«ТӘЛIМI МIНСIЗ ТӘЛIМГЕР»

«ТӘЛIМI МIНСIЗ ТӘЛIМГЕР»

«ТӘЛIМI МIНСIЗ ТӘЛIМГЕР»
ашық дереккөзі
510

Сәуiр айының 25 жұлдызында Қазақстан Жазушылар одағының мәжiлiс залында Мәулiт мерекесiне орай “Тәлiмi мiнсiз Тәлiмгер” атты ғылыми-танымдық конференция болды. Конференция жұмысына шетелдiң дiн саласының ғалымдары мен Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының белгiлi профессор оқытушылары қатысып, тартымды баяндамалар жасады.

Әуелi аталмыш жиынды филология ғылымдарының докторы, профессор Қансейт Әбдезұлы ашып, Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлiгi атынан “Қазақ газеттерi” ЖШС Бас директоры Жұмабек Кенжалин, Алматы қаласы әкiмшiлiгiнiң iшкi саясат департаментiндегi үкiметтiк емес ұйымдар мен дiн бөлiмiнiң меңгерушiсi Толқын Сәметова және осы конференцияны ұйымдастырушылардың бiрi “Көкжиек Б” баспасының бас құрылтайшысы Абыл Сатаев құттықтап, конференция жұмысына табыс тiледi.

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениетi университетiнiң ректоры, академик Махмұд Фаһми Хижази “Хадистердегi мәңгiлiк құндылықтар” деген тақырыпта қызықты баяндама жасады. Ол баяндамасында пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) хадистерiнiң он түрлi ерекшелiгiне тоқталды.

“… Құрметтi қазақстандықтар, бүгiн елшiлердiң ардақтысы және соңғысы болған Мұхаммед (с.ғ.с) құрметтей отырып, Мәулiт мерекесiн тойлап отырмыз. Шындығында оның пайғамбар болғанға дейiнгi және пайғамбар кезiндегi өмiрiнiң барлығы көркем мiнез бен туралық iс әркеттерден тұрады. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) еңбектерiнде көрiнетiн ең бiрiншi құндылық ол – шыншылдық. Мұхаммедке пайғамбарлық келмей тұрғанда шыншыл деген атпен белгiлi болған. Шыншыл деген сөз шын әрi тура дегендi бiлдiредi. Және қандай қиыншылықта да ол шындықтан басқаны айтпаған. Жастық шағында Мекке мен Шам шаһарлары аралығында саудамен айналысқан. Бәрiмен шыншыл қарым-қатынаста болған. Дұрыс әрi адал жолмен пайда тапқан. Бүгiнгi күнi бiз ғұмырымыздың барлық кезеңдерiнде оны үлгi тұта отырып, шыншылдық құндылығын ұстануымыз керек. Басқалармен қарым-қатынаста шыншыл болғанымыз жөн.

…Екiншi құндылық – аманат құндылығы. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) өмiрiнде аманатқа адалдығымен танылған. Аманат сөзiнiң мағынасы кең. Бұл сөз аманатталған мал-мүлiктi сақтау, бiреуге қиянат жасамау дегендi бiлдiредi. Аманат сөзi жауапкершiлiктi көтерудi сондай-ақ әрбiр адам өз жұмысына, қоғамға, отанға жауапты болуды мiндеттейдi. Сондықтан Аманат сөзiнiң мағынасын пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) қоғамдық, отандық тұрғысынан аса зор жауапкершiлiк ретiнде қарастырған. Қазiргi уақытта бiз өмiр салтымызда тек осы ислами құндылықтарға ұстамдылыққа мұқтажбыз. Аманат құндылығы қоғамның барлық саласында жауапкершiлiктi көтеру болып табылады.

…Пайғамбарымыздың құрмет көрсететiн үшiншi құндылық ол – бiлiмге, ғылымға деген құндылығы. Пайғамбарымыздың хадис-шарифiнде айтылғандай бiлiм алу мұсылман ер мен әйелге парыз делiнген. Бұл хадистiң маңыздылығы сонда, оның сөздерiнде зор мән бар. Бiлуге деген құлшыныс әрбiр адамда болуы тиiс. Және оны талап етуi мiндеттi дегендi бiлдiредi. Бұл тек бiр топпен ғана шектелмейдi. Барлық адамдарға қатысты.Сондай-ақ бұл тек дiни ғалымдарға қатысты ғана емес, басқа қоғамдық ғаламдарды да қамтиды. Оларға медицинадан басқа да ғылымдар кiредi. Хадисте ұлдар мен қыздар арасындағы теңдiктi ескере отырып, әр ұл мен қызға бiлiм беру мiндетiмiз болған тиiс.

