Жапонияда кір жуатын фабрика қызметкерлерінің жұмысын ойынға айналдырды, нәтижесінде өнімділік 18%-ға артқан, деп хабарлайды turkystan.kz dexerto.com-ға сілтеме жасап.
Жобаға Fortnite ойынын жасаған IT-мамандар атсалысқан. Жүйе мынадай: станоктың алдына монитор қойылған, ал жұмысшы парақты машинаға салған сайын ойын уақыты қосылады. Жиналған секундтарда виртуалды аралда ауыл тұрғызып, ресурстар жинап, егін егуге болады.
Қызметкер неғұрлым белсенді жұмыс істесе, соғұрлым оның кейіпкері байып, үй, ферма, құрал-жабдық секілді мүмкіндіктерге қол жеткізеді. Экранда ойын барысы тікелей көрсетіліп, әркім өз жетістігін көре алады.
Бұл тәсіл еңбек процесін қызықты етіп қана қоймай, жұмысшылардың ынтасын арттырудың тың жолы ретінде ұсынылып отыр.