2008 жылы туған жігіт 4 тамызда 15:50 шамасында теңізге батып кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оқиға 4А шағын ауданындағы Caruso мейрамханасы маңында болған. Бозбала арнайы жабдықталмаған жерде шомылып жүрген.
Марқұмның денесі теңізден табылып, судан шығарылды.
Куәгерлердің айтуынша, олар жігіттің бата бастағанын көрген. Оған көмек көрсету үшін үрмелі шеңбер лақтырған, бірақ оны толқын алып кеткен. Қатты ағыс жас жігітті су түбіне тартып әкеткен.