Әйелді итеріп жіберген Амантай қажы екі жылға сотталуы мүмкін

/
Әйелді итеріп жіберген Амантай қажы екі жылға сотталуы мүмкін
Коллаж: Turkystan.kz

Алматыда 83 жастағы қоғам белсендісі – Амантай қажы әйел адамды баспалдақтан итеріп жібергеннен кейін оған қатысты қылмыстық іс қозғалған болатын, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алматы қалалық Полиция департаменті Tengrinews.kz-тің сауалына жауап ретінде бұл оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы «Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру» бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлаған.

Аталған бап бойынша жаза ретінде 1000 АЕК-ке дейін (2025 жылы 1 АЕК – 3 932 теңге, жалпы 3 932 000 теңгеге дейін) айыппұл салу немесе түзеу жұмыстары, не қоғамдық жұмыстарға 600 сағатқа дейін тарту, не екі жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

«Дене жарақатының ауырлық дәрежесін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қылмыстық іс бойынша кешенді тергеу шараларының нәтижесі бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады», – делінген Алматы ПД-нің жауабында.

Айта кетейік, БАҚ мәліметінше, зардап шеккен әйелдің жасы – 76-да. Оның аты-жөні – Биғайша Бектенбаева, ол спорт кешенде медбике болып жұмыс істейді. Әйелдің айтуынша, ол таңертең баспалдақ алдында Амантай қажымен амандасқан. Алайда амандасудың орнына ақсақал оны итеріп жіберіп, артына қарамай кетіп қалған.

Салдарынан әйелдің жамбас сүйегі сынып, ол ауруханаға жатқызылған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары