АЛТЫН ӨНДIРУШIЛЕРДIҢ ЖАНАЙҚАЙЫ
АЛТЫН ӨНДIРУШIЛЕРДIҢ ЖАНАЙҚАЙЫ
"Қазақалтын" АҚ ТМК жаңа басшылығының өздерiне бағынышты оралман мамандарының бiрқатарына көзқарасын күнi бұрын кесiп-пiшiлген ой деп санауға болады ма? Үмiтiн үзген адамның баспасөзге жазған үндеу хатын оқыған кезде осы мәселе өз-өзiнен туындайды. Хатты жазған – Мұзафар Тұяқбаев. Үндеуге жоғарыда аталған компанияның жұмыстан шыққан 40 оралманы қол қойған. Оны кезiнде Өзбекстаннан бiлiктi маман ретiнде компанияның басшылығы Қазақстанға шақырған.
"Тарихи Отаныма қайта оралу арманым болған, – деп Тұяқбаев есiне алады. – Бiрақ, бюрократтық жүйе менiң бұл арманымның орындалуына қолдау көрсетпей отыр. Сол кезде бiзге Қанат Асаубаев көмек көрсеттi, – дейдi Тұяқбаев. – Ол менiң қолымнан келетiн жұмысты ұсынып, тұрғын үй және тиесiлi жалақы бергiзетiн болды. Ол басқаларға да осындай көзқараста едi". Бiрнеше жылдан кейiн өндiрiсте 150-дей оралман жұмыс iстеп жатты, ал отбасы мүшелерiн бiрге санағанда бұл 700-750 адам. Олардың Отанға жаппай қайта оралуы 2003 жылы басталды. Өзбекстанның Заравшан, Навои және Үшқұдық қалаларынан келген. Жоғары топтағы iскер мамандар сол кезде-ақ оралман мәртебесiн алған. Бұрын олардың көпшiлiгi негiзiнде алтын өндiру және алтынды қайта өңдеумен Одаққа танылған көп салалы кәсiпорын – Навои тау-металлургиялық комбинатында жұмыс iстептi.
Оралмандарды өндiрiске қатыстыру көшi-қон басқармасының "Нұрлы көш" мемлекеттiк бағдарламасына сәйкес жүргiзiлдi. Бұл бағдарлама өңiрлердiң демографиялық және әлеуметтiк-экономикалық дамуы үшiн шетелден келген этникалық қазақтарды, сондай-ақ республиканың тоқыраған өңiрлерiнде тұрып жатқан Қазақстан азаматтарын ерiктi негiзiнде тиiмдi орналастыру мақсатында әзiрленген. Көшi-қонның iшкi және сыртқы, этникалық процестерiн реттеу және елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуымен ұштастыра жүргiзу – бағдарламаның басты бағыты болды. Бағдарламаны iске асыру үшiн мол қаражат бөлiнген. ҚР Еңбек және әлеуметтiк қорғау министрлiгi жанындағы Көшi-қон жөнiндегi комитетiнiң деректерi бойынша, 2009-2011 жылдарда оның көлемi 197795,6 млн. теңгенi құрайды. Бұл ақша оралмандардың бейiмделуiне және көшiп-қонуларына, тұрғын үйлерiне және басқа да әлеуметтiк көмекке жұмсалады.
Премьер-министр Кәрiм Мәсiмов бұдан екi жыл бұрын, Үкiмет отырысында бағдарламаны талқыға салған кезде оралмандарды өндiрiстiң қасына қоныстандыруға ерекше назар аудару керектiгiн ескерткен едi. "Мен "Нұрлы көш" бағдарламасын маңызды және аса қажеттi деп санаймын. Бiз оны тезарада қабылдауға тиiстiмiз және өндiрiс дамуымен оралмандардың қоныстауын үйлестiру мәселесiне де ерекше назар аудару керек", – деген Премьер-министр.
Былтырғы жылы компанияда моральдық-психологиялық жағдайдың өзгергенi үндеуде нақты айтылған. Осының салдарынан ұжымда келеңсiздiктер туындап, негiзсiз кемсiту мен жөн-жосықсыз ұрыс-керiске алып барған соң, жаңа басшылар үстiнен шағымдануға тура келсе керек. Бұл жай Мұзафар Тұяқбаев пен оның бiрқатар әрiптестерiнiң осындай жөнсiздiкке төзе алмай, жұмыстан шығып кетулерiне мәжбүр болуына әкелiп соқты. Сондай-ақ, осы үндеуде шахталар мен осы компанияның бiрнеше дербес құрылымдары жабылып жатқаны туралы да айтылған. Ал адамдар тiршiлiкке қажеттi қаражат таппай көшеде қалған.
Үндеу мәтiнiнен белгiлi болғанындай, бiрқатар жұмысшы-оралмандарды өз саласы бойынша емес басқа салада жұмыс iстеуге мәжбүр еткенi, ақшалай үстемелерiнен себепсiз айырғаны белгiлi болған. Кейбiр жұмыстан шығарылған адамдар қаражат табу үшiн басқа қалаларға кеткен. Өз кезегiнде, жаңа менеджмент, БАҚ-дағы пiкiр бойынша, тағылған айыптан бас тартады және өзiнiң жөнсiз iсiнен көп адам жапа шеккенiмен келiспейтiнiн бiлдiрдi. Осыдан бiраз уақыт бұрын "Қазақалтынның" бас директоры Алексей Текслер қазақстандық баспасөзде Ресейдiң өндiрiстiк командасы жергiлiктi кәсiпорынға өз тәжiрибесiн, бiлiмiн және шеберлiгiн әкеледi, бұл өндiрiстiк-техникалық дамуына пәрмендi қуат бередi деп айтқан. Өкiнiшке қарай, қазақстандық кәсiпорынның айналасындағы келеңсiздiктер оның бұл айтқандарымен сәйкес болмай, беделiне нұқсан келтiруде. Сондықтан, құзыреттi органдар қалыптасқан жағдайды талқылап, оң шешiм қабылдайды деп үмiттенемiз.
"Қазақалтын" АҚ-ның бұрынғы қызметкерлерiнiң бiрiншi арыз-шағымы осы жылдың тамыз айының 10-нда жазылған екен, алтын өндiретiн кенттердiң бастама тобы "Нұр Отан" билеушi партиясынан көмек сұрауға Астана қаласына келген. Партияның қоғамдық қабылдау бөлмесiнде оларды ҚР Парламент мәжiлiсiнiң депутаты Алдан Смаил қабылдап, шағымдарын мұқият тың-дапты. Ол жиналған адамдарға қыркүйек айында осы мәселеге байланысты Парламент комиссиясы құрылып, "Қазақалтын" АҚ ТМК кәсiпорнына мiндеттi түрде тексеру жүргiзiледi деп сөз берген. Кен ошағы жабылған және жұмыс орны қысқартылған өңiрлердiң тұрғындары жеңiлдiктер мен жұмыс орындарының бастапқы қалпына келтiрiлуiн талап етуде. Сол кезеңде үш жүзден астам адам жұмыссыз қалған, ал жұмыста жүрген адамдардың жалақылары қысқартылған. Кәсiпорынның бұрынғы қызметкерлерi қысқартулар заңсыз және дәлелсiз деп мәлiмдейдi. Осындай жағдай қалыптасуына кәсiпорынның акция бақылау пакетiнiң жаңа қожайындарға берiлуiнен деп санайды және басшылықты ауыстыруын талап етедi. Егер олардың талаптары орындалмаса, соңғы шараларға дейiн баруға дайын екендерiн мәлiмдеп отыр. Олардың сөзiне қарағанда, бiрнеше кенттердегi кәсiпорынның арқасында күн көрген адамдар арасындағы әлеуметтiк наразылық күн өткен сайын өрши түскен.
Ермек ҚОЛДАСБАЕВ