ВАШИНГТОН ӨЗБЕКСТАНДЫ ӨБЕКТЕУДЕ
ВАШИНГТОН ӨЗБЕКСТАНДЫ ӨБЕКТЕУДЕ
Америка Өзбекстанды Ресей ықпалынан шығару үшiн, Каримовке кепiлдiк бермек. 22 қазанда АҚШ-тың мемлекеттiк хатшысы Хиллари Клинтон екi күндiк ресми сапармен келмек.
Вашингтон соңғы жылдары осымен екi рет жақын қарым-қатынас орнатуға талпынуда. Бұл оларға Ауғанстан үшiн керек. Бiрақ Өзбек тарапы бұл келiсiмнен американдық инвестицияларды елге тартып, жоғары деңгейде пайда табуды көздейдi және Мәскеумен қарым-қатынасын үзгiсi келмейдi. Хиллари Клинтон ханымның Ташкенттегi күн тәртiбi жайында Өзбекстанның Сыртқы iстер министрлiгiндегi өкiлi «екi жақты қарым-қатынас мәселелерi – инвестициялар, сауда, ғылым және аймақтық дәрежедегi проблемалар қарастырылады» деумен.
Бұған дейiн Өзбекстанға АҚШ-тың Ауғанстан мен Пәкiстан жөнiндегi арнайы өкiлi Марк Гроссман және Германия министрлер кабинетiнiң Ауғанстан мен Пәкiстан жөнiндегi арнайы өкiлеттi өкiлi Михаэль Штайнер келген. Олар Ташкентке «Ауғанстанды экономикалық тұрғыдан қайта түлету» аясында келген екен. Кейбiр мәлiметтерге қарағанда, бұл кiсiлер Өзбекстан президентi Ислам Каримовпен басқа да мәселелер талқылаған көрiнедi.
Ташкент мұндай дәрежедегi батыстық қонақтарды қабылдамағалы көп болмаған. Каримов режимi диктаторлық деп есептелiнедi. Және адам құқығын бұзғандығы үшiн, АҚШ-тың тарапынан, басқа да НАТО елдерiнiң сынына ұшырап келедi.
Бiрақ Өзбекстанмен АҚШ арасында қарым-қатынастың жандануына Ауғанстанға әскери база енгiзу үшiн транзиттiк база қажет болып отыр. Қырғызстандағы «Манас» әуе жайы Мәскеудiң қысымы салдарынан жабылған едi. Американдықтар мен оның одақтастары қауiпсiз шегiну алаңын iздестiруде. Елдегi жағдай әбден ұшыққан Пәкiстан бүгiнде қауiптi аймаққа айналған. Ресей арқылы салынған жолда Мәскеу қару-жарақ тасуға тыйым салғандықтан, бұл жол да тиiмсiз. Сондықтан да олар Өзбекстанды жағалап отыр.
Есенгүл Кәпқызы