“ДАУЫС” ҚАЗАҚ ГАЗЕТТЕРIНIҢ ТАРАЛУЫНА НЕГЕ ҚАРСЫ?

“ДАУЫС” ҚАЗАҚ ГАЗЕТТЕРIНIҢ ТАРАЛУЫНА НЕГЕ ҚАРСЫ?

“ДАУЫС” ҚАЗАҚ ГАЗЕТТЕРIНIҢ ТАРАЛУЫНА НЕГЕ ҚАРСЫ?
ашық дереккөзі
236

Елiмiздегi мерзiмдi басылымдарды бөлшек саудада таратумен айналысатын “Дауыс” акционерлiк қоғамы қазақ газеттерiнiң таралуына түбегейлi қарсы. Оның дәлелi — қазақ газеттерiн газет дүңгiршектерiне қоюға алмай отырғандығы. Осыған орай, “Қазақ газеттерi” ЖШС-нiң Бас директоры, “Мәдениет”, “Ақиқат”, “Жұлдыз” журналдары мен “Ана тiлi” газетiнiң бас редакторларының қолы қойылған Үндеу қабылданды. Үндеу Көлiк және Коммуникация министрлiгi мен “Дауыс” Акционерлiк қоғамының президентi А. Смаиловқа жолданған екен.

Онда “Электронды ақпарат құралдары негiзiнен орыс тiлiнде, ал газет-журнал сияқты баспасөз құралдарының 6000-ға жуығы орыс тiлiнде таратылады екен. Олардың көпшiлiгi Ресейден әкелiнедi немесе Қазақстанда шығарылып Ресейдiң саясатын жүргiзетiн газет-журналдар. Ал қазақ тiлiндегi басылымдардың таралымы олардан бiрнеше жүздеген есеге кем.

Бiрiншiден, тек Алматы қаласындағы газет-журнал дүңгiршектерiнiң көпшiлiгiнде қазақша басылымдар көзден тасалау жерге қойылатыны немесе мүлде жасырылып тасталатыны талайдан берi айтылып та, жазылып та келедi. Бiрақ соның ешқайсысына бiрде-бiр рет не ресми жауап берiлiп, не сатушыларға шара қолданылып көрген емес.

“Дауыстың” қазақша басылым редакцияларымен жасаған келiсiм-шарттарды қалай орындап отырғанына келейiк. Мысалы, “Мәдениет” журналы сiздермен 2007 жылдың шiлде айында қарым-қатынас жасағаннан берi журналды тарату, сатудан түскен қаражатты алу сияқты шаруаларда қолдан жасалған қиыншылықтардан көз ашпай келедi. Журналдың өзiндiк құны 240 теңге, ал ол сiздерге 150 теңге бағамен берiледi. Сiздер оны 220 теңгеден сатасыздар. Ол аз болғандай Сiз 2009 жылы бұрынғы келiсiм-шартқа журналды өңдегенiмiз, сұрыптағанымыз үшiн журналдың әр данасына 40 теңгеден газетке 20 теңгеден төлейсiздер деген тағы бiр қосымша енгiзiп қойыпсыз. Ал бiз айына тек қаладағы сауда орындары арқылы сатуға 200 данасын берiп тұруға келiстiк. Олардың көпшiлiгi өтпей қалды деп керi қайтарылуда. Биылғы қаңтардың 29-ындағы өзара есептесу актiсi бойынша “Дауыс” тек “Мәдениет” журналының өзiне 166 мың 200 теңге қарыз. Бiзге 2008 жылы сатылған журналдың ақшасы әлi қайтарылған жоқ.

Ал, негiзiнен қазақ тiлiнде шығатын “Экономика” газетiн 2008 жылдан бастап аламыз деп кейiн оны да киоскiлерге алмай қойғандарыңызды қалай түсiнуге болады? Сiздiң вице-президентiңiз А. Ф. Кудревская қазақ басылымдарының тарауына ықыласы жоқ екенiн де байқатты. Әйтпесе, ол кiсiнiң “Киоскiлерде орын жоқ” дегенiн қалай түсiнуге болады” делiнген.

Серіктес жаңалықтары