… Алтыншы құндылық ол – отанды сүю. Пайғамбарымыз өз отанын қатты сүйдi. Мұсылмандар Меккеге кiрген кезде кәпiрлерден үстем болды. Пйғамбарымыз (с.ғ.с) сол кәпiрлердi кешiрiп, соларға қиыншылық жасап, жаза бермедi. Пайғамбарымыз өзiнiң бейбiтшiлiк ұстанымын жүзеге асырды. Қиыншылық жағдай аяқталып, сол кездегi Мекке тарихындағы Исламды таратушысы болды”.

Египет, Араб республикасының Уақыфтар министрлiгiнiң кеңесшiсi, профессор Мұхаммед Шама “Ислам және дiнаралық диалог” тақырыбында ұзақ баяндама жасады.

“…Пайғамбарымыз: “Ей адамдар, барлығың да Адам Атадан жаралдыңдар. Ал Адам Ата топырақтан жаралды. Араб пен араб еместiң арасында ешқандай айырмашылық жоқ. Айырмашылық тақуамен ғана болады” деп бұйырған.

…Пайғамбарымыз Мәдинаға қоныс аударған кезде мәдина халқы үш дiндi ұстанатын едi. Олардың салт-дәстүрлерi араб болғаан соң қарым-қатынастары бiр. Пайғамбарымыз келген соң бұл өзгердi. Оларды ауызбiрлiкке шақыратын қағидаларды ұсынды. Оның атын – “Мәдина келсiмi” деп атады.

…Бiр-бiрiмен келiсiмге келген араб тайпалары ынтымағын күшейттi. Олар бiр жағадан бас, бiр жеңнен қол шығарып дұшпандардан Отан қорғауға бiрiктi. Сол келiсiмде былай деп жазылған. “Мәдина халқы тұтас бiр халық. Залым және қиянатшыларға бiр жақ, бiр қол. Бұл келiсiмге келген әрбiр азаматтар жазаланбайды. Қайта соғыс майданында басқалармен бiрiгiп дұшпандармен соғысады.

…Түрлi халық, және түрлi дiндер бiр шаңырақ астында өмiр сүре алады деуге болады. Пайғамбарымыздың өмiр сүру қағидасы адами тұрғысынан түрлi халықтар өзара түсiнсе өмiр сүре алатындығының символы деп айтуға келедi. Пайғамбарымыз (с.ғ.с)бұл қағидасы сол кездегi халықтар арасындағы, түрлi дiндер арасындағы, ахидалар арасындағы жалпыға бiрдей теңдесi жоқ ұлы қағида екенiне еш талас жоқ”.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетi философия және ғылым методологиясы кафедрасының меңгерушiсi, философия ғылымдарының докторы, профессор Нағима Байтенова сөз алып, “Мұхаммед пайғамбар және дiнарлық диалогтың орны” тақырыбында баяндама жасады.

“…Бейбiтшiлiк пен конфессия саласында Қазақстан әрине белгiлi бiр жетiстiктерге жеттi. Тiптi дүниежүзi ауқымындағы қол жеткен табыстарға қарамастан бұл салада әлi де шешiлмеген әрi жедел шешудi қажет ететiн мәселелер жеткiлiктi екенi баршаға мәлiм. Бұл Израиль -Палестина, Пакистан – Индия, Ресей – Шешенстан арасындағы кикiлжiңдер. Бұл дiнаралық қатынас мәселенiң қаншама өзектi екенiн көрсетедi.

…Пайғамбарымыз (с.ғ.с) үшiншi жылында Византия Ираннан жеңiлiске ұшырағанда мұсылмандар қуанышқа кенелген болатын. Тiптi бұл жөнiнде аят түскенi де белгiлi.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) Иемендегi христиандармен де үн қатысуының ерекше орны болған. Бұл iске мұсылмандар да дайындалған. Межрандық крестьяндар Құранға қатысты талас -тартыс iс тудырғанда оларға жауап бере алмайтынын бiлген. Осыдан барып пайғамбарымыз оларды келiсiмге шақыратын арнайы хат жолдаған. Осы хат арқылы келiсiмге негiз болып христиандар мен алпыс кiсiлiк топ Мәдинаға келген. Пайғамбарымыз олармен мешiтте жолыққанда дiни мәселеге байланысты пiкiр таласқа түспеген. Ғибадат уақыты бiткен кезде қасындағы сахабаларының қарсылығына қарамастан Пайғамбарымыз оларға мешiттi босатып берген. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) бұл iс-әрекетiн мұсылмандар мен хрестяндар арасындағы алғашқы үн қатысудың үлгiсi деп қабылдау керек. Мұхаммед (с.ғ.с) еврейлермен де өзара дiни төзiмдiлiкте болған. Мәдинада еврейлер мен арабтар бiрге өмiр сүрген. Алғашқы ата заң адам құқықтарының декларациясы iспеттi “Мәдина келiсiмiнiң” екiншi және жиырма бесiншi баптарында адамдарды дiни сенiмiне байланыссыз оларды қорғау мәселесiн қамтыған. Пайғамбарымыз сендерге куәлiк етемiн. Яғни хрестян мен еврейлердi аманат етемiн деп өсиет қалдырған”.

