Алматыда көшелердің бірі жаздың соңына дейін жабық болады

/
Алматыда көшелердің бірі жаздың соңына дейін жабық болады
istockphoto

Алматыда Райымбек батыр даңғылының бір бөлігі жөндеу жұмыстарына байланысты 26 шілдеден бастап, жаздың соңына дейін жабылады, деп хабарлайды қалалық әкімдік. 

AlmatyJoly Telegram арнасы Алматыда Райымбек батыр даңғылының бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылатынын хабарлады.

Райымбек батыр даңғылы бойындағы BRT жобасын жүзеге асыру аясында құрылыс жұмыстары жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады.

"26 шілде күні сағат 08:00-ден бастап 30 тамыз күні сағат 22:00-ге дейін Пушкин көшесінен шығыс бағыттағы Есенов көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс жабылады.

Жөндеу жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс деректері көрсетілген тақта орнатылады. Маршрутыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары