«АҚШ-қа ұшып бара жатырмын»: Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегі туралы айтты

/
«АҚШ-қа ұшып бара жатырмын»: Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегі туралы айтты
instagram

WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегін 2025 жылдың қараша айының басында өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды turkystan.kz сайты Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық боксшы әлі де WBC тұжырымының чемпионы, Доминикан Республикасынан шыққан Карлос Адамеспен біріккен жекпе-жек өткізуді көздейді.

«АҚШ-қа ұшып бара жатырмын. Қарашада жекпе-жекке дайын боламын! Адаместе енді санаулы ғана мүмкіндік қалды. Егер ол келіспесе, мен өз белбеулерімді басқа боксшылармен қорғайтын боламын. Сондықтан оған және оның менеджерлеріне айтарым — уақыттарың таусылып жатыр! Мен қараша айының басында дайын боламын», — деп жазды Әлімханұлы X әлеуметтік желісінде.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары