АРҚАНЫ БЕТКЕ ҰСТАҒАН ЕЛ

АРҚАНЫ БЕТКЕ ҰСТАҒАН ЕЛ

АРҚАНЫ БЕТКЕ ҰСТАҒАН ЕЛ
ашық дереккөзі
400

Көне тарихта әлi бiз бiлмейтiн сыр көп. Қазақ халқы ел болып ұйысқанша қаншама зұлматты бастан кешпедi. Анталаған жауымен жағаласып жүрiп, ащының да, тұщының да кермек дәмiн татты. Қиыр жайлап, шет қонған халықтың тағдыр-талайының iздерi ауызша тарихта да, жазбаша тарихта да сайрап жатыр.

Қазақ халқы өз алдына ел болып, шаңырақ көтерген ХV ғасырдан бастапақ, жанжақтан шапқан жаулармен сандаған жылдар бойы аянбай айқасқан. Арғысы қатыгез қалмақтар мен жоңғаройраттар салған ойрандар, бергiсi Қоқан, Бұхара, Хиуа салған бүлiктер қазақтың тыныш жатып өркендеуiне жол бермей, сергелдеңге салғаны рас. Сондай шақта Ақтанбердi жырау азаматтың намысын қайрап, елдi бiрлiкке былай деп шақырды:

Көк көгершiн, көгершiн,

Көкқұтан ұшар жем үшiн.

Көк шекпенiн бөктерiп,

Ерлер шабар мал үшiн.

Қамыс құлақ жылқы үшiн,

Тұтам емшек бие үшiн,

Қатынбала қамы үшiн,

Теңкиген қара саба үшiн,

Әркiм өзi талпынбақ,

Басына бiтер бағы үшiн.

Бастары бiрiкпей жауын жеңе алмасын бiлген қазақ бiр жеңнен қол, бiр жағадан бас шығарып, үлкен күшке айналды. Абылайдай алыптар атойлап жауға қарсы шапты. Сол қанды жорықтарда ерлiк танытқан Кенжебай мен Кенбай батырлардың есiмi ел аузында аңыз болып қалды. Ел азаттығы жолындағы айтулы жорықтарда, шешушi шайқастарда көрсеткен ерлiктерi кейiнгiге үлгi болды.

Кенжебай мен Кенбай Кiшi жүздiң керейт руынан шыққан батырбаһадүрлер. Көнеден келе жатқан Керейт ұлысы туралы орта ғасырдың заманауи бiлiмпаздары Әбiлғазы баһадүр, Махмуд Қашқари еңбектерiнде аз айтылмайды. Шоқан Уәлиханов, Бартольд, Аристов, Аманжоловтың зерттеулерiнен де мағлұматтарды жиi кездестiруге болады. Қалай айтқанда да Керейт руының тарихы әрiде жатыр.

Тарихи шежiре ықылым заманда қаңлылар мен керейттердiң түбi бiр туыс болғанын, қерейлер мен керейттердiң бiр бұтақтан тарайтынын, тiптен ІХ – ХІ ғасырлар бедерiнде Керейттер өз алдына жеке хандық құрғанын, атақты Шыңғыс ханның билiк басына келуiндегi керейттердiң ықпалын қадауқадау деректермен келтiрген. Негiзiнен тұтас Керейттi екiге бөлген Алтын Орда мемлекетi. Бiзге жеткен деректерге сүйенсек, Қазақ хандығы құрылған кезде керейттердiң оңтүстiк бөлiгi өзiнiң байырғы аты – керейттi сақтап қалған. Ал шығыс пен орталықтағы керейттер керейлер атанып кеткен. Тарихи шежiренiң бiлгiрлерi атанған Мұхамеджан Тынышпаев пен Сәрсен Аманжоловтың пiкiрлерi мен тұжырымдары осыған саяды.

Кенжебай мен Кенбай керейттердiң батырлары ғана емес, көшбасшы көсемдерi де болған екен. Тарихты зерттеушi ғалымдар бұл екеуiн әлi толық зерттей қойған жоқ. Олар туралы ауызша жеткен деректер болмаса, жазбаша зерттеулер бiздiң қолымызда жоқ. Сол ауызекi айтылған аңыздарда Кенжебай алыа тұлғалы, еңселi бойлы аттылы жанның бойындай екен. Ол қартайған кезiнде де аңға шығып, аюды жалғыз өзi ұрып алған көрiнедi. Сол кезде де қайратының қайта қоймағаны кiмкiмдi де қайран қалдырары даусыз. Ел мен Жердiң азаттығы, халқының бостандығы, құлдық пен күңдiктен құтқару жолында бар өмiрiн қиянкескi күреспен өткiзген қос баһадүр Мүсiрәлi әзiз сопының тiкелей ұрпағы Амандық әулиенi бас қылып, Сыр бойынан Сарыарқаға қарай көш бастаған. Тағдырдың қыспағынан босқан ел Арқаның белесбелес белдерiнен асып, шөлдi жерлерiн басып, бiрнеше ай жол жүрiп, арыпашып, өзектерi талған шақта дiттеген жерге жетсе керек. Жолай ауыр жол азабынан жан тәсiлiм еткендерi қаншама. Жүк артқан түйелерiн шөгерiп, шаңырақ көтерген. Тарихшылардың айтуына қарағанда, бұл ХVІІІ ғасырдың бiрiншi ширегi.

Қалың ел сонда Сырдан ауа көшкен,

Аш өзек, жұтақы жұрт танады естен.

Бiз өлсек өлермiзау, бар ма азамат,

Ұрпақты аман алып қалар дескен.

Амандық әулие елдiң ес тұтқаны

Тәуекел деп Арқаны бетке ұстады.

Тоқсанында атқа салт жүредi екен,

Ел қамымен ол қайта түлеген екен.

Тоқпақ жалды Көкдауыл астындағы,

Қылп еткенiн жануар бiледi екен.

Өзегi талып жеткен көшкеруендi мұндағы Арғынның итқұл руының атқамiнерлерi Кенжебай мен Олжабай құшақ жая қарсы алған. «Көңiл жарасса, жер жетедi, Кенжебай! Ендi қос Кенжебай болып қатар отырайық!» – деп атабаба дәстүрiмен малын сойып, тұтас елге құрмет көрсетiп, ыстық ықыласпейiлдерiн танытқан. От тiлдi ақынжыраулардың бiрi «Қасқатау» дастанын өмiрге әкелдi.

Сол ортаға Керейт кеп қоңсы қонған,

Қонғандағы ауыл – үй орта толған.

Төс түйiскен екi ру, екi ауылды,

«Тау бауыры – Қасқатау» дейтiн болған.

Содан берi бiрбiрiн бауыр басқан,

Ынтымағы, пейiлi һәм жарасқан.

Қыз алысқан, қыз берiп құдажекжат,

Ол аз десең «Тоз» болып қауымдасқан.

Содан берi бұл ауыл бiр туғандай,

Сұрамайды руыңды, ұлтың қандай,

Мақсатмұңы, үмiтi, тағдыры ортақ,

Жақсылыққа әманда ұмтылғандай.

Бiзге жеткен осы жырда қаншама сыр жатыр. Елдiң бiрлiгiнiң тамыры тереңде жатқанын, үмiтi мен тағдырталайларының бiрге болғанынан хабар бермей ме. Мiне, содан берi үш ғасыр өтiптi. Итқұл – керейттiң бас қосқан сол бауырластығы Абылай ханның 300 жылдығымен қатар келiп отыр. Ру мен ру бiрiксе Ел болады. Ал бiрiккен Ел үлкен күшке айналады. Қалай айтқанда да бұл аса маңызды тарихи кезең. Сол Кежебай мен Кенбай бабаларымыздың асыл сүйектерi осындағы қорымдардың бiрiнде жатыр. Одан берi де бұл ел қилықилы заманды бастан кештi. Ал бiрақ ел үшiн жанын аянбаған Кенжебай мен Кенбайды ұрпақтары жадынан шығарған емес.

