“БТА” БАНКIНIҢ РЕСЕЙГЕ САТЫЛУЫ МҮМКIН

“БТА” БАНКIНIҢ РЕСЕЙГЕ САТЫЛУЫ МҮМКIН

“БТА” БАНКIНIҢ РЕСЕЙГЕ САТЫЛУЫ МҮМКIН
ашық дереккөзі
374

Iргедегi Ресей жекеменшiк банктермен қоса федерациялық маңызы бар кәсiпорындардың да iсiне көз сала бастады. Осы үрдiспен бiраз жекеменшiк шаруашылық субъектiлерiн үкiмет иелiгiне көшiруге әзiр. Негiзi, Ресей Федерациясында әлi де болса мемлекеттiк меншiк үлесi бiздегiден әлдеқайда мол. Ендi сол үлес Белоруссия мен Қазақстан нысандарының есебiнен молая түспекшi. Яғни, ТМД құрамындағы екi елдiң кейбiр компанияларының 100 пайыздық акциясын сатып алатынын баса айтып отыр. Украинаға әзiрге еш қауiп жоқ, Ресей бұған асығар емес, әлiптiң артын бақса керек.

Ресей Жинақ банкi Қазақстандағы мемлекет қарамағына өткен “БТА” банкiнiң активтерiне қол сұғуда. Қазақстандық банктi сатып алу жөнiндегi келiсiм әзiрге екi ел арасында құпия жүргiзiлуде. Тiптен, қандай шарттар мен талаптар қойылып отырғанын бiлу мүмкiн болмай отыр. Дегенмен де Ресей тарапынан келiп түскен мәлiметтерге сүйенсек, Ресей Жинақ банкi басқармасы төрағасының орынбасары И.Салонен көп ұзамай “БТА” банкiн сатып алатынын айтып та үлгерген. Сонымен қатар, ойда Қытай мен Үндiстан нарығы бар екенiн де жасырмады.

Осыдан аз ғана уақыт бұрын ТМД елдерiндегi үздiктердiң қатарына қосылып үлгерген “БТА” банкiнiң құны құлдилап барады. Ресей Жинақ банкiнiң қоржыны да мығым емес сияқты, сол себептен арзан бағаға алуға ұмтылуда. Сыртқы қарыздарын есептеп, сарапшылардың көмегiмен неғұрлым аз қаржы салуды көздеп отырғаны анық. Кезектi келiссөздердiң жиiлеуi, бiр бiтiмге келiп, бiр жеңнен қол шығара алмай отырғандарының басты себебi — банктiң сыртқы қарызы 14 млрд. долларды құрайды. Ресей қаржыгерлерiн алаңдатып отырған да осы сома.

“БТА” банкi несиелiк портфелiнiң 47 пайызы шетелде, басым бөлiгi Ресейде. Ендеше олар бекер қызығушылық танытып отырған жоқ. Егер қаржы саясатын шетелдiктер жүргiзiп отырса, мемлекетке қауiп қайдан келедi? Айналымды реттеп, өздерiне тиiмдi акцияларды шетелге шығаруы мүмкiн. Ал ел iшiнде бiздiң заңдық құқықтарды сақтап отыруы да күдiктi нәрсе. Жалпы шетелдiк банктердiң жергiлiктi банктердi толық пайызды акциясымен сатып алып, үстемдiк құруы еш жақсылыққа апармасы анық. Десек те, дәл қазiргi жағдайда олар халыққа қызмет етудiң жоғарғы деңгейiн үйретедi, банктер арасындағы бәсекелестiктi оятады. Қазiргi жағдайымызда банктердi мемлекет өз уысында ұстағаны жөн болар едi. Бiрақ, шетелдiк акциялары бар банктер елiмiзде көбейiп қалды.

Бәрiн айтта бiрiн айт, шетелдiктер халыққа несие беруге құлықты ма? Ресей Жинақ банкi Қазақстан нарығына өттi, әрине, “БТА” арқылы. Ендi Ұлттық әлауқат “Самұрық — Қазына” қорының тапсырған шағын және орта кәсiптi қолдау мен ипотекалық несиенi қайта қаржыландыруы тоқталып қалмай ма? Халықты толғандырып отырған мәселенiң бiрi осы болса, екiншiсi “БТА” мен бiрге мемлекет меншiгiне өткен “Альянс” банкте осындай күй кешпесiне кiм кепiл? Шетелдiктердiң азу тiсiн батырар сәттi күтiп жүргенiн есте сақтайық. Ал Үкiмет болса, дағдарыстан құтқарар қара жол осы деп шешетiн сияқты.

Ақниет Бейiмбетқызы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студентi

Серіктес жаңалықтары