Шығыс Қазақстанда үздік спортшыларға қаржылай сертификат табысталды

/
Шығыс Қазақстанда үздік спортшыларға қаржылай сертификат табысталды
gov.kz

Спорт күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облысында халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Іс-шараға спортшылар, жаттықтырушылар, спорт ардагерлері мен өңірдің спорт қоғамдастығының өкілдері қатысты.

Салтанатты жиында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов құттықтау сөз сөйлеп, спорттық жетістіктер – бұл тек жеке жеңістер емес, бүкілоблыс пен ел үшін үлкен мақтаныш екенін атап өтті.

«Бүгін біз Қазақстанды әлем аренасында танытып жүрген азаматтарды құрметтейміз. Сіздердің табандылықтарыңыз бен таланттарыңыз және еселі еңбектеріңіз – жастар үшін үлгі,әрі бұқаралық спорттың дамуына зор серпін береді», – деді өңір басшысы.

Мақтанышқа айналған ең басты оқиғалардың бірі – семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасының Тбилиси (Грузия) қаласында өткен әлем чемпионатындақола жүлдеге ие болуы болды. Руслан Курбанов, Эльмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов және Кирилл Проходов командалық жарыстарда тұңғыш рет жеңіс тұғырынан көрініп, 9 дүркін Олимпиада чемпионы Франция құрамасын жеңді.

Азия чемпионатында (Сингапур) көркем гимнастикадан жоғары нәтиже көрсеткен қыздарымыз да жеңіске жетті. Топтық жаттығуларда олар 5 шеңбермен және 10 булавамен финалда екі алтын медаль, сондай-ақ көпсайыс пен командалық есепте екі күміс медаль жеңіп алды. Команда құрамында: Евгения Вендиревская, Әлия Бақытқызы, Ксения Шимолина, Томирис Вахлова, Елизавета Егорова және Анастасия Чащина. Жаттықтырушылары – бас бапкер Анара Жантасова – спортшыларды даярлаудағы еңбегі үшін арнайы марапатқа ие болды.

Жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында (Гуми қаласы, Оңтүстік Корея) күміс жүлдеге ие болған Елизавета Матвеева да өңір абыройын асқақтатты.

Салтанатты рәсім барысында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге облыс әкімінің Алғыс хаттары және ақшалай сертификаттар табысталды.

Спорт ардагерлері – Василий Васильченко мен Әбілқайыр Иманбековке де спорт саласына сіңірген еңбектері үшін ерекше алғыс айтылды.

Семсерлесу спортының дамуына елеулі үлес қосқан ШҚО семсерлесу федерациясының президенті Игорь Грязновқа да Алғыс хат табысталды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары