ҰЛТ РУХЫНЫҢ СИМВОЛЫ

ҰЛТ РУХЫНЫҢ СИМВОЛЫ

ҰЛТ РУХЫНЫҢ СИМВОЛЫ
ашық дереккөзі
231

Атам қазақтың: «Ат аунаған жерде түк қалады»,– деп айтқаны бар. Бұл ұлағатты сөз ел үшiн бар жан-тәнiмен аянбай еңбек еткен тұлғалар тәлiмiнен алынса керек. Сондай тұлғалардың бiрi – мемлекет және қоғам қайраткерi, этнограф ғалым Өзбекәлi Жәнiбеков. Өзi өмiрден өтiп кетсе де артында iзi сайрап жатыр. Ол қай жерде қызметте болса да, ұлтқа, халық игiлiгiне пайдалы iстер атқарған.

Жәнiбеков еңбек жолын Шымкент об­лы­сының Абай ауылында мұғалiм болудан бас­тапты. Тарих пәнiнiң маманы. Бүгiнде шә­кiрттерiне сабағын қызықты өткiзгенi жө­нiнде көз көргендер айтып жүр. Ол оқу­шыларға тартымды сабақ өткiзiп қана қой­май, мектептiң iшкi шаруашылығын ұйым­дас­тыруда да тыңнан үрдiс туғызды. Жас жi­гiттiң алғырлығын байқаған аудан басшылары оны аудандық комсомол комитетiнiң хат­шысы етiп тағайындайды. Ол кезде аудан негiзiнен мақта өсiрумен айналысатын. Жастарды еңбекке жұмылдырып, ең­бек өнiмдiлiгiн арттыра бiлдi. Көп ұзамай iс­кер жанды облыс басшылары облыстық ком­сомол комитетiнiң хатшысы қызметiне ша­қырады. Бұл қызметте де ол халық ша­руа­шылығының қай саласында еңбек етiп жүр­ген комсомол жастардың белсендiлiгiн кө­терiп, жаңаша серпiн әкелген.

Ол еңбектi ұйымдастыруға ғана көңiл бө­лiп қойған жоқ, әлеуметтiк-мәдени, рухани салаларға да баса назар аударды. Сол кезде облыс орталығы Шымкентте Ленин мен орыс революционерлерiнен бас­қалардың ескерткiштерi болмайтын. Жә­нi­беков: «Неге бiздiң ұлт тұлғалардың ес­керт­кi­шi жоқ? Сонда ел болашағы үшiн аянбай ең­бек еткен жандар бiзде болмағаны ма? Бол­ғанда қандай! Солардың мүсiндерiн неге қала орталығына қоймасқа?» – деген ой құшағында жүрдi. Ақыры бұл iстi қа­зақ­тың тұңғыш комсомолдарының бiрi Ғани Мұратбаевтан бастауды жөн көрiп, нар тәуекелге барды. Әуелi қалалық партия комитетiнiң хатшысына кiрiп, өз ойын ашып айтып, ұсыныс жасаған. Нәсiлi бөлек жан Мұратбаевтың кiм екенiн бiлмесе керек. Содан ба, жоқ әлде басқа көлденең ойы себепшi болды ма, әйтеуiр қолдай қой­мапты. Бұл мәселе сенен шешiлмесе, об­ком­ның бiрiншi хатшысынан қолдау табар деп­ соның есiгiн ашады. Бiрiншi шегiр көзiн оның өңменiне шанши қадап: «Мұратбаев де­ген кiм?» деп сұрайды. Ол қысқа ғана түсiн­дiрген. Бiрiншi басын шайқап: «Облыс бюджетiнде қаржы тапшы. Ескерткiштi кейiнге қалдыра тұрайық», – деп шығарып са­лады. Алайда Өзбекәлi Жәнiбеков те алған бетiнен қайтпай, олармен ымырасыз күрес жүргiзедi. Мәскеудегi Бүкiлодақтық комсомол комитетiнiң кезектi мәжiлiсiне барған кезде, ВЛКСМ-нiң басшысы Тяжелниковке арнайы кiрiп, Ғани Мұратбаев туралы айта келе сөзiнiң соңында қаладағы комсомол ұйымының беделiн көтеру үшiн Шымкенттен ескерткiш қою қажеттiгi туындап отырғанын, облыстық бюджеттiң қаржы тапшылығын, мүмкiн болса осы игiлiктi iске көмек беруiн өтiнедi. Бiрiншi оның бұл айтқандарын құп алып, комсомол бюджетiнен арнайы ақша бөлгiзген. Ғанидың тас мүсiнi де сонда жасалып, Шымкент қаласының орталығына орнатылады. Осы iсте оның ұлт тұлғаларына деген аса үлкен құрметi, қайтпас қайсарлығы көрiнiп, қаладағы ұлт өкiлдерiнiң сүйiспеншiлiгiне бөленедi.. Республика жұртшылығы алдында өзiнiң де беделi көтерiлдi. Содан республика комсомол ұйымына бiрiншi басшылық қызметке шақырылды.

