АНА ТIЛI – ЖҮРЕК ҮНI
АНА ТIЛI – ЖҮРЕК ҮНI
Жақында Жетiсу ауданы әкiмшiлiгiнде "Қазақ тiлiнiң мемлекеттiк тiл ретiнде рөлi қандай?" деген тақырыпта дөңгелек үстел болып өттi. Аталмыш iс-шараға қалалық және аудандық мекеме басшылары, "Тiл" орталығының қызметкерлерi, аудан ардагерлерi қатысты.
Жетiсу ауданы әкiмшiлiгi Елбасының "Болашақтың iргесiн бiрге қалаймыз" атты биылғы халыққа Жолдауын арқау етiп, тiлдердi қолдану мен дамыту бағдарламасы бойынша өз есебiн бердi.
Н. Назарбаев биылғы Қазақстан халқына Жолдауында: "Бiздiң қазiргi алға қойған мақсатымыз – 2017 жылға дейiн мемлекеттiк тiлде сөйлейтiн қазақстандықтардың саны кемiнде 80 пайызға жетуi тиiс, ал 2020 жылға дейiн олардың саны 95 пайызды құрауы қажет", – деп баса айтқан едi.
Әлемдiк құндылықтың бастауы – Ұлттық және адамдық құндылықтарда жатыр. Осы ретте ана тiлiмiздiң ролi жоғары. Ұлттық тiл – мәдениетiмiздiң негiзi болып табылады.
Тiлдiң қолдану аясын дамыту тек Елбасының мiндетi емес, бүкiл Қазақстан халқының ортақ мiндетi болып табылатынын жиынға келген әрбiр азамат бiледi. Ұлттың шығу тарихын, мәдениетiн айқындап, оларды болашаққа апаратын да осы тiл екенi белгiлi.
2008 жылдың қыркүйегiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң бастамасымен "Мемлекеттiк тiлдi дамыту Президенттiк қоры" құрылды. Қордың басты идеологиясы – Қазақстанның ұлттық мәртебесi – қазақ тiлiн сақтау және қорғау болып табылады. Осы мақсаттың негiзiнде Жетiсу ауданына қарасты денсаулық сақтау мекемелерiнде, атап айтқанда № 11 емхана және "Құлагер" ықшам ауданындағы көмек көрсету орталығының iс-қағаздары қазақ тiлiнде жүргiзiлiп, амбулаториялық карталар мемлекеттiк тiлде толтырылып, үнемi қадағаланып тұрады. Ал бiлiм беру мекемесiне қатысты 20 мектеп бар. Оның 5 қазақ, 7 орыс, 7 аралас және бiреуi салалық мектеп. Оқушыларға ана тiлiн жетiк меңгерту барысында қазақ тiлi мен қазақ әдебиетi пәндерi ерекше оқытылып, әр аптаның жұмасы "Қазақ тiлi" күнi болып отырады екен.
Ауданда сыртқы жарнаманың мемлекеттiк тiлге сай жазылып, дұрыс рәсiмделуiн қадағалап, тiлдердi дамыту бөлiмi арнайы рейд (тексерiс) жүргiзу барысында көптеген қателiктердi түзетiп, мемлекеттiк тiлде сауатсыз жазылған 20 нысанды тапқан болатын. Оларға ескерту жасалып, 18-нiң қатесi екi күн iшiнде қалыпқа келтiрiлген. Ал қалған екеуi мемлекеттiк тiлге мүлде сай жазылмағандықтан мүлдем алынып тасталынған.
Дөңгелек үстелге жиналғандар iшiнде "Мемлекеттiк тiлге құрмет" бiрлестiгiнiң төрайымы, "Қазақ тiлiнiң 10 томдық түсiндiрме сөздiгiн" құрастырушылардың бiрi, әзiрбайжан ұлтының азаматы бола тұрып, жүрегi "қазақ" деп соққан Асылы Әлиқызы Осман арнайы қонақ ретiнде шақырылыпты.
Ол: "Қымбатты тiл жанашырлары! Қазақ тiлiне байланысты ұйымдастырылған әрбiр iс-шара мен үшiн ұлы той. Өйткенi ұлттың жан дүниесi ол – тiлi. Тағдырдың бiзге жазған сыйы да – тiл. Тiл арқылы ғана ұлттың жан дүниесiн ұғып, болмысын айқындап аласын", – дедi толғанып.
Қазақстан халықтар ассамблясының сессиясында Елбасы: "Бiз қазақ тiлiн мемлекеттiк тiл ретiнде меңгеруiмiз керек, орыс тiлiн сақтауымыз қажет, ал ағылшын тiлiн қазiргi экономиканың тiлi ретiнде бүгiнгi күннiң талабы тұрғысынан үйренуiмiз керек.
Асылы Осман қазiргi кезде тәуелсiздiгiмiздiң 20 жылдығына арнап "Тiл тәуелсiздiгi – ел болашағы" деген кiтап жазып жатыр екен.
Мадина ЖЕҢIСОВА, ҚазҰУ-дың студентi