YЗДIКТЕРГЕ СТИПЕНДИЯ БЕРIЛДI

YЗДIКТЕРГЕ СТИПЕНДИЯ БЕРIЛДI

YЗДIКТЕРГЕ СТИПЕНДИЯ БЕРIЛДI
ашық дереккөзі
327

“Шеврон” компаниясы Қаныш Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетiмен әрдайым әрiптестiк байланыс жасап келедi. Соның бiр көрiнiсi, өткен аптада “Шеврон” компаниясының бiрқатар студенттерге стипендиялық бағдарламасы бойынша сертификаттар табыс етуi.

Бұл бағдарлама техникалық мамандықтар бойынша жүзеге асып келедi. Салтанатты рәсiмге аталмыш корпорацияның Еуразиялық бөлiмшесi Басқарушы Директорының орынбасары Дональд Стеллинг қатысып, жеңiмпаздарға сертификатты табыс еттi.

“Университеттермен серiктестiк бағдарламасы “Шеврон” компаниясының бүкiл дүние жүзi бойынша дарынды жастарды айқындауды мақсат тұтқан бастамаларының бiр көрiнiсi болып саналады. Бiз АҚШ, Канада, Австралия, Венесуэла, Таиланд, Индонезия, Үндiстан, Оңтүстiк Африка, Ұлыбритания және Қазақстан — барлығы 10 мемлекеттiң ең үздiк 18 жоғары оқу орнымен ынтымақтастық құрып отырмыз. Бағдарлама аясында бiз университеттерге жаңа оқу бағдарламаларын енгiзуге, материалдық-техникалық жағдайды жақсартуға көмектесемiз әрi үздiк оқитын студенттерге гранттар мен стипендиялар тағайындаймыз”, – дейдi Дональд мырза.

Аталмыш бағдарлама аясында үздiк 21 студентке жартылай және толық стипендия тағайындалыпты. Бұл студенттердiң бiр жылғы оқу ақысы көлемiнде мөлшерленген. Бұдан өзге “Шеврон” компаниясы университеттiң бiрқатар кафедралары мен институттарына жаңа лабораториялық құрал жабдықтар мен компьютерлiк сыныптар тарту еткен болатын.

Гүлзина Бектасова

Серіктес жаңалықтары