Өзбекәлi Жәнiбековтiң тұсында алғаш рет өнер, мәдениет, әдебиет, ғылым, өндiрiс са­лаларында еңбек етiп жүрген жастарға тұң­ғыш рет республика комсомол-жастар ұйы­мының сыйлығын беру қолға алынды. Ол сыйлық алғаш рет әдебиет саласынан жа­зушы Оралхан Бөкеевке, өнер саласынан Роза Рымбаеваға табыс етiлдi. Оның жалпы өнер адамдарына, ақын-жазушыларға iлтипаты ерек­ше едi. Ал Мәдениет министрiнiң орынбасары кезiндегi, «Гүлдер», «Айгүл», «Адырна», «Арқас», «Сазген», «Алтынай» ансамбльдерiн қа­лыптастыруда, 1943 жылдан берi үзiлiп қал­ған ақындар айтысын халық алдына қайта шы­ғаруда, Түркiстандағы көптен қараусыз қал­ған Қожа Ахмет Иассауи кесенесiн қайта қал­пына келтiруде, Ленинград Эрмитажынан Тай­қазанды әкеп, құтты орнына қондыруда ат­қарған қыруар iстерi өз алдына бiр төбе. Сон­дай-ақ оның «Жаңғырық», «Қазақ киiмi», «Тағдыр та­­ғылымы», «Уақыт керуенi», «Жолайрықта» се­кiл­­дi ең­бектерi ұлттық этнографияға қосқан тамаша үлес әрi құн­ды ғылыми еңбектер.

Жаңа құрылған Торғай облыстық партия ко­митетiне идеология хатшысы болып барған кез­де де ақын-жазушыларды арнайы шақырған. Жә­нiбеков солармен облыс жұртшылығының кез­десуiн өзiнiң екi томдық кiтабында естелiк ре­тiнде жазыпты. Сол естелiгiнде Жұбанның «Мен қазақпын!» өлеңiнiң мәнiне үлкен мән бере отырып, әрi қарай былай сабақтайды.

«…Бұлай деп кезiнде Жұбан ақын ғана айта алған. «Мен қазақпын!» деген өзiнiң отты тұжырымын ол 1986 жылғы қанды оқи­ға кезiнде Колбин мен оның сыбайластарына да айтты. Кiм бiлсiн, сол күндерi Алматыда болсам, мен де тоқырау заманының оз­быр­лығына қарсы шыққан жастардың арасын­да болар ма едiм, оны тағдыр менiң пешенеме жаз­бапты. Әйтсе де азулы да ашулы ақынның әдi­лет­сiз­дiкке қарсы айтқан отты сөздерiнен алған әсе­рiм қажағаймен тайға таңба басқандай кiмдi бол­са да бейтарап қалдырмайтын едi. Жұбан си­яқты арыстар өмiрге анда-санда келедi.

Егер тарихи шындыққа жүгiнсек, отызын­шы жылдардағы қолдан жасалған аштық-жа­лаңаштық, қуғын-сүргiн, көршi елдерге қоныс аудару кезiнде опат болған 3 млн.-ға жу­ық халықтың әр қайсысынан үш адамнан өр­бi­ген­де де қазiргi қазақтың санына 9 млн. адам қо­сылған болар едi. Жұбан ағаның «Мен – қа­зақпын мың өлiп, мың тiрiлген», – дейтiнiнiң түп­кi мәнi де осында жатыр. Өкiнiштiсi, өзiмiздi қор­ғай да, сақтай да алмадық. «Оқасы жоқ» де­сек те жан-жағымызға қарайлап қырағы бо­лай­ық, ағайын».

Жәнiбековтiң жазушы Сәбит Мұқановқа деген көңiлi де ерекше едi. Оның шығармаларын жас кезiнде сүйсiнiп оқығаны былай тұрсын, Мә­дениет министрiнiң орынбасары қызметiнде жүр­генде талай рет дәм-тұздас болып, сағаттап сөй­лессе де ерiнбей-жалықпай тыңдай бергiсi ке­ледi екен. «…1972 жыл. Құрамында Жұбан Мол­дағалиев те бар Сәбит Мұқанов бастаған бiр топ жазушы Сырбай Мәуленовтiң 50 жылдығына байланысты Торғай облысына келетiн болды. Облыс ендi ғана құрылған. Арқалықта керек десеңiз, Мәдениет үйi де, мейманхана да, тiптi ресторан да жоқ уақыт болатын. Мерейтойдың ашылу салтанаты Құрылысшылардың клубында өттi. Ал қонақтарды қала сыртындағы жасанды көл жағасында тiгiлген екi киiз үйде күтiп алуға тура келдi. Менiң Сәбеңдi өзiнiң «Сұлушаш», «Адасқандар» поэмасы мен романының оқиғалары өрбiген жерлерге алып барып, әңгiмесiн тыңдап, қызығына батсақ деген ойым бар едi. Бағдарламаны да соған орай құрастырдық.

Келесi күнi Амангелдi ауданындағы Сары­тор­ғай жылқы зауытында болдық. Халықтың Сә­беңе, Сырбайға деген ықыласының шегi жоқ едi. Мұнда да жұрт екi ақ үйдi қатар тiгiп қар­сы алды….Кешкi кездесуден кейiнгi дәм үстiнде кең­шар­дың директорын оңаша шақырып алып: (ол өзi бiр жеңiлтектеу жiгiт болатын) «Сәбеңнiң қа­сына жұбайы Мәриям апай ерiп келген екен, әлгi өздерiңнiң «Торғай түрi», «Алты ауыл» атты осы өңiрге кеңiнен тараған кiлемдерiңнiң бiр­iн сыйға тартсаң орынды болар едi»,– десем, директор жiгiт:

– Сонда не, Сәбит бiздiкiне келдi деп кең­шар­ды таратып жiберуiм керек пе? Жылқы сой­дым, қой сойдым, сол да жетедi ғой,– деп қал­ды.

Мен өзiмдi қоярға жер таппай ашу-ыза кер­неп:

– Ей, оңбаған, бұл не дегенiң? Сәбең сенiң үйi­ңе екiншi рет келедi ме, келмейдi ме, ол жа­ғы бiр құдайға мәлiм. Бiрақ сен сияқты көр­генсiз әлi талай рет Сәбең бiздiкiнде болып едi деп, балаңның баласына мақтаныш се­зiммен айтатын боласың. Бүкiл ел қадiр тұтатын атамыздың атын саудаға салатындай, сен кiм едiң? Сен не Сәбеңнiң үйiнде кi­лем жоқ деп ойлайсың ба? Әлде мен саған кең­шар­дың есебiнен сатып алып бер деп отырмын ба? Кiлемiңдi жамылып жата қал, онда ме­нiң жұмысым жоқ. Арқалыққа барған соң тоқ­машылардан өзiм-ақ сұрап аламын. Олар сен сияқты надан емес. Өздерi-ақ алып барып, сыйлыққа тартатын болар.

Осыны айтып, Мәскеуге ертемен ұшатын ұшаққа үлгеру үшiн үйге кiрiп, қонақтармен қоштасып, шығып кеттiм.

