МӘЖIЛIС МЕМЛЕКЕТТIК ТIЛГЕ КӨШУДЕ

МӘЖIЛIС МЕМЛЕКЕТТIК ТIЛГЕ КӨШУДЕ

МӘЖIЛIС МЕМЛЕКЕТТIК ТIЛГЕ КӨШУДЕ
ашық дереккөзі
219

2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мәжiлiс Аппаратында құжаттармен iс жүргiзу мемлекеттiк тiлге көшуде. Бұл Қазақстан Республикасы Президентiнiң “Тiлдердi дамыту мен жүзеге асырудың 2001-2010 жылдарға арналған Мемлекеттiк Бағдарламасы туралы” Жарлығы мен осы салаға қатысты Мемлекет басшысының шығарған актiлерiне сәйкес жүзеге асырылып отыр.

Палатаның Аппараты мемлекеттiк тiлдi қолдану саласын кеңейту үшiн тiлдi үйрететiн, жаңа технологиялар мен әдiстердi енгiзетiн ұйымдастыру-техникалық шаралар кешенiн жасады.

Осы мақсатта ҚР Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Тiл комитетi жанындағы, Ш. Шаяхметов атындағы Тiлдердi дамытудың республикалық ұйымдастыру-әдiстемелiк орталығының қызметiн пайдалану туралы шешiм шығарылды.

11-ақпанда аталған Орталықтың қолдауымен Мәжiлiс Аппаратында мемлекеттiк тiлдiң деңгейiн анықтайтын тестiлеу бағдарламасының тұсаукесерi өтпек. Ал 12-13-ақпанда қазақ тiлiн жетiк меңгермеген Аппараттың мемлекеттiк қызметкерлерi алдын ала сынақ тестiнен өткiзiледi.

Сол арқылы әрбiр парламенттiк қызметкердiң мемлекеттiк тiлдi меңгеру деңгейi анықталады. Нәтижесiнде мемлекеттiк тiлдi тереңдете бiлгiсi келетiндерге жағдай жасалатын болады.

Серіктес жаңалықтары