“АЛТЫН САМҰРЫҚ” КIМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

“АЛТЫН САМҰРЫҚ” КIМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

“АЛТЫН САМҰРЫҚ” КIМГЕ БҰЙЫРАДЫ?
ашық дереккөзі
394

Астана қаласындағы “Алтын Самұрық” өнер орталығы — Қазақстан эстрада жұлдыздарын қолдауды, қазақ өнерiнiң дамуын бағыт-бағдар етiп ұстанған бiрегей ұжым. Бұған дейiн, Астана қаласында өткен шараларымызда, халықтың қалауы және қазылар алқасының шешiмi бойынша 2005 жылы әншi Қарақат Әбiлдина, 2007 жылы “Музарт” тобы “Алтын Самұрық” иегерлерi атанды. Биылғы “Алтын Самұрық” марапаттау рәсiмiнiң басты жаңалығы, шара елiмiздегi өнерпаздардың басым бөлiгi қоныстанған Алматы қаласында өтпек. Мәдени шара Республика сарайында 10-11- ақпанда өтедi.

Биылғы “Алтын Самұрық” марапаттау рәсiмiн Халық әртiсi Роза Рымбаева жүргiзедi. Шараның алғашқы яғни, ақпанның 10-ы күнi, “Жыл әншiсi”, “Жыл жаңалығы”, “Жыл тобы”, “Жыл альбомы” сынды бiрқатар номинациялар бойынша өнер жұлдыздары марапатталады. Қай орындаушы қандай номинацияны иеленедi, ол әзiрге құпия. Ал екiншi күнi, ақпанның 11-де қазылар алқасы тарапынан таңдалған үздiк 10 жұлдыз өздерiнiң арасынан, бiр-бiрiне дауыс беру арқылы “Алтын Самұрықтың” иегерiн анықтайды. Алтын мүсiнше гауҺар тастармен (бриллиант) безендiрiлген. Жүлде жалғыз. Мәдени шараға қатысатын өнер иелерi 40-қа жуық.

Ел өнерiн өркендетуге атсалысып жүрген отандастарымыз бүгiнгi таңда еңбектерiн бағалап, ертеңгi күнге серпiн берер, бiрегей марапат “Алтын Самұрықтың” кiмге бұйырарын күтiп, демдерiн iштерiне тартып отыр. Оны да анықтар күн алыс емес. 10-11-ақпан күндерi Алматы қаласындағы Республика сарайында ұлттық өнерiмiздiң саңлағы “Алтын Самұрық” иегерi белгiлi болады.

Серіктес жаңалықтары