ҚАЗАҚСТАНДА ЖАҢА ВАГОН ҚҰРАСТЫРУ ЗАУЫТЫ ҚҰРЫЛДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ЖАҢА ВАГОН ҚҰРАСТЫРУ ЗАУЫТЫ ҚҰРЫЛДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ЖАҢА ВАГОН ҚҰРАСТЫРУ ЗАУЫТЫ ҚҰРЫЛДЫ
ашық дереккөзі
377

2009 жылдың 12 ақпан күнi, Алматы қаласында, “Atameken Holding” қаржы және өнеркәсiп тобы (Қазақстан Республикасы) мен “Завод металлоконструкций АҚҚ (Ресей Федерациясы) “Экономтрансконсалтинг” (Қазақстан Республикасы) ЖШС-нiң қатысуымен бiрiккен қазақстандық ресейлiк “Аралвагон” вагон құрастыру зауытын құру жайында келiсiмге қол қойды.

Зауыт жартылай жүк вагондарын, iрi тонналы жүк контейнерлерiне арналған вагон платформаларды және өзге өнiмдердi шығару iсiмен айналысатын болады. Сонымен бiрге екi жақ осы жобаны жүзеге асыру, бұрынғы “Арал вагон жөндеу” зауытының ғимараттарын қайта құру, қажеттi инженерлiк коммуникациялармен, технологиялық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, сондай-ақ мамандар даярлау мәселелерiн талқылады. Үстiмiздегi жылдың май айында зауыт ең алғашқы вагондарды құрастыруды жоспарлап отыр. Бұл жобаның жүзеге асуы Қазақстан мен Ресей елдерi арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға екi елдiң машина жасау саласын қарқынды дамытуға ықпал болмақ.

Әйгерiм БАҚЫТҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары