ТҮРКIСТАН ЛЕГИОНЫНЫҢ АҚИҚАТЫ

ТҮРКIСТАН ЛЕГИОНЫНЫҢ АҚИҚАТЫ

ТҮРКIСТАН ЛЕГИОНЫНЫҢ АҚИҚАТЫ
ашық дереккөзі
280

Свастика мен қызыл жұлдыз арасындағы жанталас

Лагердегi жағдай күннен-күнге нашарлап бара жатты. Тұтқындарға бiр апта бойы жейтiн тамақ берiлмедi. Күнде жүзден астам тұтқын аштықтан, шөлден, сондай-ақ түрлi аурудан көз жұматын. Бiр күнi таңертең алаңның бiр бұрышына орнатылған репродуктордан тамақ берiлетiндiгi хабарланды. Сонымен қатар, тамақ таратылып жатқанда тәртiп бұзылар болса, тұтқындарға оқ жаудырылатындығы да ескертiлдi. Асхана алдында кезекке тұрған тұтқындар кезектерi келгенде өздерiне тиесiлi елу грамм нан мен жарты литр сорпаны ала бастады. Сорпаны консервi құтыларына, құтылары жоқтар бас киiмдерiне толтырып алып жатты. Сорпасы мен нанын алған тұтқындар жолдастарынан терiс айналып, нақ бiр күнә iстеп тұрғандай тығылып жей бастады.

2. ТҰТҚЫНДЫҚ ӨМІР МЕН ФАШИСТ ЛАГЕРЛЕРІ

«Бiз бұл жолды бiрге жүрiп өттiк» романынан консервi құтыларының тұтқындар үшiн ең бағалы заттардың бiрi болғандығын көруге болады. Тұтқындар зорға тапқан құтыларын жандарынан еш тастамайтын. Сондықтан консервi құтысын екi жанынан тесiп, сол тесiктерден өткiзген жiппен күндiз белдiктерiне байлап, ал түнде бастарына жастап, қорғап жататын.

Сорпа дегендерi жасыл түстi бiр сұйықтық, ал нан дегендерi тас пен сабан араласып кеткен, әрi кiрпiштей қатты бiр нәрсе екен. Бiрақ талай күн аш қалып, нәр сызбаған Дағшыға осы нан сол кезге дейiн жеген нандарының iшiндегi ең дәмдiсi секiлдi көрiнген едi.

Дағшының «Бiз бұл жолды бiрге жүрiп өттiк» романындағы сөзiмен айтқанда, Кировоград тұтқын лагерiнде өткен әрбiр ай бiр ғасырға тең болатын. Мұнда жеген бiр үзiм нанның өзi аса бағалы болғандығы соншалық, ағылтегiл той дастарханынан ас жегенмен тең едi. Лагердегi азап пен қасыреттiң Дағшыға ауыр соққы болып тигенi соншалық, оның өмiрге деген көзқарасын да түбегейлi өзгертiп жiберген. Ол ендi қалалардың адамдардың игiлiгi үшiн тұрғызылғандығына сенбейтiн, тiптi адамдарды Тәңiр жаратты деген сенiмге де күмән келтiре бастаған едi. Кировоградта тек қана адамдар ғана емес, тiптi күннiң сәулесi, түн қараңғылығы, жауған жаңбыр мен қар да мүлдем басқаша болатын.

Екi айдан кейiн немiстер лагердегi тұтқындарды Умань тұтқын лагерiне жiберу үшiн жолға шығарды. Ақыр соңында тұтқындар ұзын барактардан тұратын Умань лагерiне келiп жеттi.

Кировоградтан шыққан он сегiз мың тұтқыннан тек сегiз мыңы ғана тiрi қалған едi. Басқаларына не болды? Немiстер оларды қашып кеттi деп көрсетедi. Ал шындығында олардың барлығы дерлiк немiстердiң қолынан ажал құшқанды.

Дағшымен бiрге әкелiнген тұтқындар Умань лагерiне бiрден алына қойған жоқ. Олар алғашқы екi күндi лагердiң алдындағы шұқырда өткiздi. Өздерiнен бұрын келген тұтқындармен салыстырғанда, олардың жолы болды десе де болады. Өйткенi «Сұрапыл жылдар» романында лагерге жаңа келгендерге бiр тұтқын былай дейдi: «Әйтсе де сендердiң бақтарың бар екен. Екi ай бұрын бiз, алпыс мың тұтқын, сол шұқырдың iшiнде бiр ай болдық. Сендер бар болғаны бiр түндi өткiздiңдер».

Таңертең № 2 Умань лагерiнiң есiктерi ашылды. Үлкен алаңды алып жатқан лагердегi барактарды үлкен батпақты жол екiге бөлiп жатыр екен. Тұтқындар осы батпақты жолмен жүрiп келе жатты. Әр барак тiкендi сымдармен қоршалыпты. Барактардың ашық есiктерiнен ыңырсыған дауыстар естiлiп, сол жақтардан шыққан шiрiк пен көкзең иiсi кеңiрсiктi ашытып, қолқаны қапты. Бұл иiстердiң жүрек айнытқандығы соншалық, Дағшы өзiн бiр түрлi сезiнiп кеттi.

Немiстер тұтқындарды алдымен бiр алаңға жинады. Сол жерде бiр украин полицай өрiлген қамшысын үйiрiп, лагердiң ережесiн оқыды:

1. Әр тұтқынға күнiне 50 грамм нан, жарты литр су мен жарты литр сорпа берiледi.

2. Лагердi қоршаған сымдарға 5 метрден артық жақындауға болмайды, сымдарға жақындағандарға оқ атылады.

3. Кешкi сағат жетiден кейiн барактарда сөйлесуге болмайды, дауыс шығып жатқан барактарға оқ атылады.

4. Қараңғылық түскеннен кейiн от жағуға, темекi шегуге тиым салынады. Бұйрыққа бағынбағандарға мұнаралардан оқ атылады.

Немiстер Умань лагерiне келген тұтқындарды алдымен осы шұқырда ұстап, сосын денсаулық жағдайларына қарай барактарға бөлетiн.

Барактарда күнде өлiм мен ұрыскерiс ада болмайтын. Тұтқындар болмашы нәрсе үшiн бiрбiрiн балағаттап, бiрбiрiнiң жағаларына жармасып жататын. Олар ажал құшқан адамдардың жанына аш қорқаулар секiлдi бiрден үймелей қалатын. Мәйiттiң үстiндегi бар нәрсенi талап, талантаражға салатын. Өйткенi өлген жанға ендi киiм, аяқ киiм, ыдысаяқ деген нәрселердiң керегi жоқ емес пе?! Мұндай талантаражда ерте қамданып қалу маңызды. Осы себептi барлығы барактың бiр бұрышында жатқан ауруларды аңдып отыратын. Тұтқындар өлуi мүмкiн деген сырқаттың басына сағаттар бұрын жиналып алатын. Өлексе аңдыған құзғындар секiлдi аурудың жаны шыққанын асықпай күтiп, бәрiнен бұрын қамданып, талауға дайын тұратын.

Лагерде өлген адамдардың саны күнненкүнге артып жатты. Мәйiттер барактардан шығарылып, дәретхана ретiнде қолданылып жүрген шұқырлардан бiраз әрiрек апарылып жиналатын. Осылайша мәйiттерден бiр қабырға құралатын.

Шынымен де соғыстың алғашқы апталарында тұтқындардың жағдайы сұмдық ауыр едi. Өйткенi немiстер бастапқыда мұнша көп тұтқынның қолға түсетiнiн ойламағандықтан, лагерлерде тұтқындарға байланысты туындайтын проблемаларды ескермеген ғой. Кеңестер Одағы мен Германия арасында соғыс басталғаннан бастап, 1941 жылғы қараша айының 1 шi жұлдызына дейiнгi алғашқы алты айдай уақыт iшiнде немiстерге екi миллионнан аса, ал кейбiр деректер бойынша 3 миллион 600 мың адам тұтқынға түскен. Лагердегi мұншалықты көп тұтқынға азықтүлiк пен жатар орын жеткiзе алмау, жалпы тазалық шарттарын сақтай алмау секiлдi проблемаларға нәсiлшiлдiктен туындаған азапқинаулар да қосылған кезде, мыңдаған тұтқынның осындай ауыр шарттарда өлiмнен қашып құтылуы мүмкiн еместi. Осы себептi тұтқын лагерлерiнде адамдар топтап қырылды.

Ауыртпалықтар мен қиындықтарға қыстың қақаған суығы да қосылып, жағдай қиындай түстi. Түнi бойы барактарда сырттан соққан суық желдiң ызғары сезiлiп тұратын. Тұтқындар суық ызғардан, қытымыр аяздан қорғану үшiн аяқтары мен денелерiне қағаз орайтын. Бiрақ ендi жылына бастаған денелерiнде жыбырлай бастайтын биттер мазаны қашыратын.

Лагердiң сыртында орналасқан, бiр кездерi мектеп болған екi қабатты ғимарат аурухана ретiнде қолданылады. Ауруханада да күн сайын көптеген тұтқын сүзек, өкпе ауруы, дизентерия секiлдi аурулардан өлiм құшып жатады. Немiстер бұл аурулардың мәйiттерiн басқа тұтқындарға тасытып, осы үшiн оларға күнiне 100 грамм нан бередi. Тұтқындар ауруханадан зембiлмен алып шыққан мәйiттердi жақын маңдағы орманға апарып, сонда терең етiп қазылған шұқырларға тастайды. Бұл кезде орманда тағы бiр топ тұтқын жаңа шұқырлар қазумен айналысып жатады. Дағшы да мәйiттердi тасып, шұқырға тастау жұмыстарында жүрдi. Алғашқы жолы қайтып келе жатқандағы сезiмдерiн «Сұрапыл жылдар» романында былай деп баяндайды: «Өлiктердi шұқырға отын секiлдi лақтырып тастап, ауруханаға қайтып келе жатырмыз. Ешкiм жақ ашпайды. Аспанның да түсi қашып, бейне бiр аласарып кеткендей… Жер мен көк бiрдей аза тұтып, күңiренiп тұрғандай. Әлем тымтырыс, меңiреу күйде. Өмiр кiмнiң жанында, кiммен бiрге кетiп барады? Өлгендермен ме, жоқ әлде өлiктердi шұқырға тасығандармен бе?». Осы жайтқа байланысты «Бiз бұл жолды бiрге жүрiп өттiк» романында былай деп жазады: «Ешкiм жақ ашып сөйлеспедi, тiптi бiрбiрiне қарай алмады. Жанымызда келе жатқандарға бiр ауыз сөз айтуға бата алмадық. Ойсанамыз тоқтап қалғандай. Тоқтап қалмаса да, кiмнiң не ойлап келе жатқанын келесi жан бiлмейтiн».

Лагерде еврей екендiгi анықталған тұтқындар бiрден өлтiрiлетiн. Еврейлердi анықтаудағы ең басты дәлел – олардың сүндеттi болуы едi. Немiстер бастапқыда сүндеттi болғандықтан мұсылмандарды да еврей деп ойлап қалып жүрдi. Осы себептi немiстер көптеген мұсылман тұтқынды еврей деген жаңсақ оймен атып тастап отырған. Олар сүндеттi болу дәстүрiнiң мұсылмандарда да бар екендiгiн бiлмейтiн. Мұны тек қана бiр күнi Бас қолбасшылықтан келген бiр офицерден естiп бiледi.

Шульц Дағшының сыртта тұрған жүк машинасына мiну керектiгiн айтты. Сосын жылы жымиыспен Дағшының қолын қысып, жарқын болашақ тiледi. Осылайша Дағшы тұтқындар арасына оралудан құтылған едi. Шындығында баратын жерi мен беймәлiм жаңа жерде өзiн не күтiп тұрғанын әлi бiлмейтiн. Бiрақ қандай жер болса да, Умань лагерiнен жаман жер болуы мүмкiн емес деп ойлады. Дағшы 1942 жылғы наурыз айының 9 шы күнi үстi жабық жүк машинасымен Умань лагерiнен жолға шықты.

Дағшы Умань лагерiндегi соңғы бiр айда сержант Шульцтың қызметшiсi болып жұмыс атқарған едi. Осы мерзiм оның рухани жағынан едәуiр тыңайып, өзiөзiне келуiне жеттi десе де болғандай. Тән саулығы толық орнына келмесе де, рухани жағынан тың болатын. Ендi ашаршылық пен жоқшылыққа ғана емес, отаны мен отбасынан айрылу қасiретiне де төзерлiк күшi бар екендiгiн сезiндi.

