МӘСКЕУДЕ “АЛАШ” ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ТАРИХЫ ТУРАЛЫ КIТАПТЫҢ ТҰСАУКЕСЕРI БОЛДЫ

МӘСКЕУДЕ “АЛАШ” ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ТАРИХЫ ТУРАЛЫ КIТАПТЫҢ ТҰСАУКЕСЕРI БОЛДЫ

МӘСКЕУДЕ “АЛАШ” ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ТАРИХЫ ТУРАЛЫ  КIТАПТЫҢ ТҰСАУКЕСЕРI БОЛДЫ
ашық дереккөзі
278

Ресей астанасы Мәскеуде қазақ ғалымы Дина Аманжолованың “На изломе. Алаш в этнополитической истории Казахстана” атты еңбегiнiң тұсаукесер рәсiмi болып өттi. Шара Қазақстанның Ресейдегi елшiлiгiнiң ғимаратында ұйымдастырылды.

Оған Қазақстанның Ресейдегi Төтенше және өкiлеттi елшiсi Әдiлбек Жақсыбеков, мемлекеттiк тiлдi дамыту қорының директоры Берiк Әбдiғали, “Нұр Отан” ХДП-ның хатшысы Ерлан Қарин, қазақстандық және ресейлiк тарихшы ғалымдар қатысты.

Салтанатты шараға қатысушылар “Алаш” қозғалысының феноменi жалпыұлттық деңгейде әлi күнге дейiн тарихи және ғылыми тұрғыда өзiне лайық бағасын алған жоқ. Дина Ахметжанқызының бұл еңбегi аталған олқылықтың орнын толтыруға қосқан үлес болды деген пiкiр айтты. Мәскеулiк қандасымыздың бұл еңбегi мемлекеттiк тiлдi дамыту қоры мен “Нұр Отан” ХДП-ның қамқорлығы аясында жақында Қазақстанда жарық көрген едi.

“Автор “Алаш” қозғалысының 90 жылдығына осынау тың еңбегi арқылы баға жетпес тарту жасады деп есептеймiн. Әрi компартияның қанқұйлы саясатының кесiрiнен опат болған қазақ зиялылары туралы кiтаптың тұсакесерi Мәскеу төрiнде өтуi де маңызды оқиға болды” дедi мемлекеттiк тiл дамыту қорының директоры Берiк Әбдiғали.

Дина Аманжолова “Алаш” тақырыбын 10 жылдан астам уақыт зерттеп келедi. Ғалым 1995 жылы осы ұлт-азаттық қозғалыс тақырыбында докторлық диссертация қорғаған едi.

Серіктес жаңалықтары