М.О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты әдебиет теориясы және әдебиеттану методологиясы бөлiмiнiң меңгерушiсi, филология ғылымдарының докторы, профессор Айгүл Iсiмақова “Адамзаттың ұлы ұстазы – Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с)” атты баяндамасында былай дедi.

“…Американдық ғалым Майкл Харт: “Адамзаттың бүкiл тарихында адам баласына пайдалы iс iстеген жүз тұлғаның өмiр сүру тәжiрибесiн компьютерге салғанда, солардың iшiнен ең соңғы Пайғамбар Мұхаммед (с.ғ.с) аты-жөнi қайта-қайта шыққан екен. Оны адамзат ХХ ғасрыда мойындап та қойған. Ал ендi қазiр ХХI ғасыр. Бiз Ислам тарихын айтып келемiз. Ендi осы уақытта адамзаттың ұстазы ең соңғы пайғамбар Мұхаммед (с.ғ.с) iсiн қалай жалғастыра аламыз? Қай ғылымда болсын жер жүзiндегi материктер ашылды. Физика, химия заңдылықтары ашылды. Осыған байланысты ендi адам баласы осы ғылымдар жетiстiктерiн пайдаланып, бiр-бiрiн жоймау үшiн не iстеу керек деген сауал тұр. Ең бастысы, адам баласы дұрыс пен бұрыстың таласы, Мұхаммед (с.ғ.с) анықтап берген бейбiт қатар өмiр сүрудiң дұрыс жолымен өмiр сүре алады ма? Мiне қазiр жаратылыстану ғалымдары әдебиетке, мәдениетке, дiнге қайта мойын бұрып жатыр. Осы тұрғыдан алғанда қазақтың ата-бабасы әу баста ғибратты сөз қалдырған. Күлтегiн жаз – баларында көк тәңiрге құлшылық етуден басталмай ма? Одан берiде дiни дастандарымыз қаншама. Солардағы басты кейiпкер кiм? Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) Сол кiсiнiң өмiр тәжiрибесi, адам баласын барлық қауiп-қатерден құтқарудың соңғы үлгiсi ретiнде ата-бабамыздың мұраға қалдырған сөздерiнде айтылған.

Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз мемлекеттiк университетiнiң профессоры, филология ғылымдарының докторы Ислам Жеменей “Мұхаммед пайғамбар өмiрiндегi кәмiл адам бейнесi” атты баяндамасында. “…Бiздiң шығыс әдебиетiнде бiр мадақ деген жанр бар. Ол мадақтың төрт түрi бар. Аллаға мадақ, Пайғамбарға мадақ, сахабаларға мадақ, әмiрлерге патшаларға мадақ. Арабша нәпiл дейдi. Мұның қазақ әдебиетiнде үш түрi бар. Аллаға мадақ, Пайғамбарға мадақ, сахабаларға мадақ. Ал әмiрлерге, патшаға мадақ айтылмаған. Жоқ.

…Кемел адам деп неге алдым? Кемел адам деп адамзаттың өмiр сүруiне үлгi болып қалған Мұхаммед (с.ғ.с) айтамыз. Оның тек екi себебiн айтайын. Бiрiншiсi, соңғы пайғамбар. Дiн – Исламның түсiндiруi бойынша адамзаттың санасы жетiлгенi соншалық табиғат құпияларының сырын ашуда. Екiншi адамзаттың санасын саған жеткiзген Мұхаммед пайғамбар. Ол бiздi еркiн дүниеге алып келдi. Мен Пайғамбарымыздың үш бағытын қарастырып жүрмiн. Бiрiншiсi, Пайғамбардың сөзi көркем. Екiншiсi, Пайғамбардың мiнезi көркем. Үшiншiсi, Пайғамбардың ойы көркем. Осы үш көркем әдебиетте, философияда қаралды ма? Мүмкiн Ислам әдебиеттерiнде қаралған шығар. Бiрақ қазақ ғалымдары осыған әлi бара қойған жоқ”.

Нұр-Мүбәрак Египет ислам мәдениетi университетiнiң доцентi, теология ғылымының докторы Алау Әдiлбаев “Қазақ халқының пайғамбарға деген сүйiспеншiлiгi” тақырыбындағы баяндамасында ұлттың бiрнеше ақынмен жырауларының шығармаларынан мысалдар келтiрдi. Ахмет Яссауи, Абай, Әбубәкiр Кердерi Нұржан Маушабайұлы, Мұқағали Мақатаевтың Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) өз жырларында барынша дәрiптегенiн айтты.

Баяндамалардан соң ақын әрi сазгер Жәкен Омаровтың “Зiкiр Алла” атты концертi болды.

Көлбай Адырбекұлы

Серіктес жаңалықтары