«Сахна мәдениеті қайда»: Қайрат Нұртастың қызы сахнаға шығып сынға ұшырады (ВИДЕО)

/
«Сахна мәдениеті қайда»: Қайрат Нұртастың қызы сахнаға шығып сынға ұшырады (ВИДЕО)
Видеодан скриншот

Әнші Қайрат Нұртастың екінші қызы Алау Нұртас кезекті кештердің бірінде әкесінің қолынан ұстап сахнаға шықты, - деп хабарлайды turkystan.kz sn.kz-ке сілтеме жасап. 

Алайда желі қолданушыларына Алау Нұртастың сахнада өзін ұстау мәдениеті ұнамаған. Көпшілік оның қолына ұялы телефон ұстап шыққанын сынап тастады. 

"Телефонды бірінші рет көрген бе? Әкесіне деген, көрермендерге деген құрметсіздік", "Сахнаға телефон ұстап шыққаны несі", "Қызы да Қайратпен видеоға түсіп өліп бара жатыр ғой", "Қызын жақсы көріп сахнаға алып шыққаны күшті, әрине. Бірақ сахна мәдениеті қайда қалды? Көрермендерді сыйлау керек сияқты. Қосылып дуэт айтса мейлі. Жай тұрып камераға түсіруде", "Әкесінің еңбегін түсінбей тұр", - деп жазды олар. 

Айта кетейік Алау Нұртас өзін Қайраттың қызы деп қана танитындарға өкпелі екенін, ондайлармен суретке түскісі келмейтінін айтқан еді. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары