Қазақстан – Қытай автокөліктері сатылатын ТОП-10 нарықтың бірі болып отыр

/
Қазақстан – Қытай автокөліктері сатылатын ТОП-10 нарықтың бірі болып отыр
istockphoto.com

2025 жылдың алғашқы жартысында Қытай Қазақстанға 77,6 мың автокөлік жеткізді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе көп, деп хабарлайды turkystan.kz.

Осы көрсеткіштің арқасында Қазақстан Қытай көліктерін ең көп импорттайтын елдердің жаһандық рейтингінде оныншы орынға шықты.

Жалпы, Қытай алты айда 3,08 млн автокөлік экспорттады, оның ішінде 1,06 млн электр қозғалтқышы бар көліктер (NEV). Ең үлкен үлесті Chery (544 900 дана) және BYD (443 100 дана) брендтері қосты, соңғысы жеткізілімдерді бірден 118 %-ға ұлғайтты.

Бұған дейін біз Қытай автокөліктерінің Қазақстанда танымалдығы артқанымен, олардың сапасына қатысты шағымдар да күрт көбейгенін хабарлағанбыз. Тек 2024 жылдың өзінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті қытайлық көліктердің ақауларына байланысты 57 өтініш тіркеген. Кейбір жағдайларда сатып алушылар сот арқылы ақшасын қайтарып немесе көлікті ауыстыруға қол жеткізген.

 

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары