ВАССЕРМАН УКРАИН ТIЛI ОРЫС ТIЛIНIҢ ДИАЛЕКТIСI ДЕЙДI

ВАССЕРМАН УКРАИН ТIЛI ОРЫС ТIЛIНIҢ ДИАЛЕКТIСI ДЕЙДI

ВАССЕРМАН УКРАИН ТIЛI ОРЫС ТIЛIНIҢ ДИАЛЕКТIСI ДЕЙДI
ашық дереккөзі
329

Ресей президентiнiң саяси кеңесшiсi Анатолий Вассерман Russia.ru телеарнасына берген сұхбатында украин тiлiн орыс тiлiнiң бiр диалектiсi дедi. “Украиндықтар украин тiлiн жеке тiл ретiнде қалыптастыруға бар күш-жiгерiн жұмсап жатыр.

Алайда, одан ештеңе өнер емес. Украинада бiртiлдiлiктiң насихаты өте күштi сипат алып барады. Олар егер украин тiлi орыс тiлiмен бәсекеге түсетiн болса, ерте ме, кеш пе жер бетiнен жоғалып кететiнiн бiледi. Лингвистердiң бiр жарым ғасырлық еңбегiне қарамастан украин тiлi — жеке тiл ретiнде өмiр сүре алмайды. Бұл диалект, оны дәлелдеу оңай. Олар лексиканы адам танымастай өзгертуге күш салды. Бұны жасау қиын емес. Русияның оңтүстiгiндегi диалектiнi алды да әдеби нормаға сай келмейтiн сөздер жасап шықты. Егер, орыс лексикасынан өзгеше сөз тапса, оны украинаның төл сөзi деп жариялайды. Алайда, синтаксистi олай өзгерту мүмкiн емес. Украин тiлiнiң синтаксисi әлi күнге дейiн өзгермеген орыс тiлiнiң синатаксисi.” дейдi ол.

Есенгүл КӘПҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары