Қапшағайға демалуға барған адамдар күтпеген жағдайға тап болды

/
Қапшағайға демалуға барған адамдар күтпеген жағдайға тап болды
Видеодан скриншот

Қонаев қаласында ауа райының күрт нашарлауына байланысты Қапшағай су қоймасында төтенше жағдай орын алды. Жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетіп, толқындар күшейген. Соның салдарынан демалушылардың біразы байдарка және кайтбордпен ашық суға шығып кетіп, жағалаудан 1,5 шақырымға дейін алыстаған, деп хабарлайды turkystan.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қапшағай акваториясында алдын алу және патрульдеу жұмыстарын жүргізіп жүрген ТЖМ құтқарушылары оқиға орнына жедел жетіп, қайықтар арқылы 32 адамды, оның ішінде 3 баланы қауіпсіз түрде жағалауға эвакуациялады. Құтқару операциясы сәтті өтті. Зардап шеккендер жоқ, барлық демалушылар медициналық көмекті қажет етпей, өз үйлеріне қайтарылды, - делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар қызметі азаматтарды ауа райы болжамын ескеруге және жел күшейген кезде суға шықпауға шақырады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары