Lufthansa Қазақстанға рейстерін тоқтатады: көлік министрлігі түсініктеме берді

/
Lufthansa Қазақстанға рейстерін тоқтатады: көлік министрлігі түсініктеме берді
istockphoto

Еуропаның ең ірі әуе компанияларының бірі Lufthansa Қазақстанға рейстерін уақытша тоқтатады. Көлік министрлігі бұл жайтқа қатысты түсініктеме берді.

Министрлік мәліметінше, Lufthansa 2025 жылғы 26 қазаннан 2026 жылғы 29 наурызға дейін Қазақстанға рейстерді тоқтатады.

Министрлік бұған мынадай жайттар себеп болып отырғанын алға тартты:

әскери қақтығыстарға байланысты Ресейдің әуе кеңістігін айналып ұшу компания шығындарының артуына әкелді;

әуе кемелерінің жетіспеушілігі, сондай-ақ жаңа ұшақтар мен қосалқы бөлшектердің жеткізілуінің кешігуі де әсер етуде. Қазіргі уақытта көптеген халықаралық әуе компаниясы тапсырыс берген әуе кемелерін уақытында ала алмауына байланысты өздерінің тасымалдау жоспарларын қайта қарап жатыр.

маусымдық жолаушылар ағынының төмендеу үрдісі көптеген әуе тасымалдаушысына тән.

"Сонымен қатар Астана менАлматы қалалары арқылы ұшу компанияның жеке шешіміне байланысты рейстердің жүктемесін қамтамасыз ету мақсатында жалғасып жатқанын атап өтеміз", - деп қосты министрлік өкілдері.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары