикалық газетінің экономика және талдау бөлімінің редакторы Г.Смағұлова жеңімпаз деп танылып, 500 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болды. 1-орынды «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің экономикалық шолушысы Жылқыбай Жағыпар мен Павлодар облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің тілшісі Нұрбол Жайықбаев бөлісіп, әрқайсысы 400 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы алды. Үшінші орынға «Дала мен қала» республикалық әлеуметтік-саяси басылымының журналистер тобының жетекшісі Нұрлан Жұмаханов, Оңтүстік Қазақстан облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінің экономика бөлімінің меңгерушісі Сұбханберді Оразалиев, Атырау облыстық «Мұнайлы Астана» газетінің бас редакторы Құттыгерей Смадияр ие болды. Олардың әрқайсысына 300 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық табыс етілді. «Үздік жас журналист» номинациясында «Алаш айнасы» республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газеті нарық бөлімінің тілшісі К.Сатиева 150 мың теңге ақшалай сыйақымен марапатталды.

08.12.2011

«Түркiстан-ақпарат»