Алқалы жиында сөз бастап, қан мен қараны ел бiрлiгiн ойлауға шақырған Амандық әулиенiң жөнi бөлек. Оның сондай жиындарда айтқан тәлiмi мол нақыл сөздерi аз емес. «Ер түн қатып жүрiп қалғымаса, атқа мiнiп несi бар, Хан халқын ойлап қайғырмаса, таққа мiнiп несi бар» дегенi жұрт аузында. Қара орманды Қасқатаудың етегiне елiн жайландырып, көңiлi орныққан кезде Мүсiрәлi бабасы түсiнде аян берiптi. Орнынан тұрып, Кежебай мен Кенбайды шақырып алып: «Бесқарағайдың түбiне ұсталықтың белгiсi деп көмiр көмiп, басына зергерлiктiң белгiсi деп жез шеге қағып қойыңдар», – деген екен. Соған қарағанда сол жер елiне құтмекен болатынын, сол жерде өсiпөнетiнiн бiлген ғой, жарықтық. Содан соң көп ұзамай таң намазының үстiнде бақилыққа аттанып кеткен. Елжұрты мәйiтiн Түркiстанға алып барып жерлейдi. Оны Шоңбай Жұманұлы абыз 1945 жылы өлеңмен жазылған жыршежiресiнде әдемi өрнектеген. Қазiргi ұрпақтары әркез Түркiстандағы ҚұлҚожа Ахмет кесенесi жанындағы қабiрстанға барып, бабаға дұға бағыштап келедi.

Кеңес өкiметi кезiнде Пiшенбай, Жаппар, Бабыржан, Әлкебай, Жолдас, Нұртай, Бекқожа сынды жандар колхоз, совхоз басқарып, ел үшiн аянбай еңбек еттi. Екiншi дүниежүзiлiк соғыста бұл ауылдан алпыс боздақ елге қайта оралмады. Олардың есiмдерi ауыл ортасындағы обелискiде тасқа ойып жазылған. Бүгiнгi және кейiнгi ұрпақтар оларды ешқашан да ұмытпақ емес. Бұлардың бәрi бабаларымыз Кенжебай мен Кенбайдың ұрпақтары, бiздiң аяулы ағаларымыз.

Ауыл қазақтың – бесiгi. Адам бойындағы бүкiл жақсы қасиеттерi де, жаман әдеттерi де ауыл бесiгiнiң түзулiгiнде. Ауылды сақтағанымыз – қазақты сақтағанымыз. Ал қазақ дегенiмiз ең алдымен ұйысқан ұлт, салтдәстүр, қазақы ғұрып, қазақы болмыс. Бүгiнгi Кенжебай мен Кенбай ұрпақтары ұлттық сипатымыздың бәрiн сақтап, бабалар аманатына адалдықтарын бiлдiрiп отыр.

Өткен тарихын ұмытқан халықта болашақ болмайды. Тәуелсiздiк бiзге тарихымызға қайта қарап, ел үшiн жан аямаған батырларымызды түгендеп, жаңаша ой қорытуымызға зор мүмкiндiк жасап отыр. Республиканың әр аймағынан Кенжебай мен Кенбай ұрпақтары, жергiлiктi аяулы жандар – Мәтен Бижанов, Гүлжәмила, Назымбек, Өмiрбек, Кәрiм, Болат, Зорлық, Қайролла, Бопан сынды кiсiлер аянбай халыққа қызмет көрсеттi. Алыстан ат арытып келген, ғылымға еңбегi сiңген Жауғашты Ахметов, Нариман Жалғасұлы, Табынбай Сейтжанов, Тұрмағамбет Асанов және Абдат Бапалақов бастап келген ағайындар мен тағы басқалар бабалардың 300 жылдық мерекесiне орай Қасқатаудың етегiндегi қанатын кеңге жайған ауылға жиналып, еңселi құлпытас қойып, салтанатты жиында баяндамалар жасап, дұға бағыштап, тағзым еттi. Ұлттық спорт түрлерiнен – бәйгеден, күрестен, зiлтемiр көтеруден жарыстар өттi. Жеңiске жеткендерге бағалы сыйлықтар табыс етiлдi. Соңынан халық таланттарының концертi болды. Батыр бабаларымыз Кенжебай мен Кенбайға арналған бұл игi iстер дүйiм елдiң рухын көтердi.

Құрманғали АШАНОВ,

кәсiпкер

13.10.2011

Серіктес жаңалықтары