ЖАҚСЫ ДЕМАЛЫС – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПIЛI

ЖАҚСЫ ДЕМАЛЫС – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПIЛI

ЖАҚСЫ ДЕМАЛЫС – ДЕНСАУЛЫҚ  КЕПIЛI
ашық дереккөзі

Қазақстанның ғажап жерлерi көп, әр облыстың өз Кавказы, өз Қырымы бар. Швейцарияға бергiсiз шипалы мекендерi, көркем, көрiктi орындар қаншама! Сондай шипалы өлкенiң бiрi Оңтүстiк Қазақстанның «Сарыағашы» бүкiл дүние жүзiне мәлiм.

Бұрын Сарыағашта жалғыз ғана курорт болушы едi. Елiмiз Тәуелсiз алғаннан кейiн Сарыағаштың да тынысы кеңейдi, бұрынғы курорттың қасынан жаңадан бiрнеше шипажайлар салынды. Олар халықтың денсаулығын жақсартуға жақсы қызмет етуде. Қазiр қазақта қалталы азаматтар көп, бiрақ солардың көпшiлiгi өздерiнiңалтын, күмiс, қағаз ақшаларын шетел банктерiнде сақтауға құмар-ақ. Шетелдердiң көрiктi жерлерiне өздерiне арнап сарайлар салдырады. Бiрде ол сарайына, бiрде бұл сарайына барып, тынығып елiмiзге қайтады. Ал, мұндай жолсапарлардан халқына тиер пайда да жоқ. Осындайда елiне тапқан таянғанын ұқыптап жұмсап, сәл болса да ел қамын, туған жерiнiң көркiне көрiк қосып, пайдасы тиiп жүрген азаматтар да баршылық арамызда. Солардың бiрi – өзiнiң адал еңбек, қайрат-күшiмен, жалынды жiгерiмен қаражат жинап, қалталылар қатарына қосылған азаматтың бiрi Құрал ЕРЖАНОВ. Құрал адал ақшасын шетелге ала қашқан жоқ, туған халқына пайдасы тиетiн игiлiктi iске жұмсауды мақсат еткен азамат. Бүгiнгiдей заманда, асып-төгiп жатқан мына заманда халыққа ең маңыздысы – денсаулық екенiн жақсы түсiнген ол соңғы бес-алты жылдың өзiнде кәдiмгiдей кәсiпкерлiктiң жүгiн арқалап келедi. «Алтынай» шипажайы осы қыруар қаржыны далаға шашпай, бiр көздеген мақсатқа жұмылдырылған күш-қайраттың, ақыл-парасаттың жемiсi дер едiм. Әйтпесе, жер алу, ол жердi белгiлi бiр құрылыс обьектiсiне дайындау, құрылыс жүргiзу, оны бiртiндеп iске қосу дегенiңiз, жай айтуға ғана жеңiл дүниелер. Бәрiнiң де кедергiлерiнен өту, сөйтiп демалушыларға жақсы ем-шипамен қатар, жақсы демалыс пен дәмдi тағамдар әзiрлеу, соншама келушiлерге қызмет көрсететiн ұжымды ұстап тұру дегенiңiз, оңай тiрлiк екем екенi айдан анық. Дәмдi, экологиялық таза азық-түлiк өздерiнен шығу үшiн төрт түлiк мал фермасын ұстау, демалушыларды шұбат сияқты қазақтың құнарлы сусынымен қамтамасыз ету үшiн сонау Түрiкменстаннан 60 түйе айдап келiп, оның санын 400-ге жеткiзу де оңайға түскен жоқ. Ақыры еңбегi жанды, елдiң алғысына бөлендi. Дәм тартып, биыл мен де осы шипайжайға демалуға келген едiм. Келген күннiң ертеңiнде Халықаралық «Түркiстан» апталық газетiнiң соңғы нөмiрi қолыма түстi. 5 қараша күнi шыққан бұл нөмiрде «Дертке дауа, жанға шипа iздесеңiз, Оңтүстiктегi «Алтынайға» барыңыз» деген мақаланы бас алмай оқыдым. Журналист рас айтады: мұнда барлық жағдай жасалған. Әсiресе, ем-домның бәрiн бiр корпустың iшiнде қабылдау қарт емделушiлер үшiн ең керектi жағдай. Мұнда бiзден бұрын Қазақстанның халық әртiсi Асанәлi Әшiмов, республикалық денсаулық министрлiгiнiң жауапты қызметкерi Жандарбек Бекшин, «Денсаулық» журналының бас редакторы Молдахмет Қаназов, атақты әншi Ақжол Мейiрбеков және басқалар демалған екен. Демалушылардың бәрiне Асылхан Ойсаев деген елгезек жақсы азамат бастаған ұжым қалтқысыз қызмет етедi. – Бiздiң шипажайға келгендер күнiне 3,5 мың теңге төлейдi. Бiз халыққа қамқорлығымыз болсын деп, осындай ең төмен баға қойдық,– дейдi шипажай директоры Асылхан мырза. Бiзге, қарттарға, халқымызға азды-көптi шығармашылық тер төгiп, берерiмiздi берiп, әлде де жазар-сызар дүниелер ойда тұрғанда осындай жақсы демалыс пен емнiң қадiрi қымбат. Сiздер де демалуды, ем алуды естен шығармаңыздар.  
Әзiлхан НҰРШАЙЫҚОВ,Қазақстанның халық жазушысы