Алға – Ақтөбе автожолында Toyota Camry және Toyota Highlander автокөліктері соқтығысты, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Жол апатынан Toyota Camry автокөлігінің төрт жолаушысы қаза тапты, ал Camry жүргізушісі мен Highlander автокөлігінің бір жолаушысы ауруханаға жеткізілді», – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Тиісті сараптамалар тағайындалып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Полиция жүргізушілерден жол жүру ережелерін қатаң сақтауды, жолда мұқият әрі жауапты болуды сұрайды.