Ертеңiне жазушылардың делегациясын Иманов атындағы кеңшардың Үрпек деген аулында ешкiм қарсы алмай (шамасы уақытын шатастырған болса керек) жалғыз түп ағаштың көлеңкесiнде отырып қалыпты. Сәбең шыдай алмай:

– Апыр-ай, ит байласа тұрмайтын жер екен!-– дептi.

Мұны естiп қалған Ғафу Қайырбеков:

– Сәбе, бұл не дегенiңiз, әркiмнiң туған жерi өзiне алтын бесiк емес пе? – деп өкпесiн ай­тыпты.

Сонда Сәбең:

– Ей, Ғафу, мен сен жөнiнде айтып жатқан жоқ­пын. Байқадың ба, обком хатшысы кеше неге қабағы салыңқы, бiр нәрсеге ренжiгендей кейiп­пен бiзбен қоштасып түнде кетiп қалды? Сенiң мыналарыңды тәртiпке келтiру үшiн бұл адамға үлкен күш жұмсау керек шығар,– дептi.Ертеңiне бұл әңгiме Мәскеудегi маған жет­кеннен кейiн аудандық партия комитетiне те­лефон соғып, қандай үйде қарсы алудан дастарқан мәзiрiне дейiн тәптiштеп тапсырма беруге тура келдi».

Өзбекәлi Жәнiбеков мұнда келгенше об­лыс­тағы кiтап дүкендерiнiң саны төртеу-ақ екен. Кiтап саудасы мүлдем артта қалған. Кей­бiр аудандарда азық-түлiк дүкендерiнiң бiр бұры­шы­нан бар-жоғы 40–50 кiтапқа ғана орын бе­рiл­ген. Соның өзiнде көбiсi орыс тiлiндегi басы­лым­дар. Таза қазақы аудан болып саналған Амангелдi, Жанкелдин аудандарына бөлiнген кiтаптардың 80 пайыз үлесi орыс тiлiнде. Ол үш жылдың iшiнде облыстан 79 кiтап дүкенiн ашып, ондағы кiтаптардың 80 пайызын қазақ тiлiндегi басылымдарға жеткiздi. Кiтап саудасын орнықтырып, ретке келтiрдi

Ол ұлттық баспасөзге жазылу жағын да кө­тердi. Қазақстан Компартиясы Орталық Ко­митетiнiң насихат бөлiмiнiң меңгерушiсi А.Плотников арнайы телефон шалып:

– Сiздерде қазақша басылымдарға жазылу­шы­лар саны неге көбейiп кеткен?- дейдi зiлдi үн­мен.– Бұған сiздiң жүрегiңiз неге ауырады? – дейдi Өзбекәлi Жәнiбеков салмақты үнмен. – Әлде сiз мұны орыс газеттерiнiң есебiнен жүргiзiп жатыр деп ойлап тұрсыз ба? Сөз саптауыңызға қарағанда, мұндай шаруаның бұйрықпен бiте қой­майтынын түсiнгiңiз келмейдi ғой деп ойлаймын. Бiлгiңiз кесе, айтып берейiн, қазақ ауылдарында подворный обход жасап, түсiндiру жұмыстары арқылы қазақ басылымдарына жазғызып жатырмыз. Келiп көргiңiз келсе, қонағымыз боларсыз,– дедiм.

– Жо-жоқ, әшейiн сұрап жатқаным ғой, сен дұрыс түсiн,– дей берiп едi.Бiреулер маңдай терiн төгiп, жұртты қазақша газет-журналдарға жазғызып жатса, олардың iстеген еңбегiн әртүрлi саққа жүгiртетiн болсаңыздар, жарыған екенбiз. жол­дас бөлiм меңгерушiсi, – деп тұтқаны орнына қойды.

Бұл өмiрiнде үлкен қызметтерде жүрiп, дүние-қызылға арбалмай, атақ-мансапты мансұқ етпей, халқы үшiн бойындағы барын берiп, адал қызмет еткен Өзбекәлi Жәнiбеков туралы әңгiменiң бiр парасы ғана.

27.10.2011

Көлбай Адырбекұлы

Серіктес жаңалықтары