Жүк машинасында он шақты грузин, армян тұтқын отыр екен. Олардың арасында қандай да бiр татар, я орыс тұтқын көзге түспедi. Жүк машинасы кешке таман Винница лагерiне келiп жеттi. Бұл жер өзi үйренген тұтқын лагерiне тiптi ұқсамайтын. Винница лагерi қызыл кiрпiштен соғылып, кең аула iшiнде орналасқан екi қабатты ғимарат екен. Бұл жерде тұтқынға түскеннен берi алғаш рет металл ыдысаяқпен сорпа iштi. Тұтқындар осы жерде бiр түнегеннен кейiн, ертеңiнде басқа бiр жүк машинасымен қайтадан жолға шықты.

Жүк машинасына мiнген кезде мұнда басқа тұтқындардың да отырғанын көрдi. Барлығы мұның өзiнен бетер әлсiреп, титықтаған жандар екен. Олар жалаң аяқ, ал үстерiндегi киiмдерi жұлымжұлым болатын. Тұтқындардың ешқайсысы тiс жармай, үнсiз отырды. Бiр байқағаны: бұл тұтқындар ұлттары жағынан түнде бiрге келген тұтқындардан өзгеше екен. Олар түркiстандық, яғни өзбек, қырғыз, қазақ, түркiмен және тәжiк тұтқындар болатын. Жол бойы өзбек тұтқындардың өзара әңгiмелерiнен естiп қалған «Түркiстан легионы», «Түркiстан армиясы» деген сөздер Дағшының құлағына жылы тидi. Бұл сөздер оның iшкi жан дүниесiнде бұйығып жатқан сезiмдердi ояндырды. Жас кезiнде мұндай сөздердi айтуға бата алмайтын. Ендi мiне, тағдырдың тәлкегiне қарасаңшы, бұл сөздердi тұтқын лагерiнде естiп отыр.

Дағшы сол кездегi ойсезiмдерiн естелiктерiнде былай баяндайды: «Жол үстiнде өзiмнiң түркiстандық, яғни, өзбек, қырғыз, қазақ, түркiмен, тәжiк тұтқындар арасында отырғанымды түсiндiм. Бiрақ ешбiрiмiз бiздi қайда апара жатқандарын бiлмейтiнбiз. Алайда өзбектердiң өзара сөйлескен әңгiмелерiнен «Түркiстан легионы», «Түркiстан армиясы» секiлдi өзiм түсiнетiндей сөздердi естiп қалдым. Сол сәттерде, өзiм де байқамай жүрген, iшiмде ұйықтап жатқан сезiмдердiң оянғанын сезiнгендей болдым. Көз алдымда қара түнектi жарып шыққан әсем көрiнiс жарқырап тұрды. Бұл – Түркiстан армиясы болатын…

Жастық шағымда айтуға бата алмаған осы екi ауыз сөз шөлден кеберсiген ерiндерiмде гүл секiлдi бүршiк жарып келе жатты».

Тұтқындар бiр күн, бiр түн жол жүрдi. Соңдарынан басқа жүк машиналарының да келе жатқаны анық едi. Өйткенi жүк машинасы аялдаған жерлерде аштық пен азаптан әлсiреп, титықтаған басқа түркiстандық тұтқындар да мiнiп жатқан болатын. Винницадан шыққанда тұтқындардың ұзынсаны он екi болса, ал ертеңiнде қаралары көбейiп, отызға жеттi. Дағшы тұтқында жүрсе де, өзбек, қырғыз, қазақ, түркiмен секiлдi қандастарымен бiрге жүргенiне өзiн бақытты сезiндi.

Ал негiзiнде, соғыстан бұрын отаны Қырымда жүргенде, барлығы бiр елде, яғни Кеңес билiгiнде болғандықтарына қарамастан, түркiстандықтармен қандай да бiр байланыс құру мүмкiндiктерi болмаған едi. Байланыс құру былай тұрсын, олар туралы айту, журналдарға өлең мен мақала жазудың өзi мүмкiн емес болатын. Мұндай iске ынтаықылас бiлдiргендерге «пантүркист», «империалист» деген айыптар тағылып, жазаға тартылатын.

Әбдiуақап ҚАРА,

тарих ғылымдарының докторы, профессор.

Стамбул

13.10.2011

Серіктес жаңалықтары