СЫНДАРЛЫ ҮНҚАТЫСУ МЕН IСКЕРЛIК ӘРIПТЕСТIК ТҰРҒЫСЫНДА

СЫНДАРЛЫ ҮНҚАТЫСУ МЕН IСКЕРЛIК ӘРIПТЕСТIК ТҰРҒЫСЫНДА

СЫНДАРЛЫ ҮНҚАТЫСУ МЕН IСКЕРЛIК ӘРIПТЕСТIК ТҰРҒЫСЫНДА
ашық дереккөзі
302

Соңғы жылдары Португалия үлкен халықаралық саясат аренасындағы жетекшi елдердiң қатарына сенiммен кiрiп келедi: Пиреней жарты аралының оңтүстiк-батысында көптеген халықаралық мәселелер шешiледi және шын мәнiнде тарихи маңызы бар көптеген маңызды саяси бастамалар дамуға серпiн алады. Өткен аптада Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының Төрағасы, ЕҚЫҰ Парламенттiк Ассамблеясының вице-президентi Қасым-Жомарт Тоқаев қатысқан ЕҚЫҰ Парламенттiк Ассамблеясының бюро отырысы өткен Еуропаның саяси орталығы осы құрлықтағы әдемi қалалардың бiрi – Португалия астанасы Лиссабонға ауысты.

Отырысты аша келiп Парламенттiк Ассамблеяның Президентi Жоао Соареш ЕҚЫҰ еуропалық бiрiгудiң шынайы жақтаушылары болып табылатын саясатшылардан жаңа мәселелер мен қатерлер барлық ресурстарды iске қосуды және уақыттың күрделi сауалдарына жауап табуды талап ететiнiн атап өттi. Бұл тұрғыда ол ЕҚЫҰ-на төрағалық етудiң қарсаңында Қазақстанның рөлi артып отырғанын атап өте келiп бiздiң елiмiз Ұйым қызметiнде “жаңа тарау ашатыны” даусыз екенiне сенiм бiлдiрдi.

Iскерлiк, ұйымдастыру сипатындағы Ассамблея басшылығының отырысы үстiмiздегi жылдың жазында Вильнюс қаласында болатын ЕҚЫҰ Парламенттiк Ассамблеясының жыл сайынғы 18-сессиясы қарсаңында қасаң кеңсе тiлiнде әзiрленген күн тәртiбi, баяндамалар мен қарарларды бекiту туралы шешiмдер қабылданатын секiлдi болатын. Дегенмен, мүдделi әңгiме барысында туындаған пiкiрлесу мен пiкiрсайыс парламентшiлердiң дәуiрдiң қорқынышты қатерлерiне тиiстi жауаптар табуға ұмытылысы Португалия парламентiнiң төрағасы Ж.да Гаманың парламенттiк Ассамблея төрешiлдiк ұйым емес деген ойын нақтылады.

Одан басқа Лиссабондағы кездесудiң тағы бiр ерекшелiгi бар: мұнда өткен жылғы жазда Астанада өткен ЕҚЫҰ Парламенттiк Ассамблеясының 17-сессиясында әзiрленген және айтылған идеялардың өрiстеуiне жол ашылды. Астананың айбыны мен рухына деген сенiм отырысқа қатысушылардың Қазақстан делегациясының басшысына сiлтемесiнен көрiнiп тұрды.

Өткен пiкiрсайыстардағы басты тақырыптарының бiрi – қазiргi замандағы қауiпсiздiк проблемалары болды. Бұл тұрғыда соңғы кезде күрделене түскен экономикалық мәселеге, атап айтқанда – азық-түлiк қауiпсiздiгiне ерекше назар аударылды. Саяси мәселелер және қауiпсiздiк жөнiндегi Жалпы комитетiнiң баяндамашысы Риккардо Миглиори дағдарыс туындатқан әлемдегi өндiрiстiң құлдырауы дүниедегi әлеуметтiк теңсiздiктiң өршуiне әкелiп соққанына тоқталды. Энергетикалық ресурстарды теңдей пайдаланбау, нан бағасының қайта-қайта көтерiлуi, көптеген елдердегi келешек егiн орағының ойдағыдай болмауы азық-түлiк өнiмдерiнiң жетiспеуi туралы әңгiмелердi туындатты, ал бұл өз кезегiнде азық-түлiк қауiпсiздiгi мәселелерiн жалпы қауiпсiздiк мәселелерiне айналуына апарып соғады. Осыған байланысты ол Қазақстанның табиғи ресурстарды тиiмдi пайдалану туралы тиiмдi тәжiрибесi азық-түлiк қауiпсiздiгi мәселелерiн азайтуға ерекше назар аударуды талап ететiнiн атап өттi.

“Елдiң халқын өзiнiң өмiрлiк маңызы бар азық-түлiк өнiмдерiмен қамтамасыз ету және қажеттi және пайдалы сұранысты барынша қанағаттандыратын мөлшер мен түрлерiне барлық азаматтардың қол жеткiзуi – әлем қоғамдастығындағы барлық мемлекеттер үкiметтерiнiң мiндетi осындай,” – дедi Йоран Леннмаркер. Дегенмен, қазiргi жағдайда әр ел бұл мәселенi өздiгiнен шеше алатын емес. Сондықтан, ЕҚЫҰ Парламенттiк Ассамблеясының құрметтi төрағасы экономикалық еркiндiктердiң сақталуы мен өзiнiң сауда-экономикалық саясатын жүзеге асырудағы мемлекеттердiң құқықтары мәселелерiндегi теңгерiмдi қадамдарын әзiрлеудi парламентшiлердiң басты мiндетi ретiнде көрiп отыр.

Осыған байланысты Ассамблея төрағасының орынбасары Қасым-Жомарт Тоқаев азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi орнықты жаһандық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге берiк байланғандықтан кешендi түрде шешудi талап ететiнiн атап өттi: ұзақ мерзiмдi бағдарламаларды дамыту жедел шаралармен астасып жатуы тиiс. Мемлекеттiң жекелеген мәселелерiн қазiргi кезде жалпы әлеуметтiк-экономикалық жағдайдан және жаһандық аумақтағы көптеген басқа факторлардан бөлек шешiмiн табу мүмкiн емес деп санайды Қазақстан Сенатының төрағасы.

Онымен ЕҚЫҰ қызметiн сыни тұрғыдан бағалаған ресейлiк делегацияның өкiлi Наталья Карпович те пiкiрлес болып отыр, оның ойынша “қаралудың үздiксiз үдерiстерi немесе жалпыгуманитарлық, немесе тiптi жеке мәселелер басым болады, оның үстiне басты мiндет осы мәселелердiң қойылуы мен талдануы болып отыр, бiрақ оларды шешiлуi емес” дедi ол.

Талқылау барысында отырысқа қатысушылар дүниежүзiлiк қаржы дағдарысының ЕҚЫҰ елдерiндегi, бiрнеше елдердегi үкiметтiң орнынан кетуi мен бiрқатар жағдайларда зорлықпен аяқталған қоғамдық тәртiпсiздiктердi қоса алғандағы зардаптарына елеулi алаңдаушылық бiлдiрдi. Осыған байланысты дүниежүзiлiк экономикалық құлдырауға әкелiп соққан қазiргi қаржы дағдарысы қаржы жүйесiнiң өзiнде мөлшерден тыс ақша алып-сатушылығы мен протекционизмдi туындатқаны, нақты қаржы заңнамасы мен қаржы нарықтарын мемлекеттiк қадағалаудың болмағаны аталып өтiлдi.

Қорытындысында Бюро ЕҚЫҰ мемлекеттерiн дағдарыстан шығу тәсiлiнiң оң жолын әзiрлеу мақсатында белсендi ынтымақтасуға шақыратын баяндама мен қарардың жобасын мақұлдады. Оған қоса Ұйым елдерiнде алдағы 2010 жылы ЕҚЫҰ экономикалық және экологиялық мәселелер жөнiндегi жылсайынғы XVIII жиыны қарсаңында ЕҚЫҰ-ның болашақтағы төрағасы ретiнде Қазақстанға қазiргi қаржы және экономикалық дағдарыс зардаптарын күн тәртiбiне енгiзудi және оны қарауды ұсынылып отыр. Азық-түлiк қауiпсiздiгi мәселелерi ЕҚЫҰ-ның Вильнюстегi кезектi сессиясының күн тәртiбiнде маңызды орын алары даусыз.

Ашық үнқатысу тұрғысында өткен отырыста ЕҚЫҰ елдерiнiң көпшiлiгi Ұйым iшiндегi жаңа iргелi қарым-қатынастардың бастауы бола алатын Ресей Федерациясымен берiк те сындарлы ынтымақтастыққа шешiмдiлiгiн байқатып отырғанын айтқан орынды. “Бiз бен Ресей бiр-бiрiн қарсыластар ретiнде қарастырмайды, бiздiң ортақ мақсатымыз бұрынғы қайшылықтар мен әрiптестiктiң жалғасы, өзара сенiмдi нығайту мен ынтымақтастықты дамыту болып табылады”,-дедi осыған байланысты ЕҚЫҰ мiндетi ең алдымен келешектiң құрылысы екенiн атап өткен ЕҚЫҰ Парламенттiк Ассамблеясының Президентi Жоао Соареш.

Отырысқа қатысушылар сондай-ақ Ассамблея қызметiнiң кейбiр аспектiлерiн мен оның миссиясын талқылады, қазынашы Ганс Райдель мен Ұйымға алдағы Қазақстанның төрағалық етуi осы заманғы көптеген маңызды мәселелердi шешуге қызмет ететiне сенiм бiлдiрген Бас хатшы Спенсор Оливердiң баяндамалары тыңдалды. Ассамблея бюджетiне қатысты айтқанда, басқа парламентаралық ұйымдарға қарағанда оның қазынасы мен штаты бұрынғыша ең азы болып қалып отыр. Соған қарамастан бәрiбiр үнемдеуге тура келедi. Ештеңе iстей алмайсың: дағдарыс, мырзалар, дағдарыс…

Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Португалия Республикасы Ассамблеясының басшысы Жайме Жозе Матош да Гамамен кездестi. Ол португалдық әрiптесiн Қазақстан Парламентiнiң қызметi, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың экономикалық және саяси реформалар бастамаларын заңнамалық тұрғыда қолдау, Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық етуге әзiрлiк пен “Еуропаға жол” мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асырудың барысы туралы таныстырды.

Орталық Азиядағы ахуал туралы хабардарлығын және Қазақстанға зор ықыласын айғақтай отырып Ж. да Гама Қазақстан-Португал ынтымақтастығын дамытуға және екi ел Парламенттерi арасындағы қарым-қатынастарды одан әрi нығайтуға мүдделiлiгiн бiлдiрдi.

Сапар қорытындысында Қасым-Жомарт Тоқаев ЕҚЫҰ Парламенттiк Ассамблясының Президентi Жоао Соарештiң шақыруы бойынша Галуст Гулбенкян қорында болды.

Бұл қор белгiлi меценат Галуст Гулбенкянның өсиетi бойынша Португалияда және одан тыс жерлерде көркемдiк, мәдени және қайырымдылық бастамаларын қолдауға бағытталған қызметiн белсендi түрде жүргiзiп келедi. Соңғы төрт ғасырда осы отбасының барлық ұрпақтары ауруханаларды, мектептер мен шiркеулердi, суретшiлер мен санаткерлердi қаржылай қолдау жасады, босқындар мен мұқтаждарды тұрғын үймен және мүлiкпен қамтамасыз етiп келедi. Бүгiнде қордың бағдарламалар мен жобалары арасында – сандық көркем мұрағатты жасау, маляриямен күресте иммунобиологиялық стратегияны әзiрлеу, экология саласындағы медициналық зерттеулердi қолдау, атмосферадағы ауаның сапасын арттыру және басқа да мәселелер бар.

Мұражайдағы жәдiгерлермен және көркем галереямен таныса отырып Қ.Тоқаев қор және оған ұқсас ұйымдар қызметiнiң жоғары адамгершiлiк құндылықтары мен өнердi, көркем шығармашылықты, бiлiм мен ғылымды дамытудағы зор әлеуметтiк маңызын атап өттi.

Владимир БОЙКО

Серіктес жаңалықтары