«АРАЛ КҮНДЕРI» ФЕСТИВАЛI

«АРАЛ КҮНДЕРI» ФЕСТИВАЛI

«АРАЛ КҮНДЕРI» ФЕСТИВАЛI
ашық дереккөзі

Қызылорда облысы, Арал ауданында «Арал күндерi» фестивалi өттi. Былтырдан берi дәстүрлi ұйымдастырылып келе жатқан мереке биыл Тәуелсiздiктiң 20 жылдығына арналды.

Мерекелiк шара «Даңқ» алаңы­ның ашылуымен басталды. Бұл Тәуелсiздi­гi­мiзге 20 жыл, Желтоқсан оқиғасына 25 жыл толуына орай және аудан көлемiнде жарияланған «Мың бала» жылы аясында салынды. Биiктiгi 20 метрлiк ескерткiштiң үш жағына қазақ мемлекетiнiң iргесiн қалаған тұлғалар мен батырлардың есiм­дерi жазылған. Аралдықтарға тағы бiр тарту – «Ғашықтар» алаңының ашылуы болды. Осы жерде Қыз Жiбек пен Төлегенге ескерткiш қойылды. Оның ашылу салтанатына кинода Қыз Жiбек пен Төлегеннiң рөлiн сомдаған Қазақстанның Халық әртiсi Құман Тастанбеков пен Қазақстанға Еңбек сiңiрген әртiс Меруерт Өтекешова арнайы шақырылды. Өнер майталмандары осы күнi некесiн қиған жас жұбайларға батасын берiп, неке жүзiктерiн тақты. «Арал күндерiнде» қаз қатар киiз үйлер тiгiлiп, бабалар рухына арналып ас берiлдi. Ақындар айтыс көрiгiн қыздырып, жұртшылықты сөз өнерiмен сусындатты. Мереке кешкiсiн орталық алаңда өткен концертке ұласты.

Арал ауданының әкiмi Нәжмадин Мұсабаев: «Даңқ алаңында Тәуел­сiздiктi аңсаған, қазақ мемлекетiнiң iрге­тасын қалаған Әз Тәуке хан бастаған Қазыбек би, Төле би, Әйтеке би бастаған үш би, осы өңiрден жоңғар шапқыншылығына «Мың бала» жасақ­тарына қатысқан 20 батырдың есiмi жазылған» дейдi. Ал ҚР Халық әртiсiҚұ­ман Тастанбеков: «Ұмытылмас күн шы­ғар бүгiн. Осыдан 40 жыл бұрын «Қыз Жiбектiң» Алматыда премьерасын өткiзiп, ең бiрiншi гастрольдi осы қаладан бастаған едiк», – деп өткендi еске алды.

27.10.2011

Динара ДҮРМӘН