СЕЗДIҢ БЕ?
СЕЗДIҢ БЕ?
Алдыңнан өттiм, Қарағым,
Сен соны, сiрә, сездiң бе?
Жыраққа сонау… қарайлай кетiп барамын,
Амалым қанша, ренжiме.
Еске алып сүйген таң нұрын,
Бала қаздай бiр түледiк.
Пәк сезiмнiң бал қадiрiн
Мезгiлiнде бiз бiлмедiк.
Алдыңнан өттiм, Қарағым,
Жан сырын өзiң ұқтың ба?
Қиыла келiп қарадың,
Құшағыңа үнсiз тұттың да.
Алдыңнан өттiм, Қарағым,
Сен соны, сiрә, сездiң бе?
Жүрекпен түйсiн сабағын…
Қоштасқан шерлi кездiң де.
Алысқа баста, сүйiктiм, менi…
Жанымдағылар жүнжiттi, тегi.
Бейтаныстардың қасында жанға
Тұтайын жақын бiр ғана Сенi.
Асқарға шақыр, шын сүйсең, қалқам,
Ортада марғау… қалмас та қаңқам.
Арманды шыңға батыл жол салсаң,
Сырымды, бәрiн сапарда айтам.
Биiкке баста, аясаң менi…
Жанымды жеуде тауқымет жегi.
Тың сүрлеуменен тәуекел етсең,
Құлай да сүйiп кетермiн Сенi!
…Асқарға шақыр —
Арманды шыңға.
Алысқа, мақұл…
Биiкке баста!
Өтедi бәрi…
Кетедi бәрi өмiрден,
Өшедi бәрi…
Көшедi бәрi көңiлден.
Тiрлiкте мынау…
Мәңгiлiк жоқ ештеңе,
Үгiтiледi…
Мызғымас болып көрiнген.
Шексiз ғаламда, тамшы болып бiр тамсаңыз,
Жастығыңнан да, мастығыңнан да…
қалмас iз.
Сәйгүлiк-уақыт жалына… тас боп жармаспай.
Кедергi құзда "тәуекел" деген желқайық… батып салсаңыз.
Жалғызсырап жыр жазып, сыр төгемiн.
Бәйшешектен бүр жарып, көктегенмiн.
Үлбiреген жауқазын жұпарынан…
Сезiмiмдi от шарпып, өртенемiн.
Поэзия — Музасы шерменденiң,
Аулақ, менен ауылы пенделердiң.
Түрлi-түстi сынағын тiршiлiктiң…
Тағдырымның сынынан өткеремiн.
Мәңгiлiкке Ғашығы
Көктемдердiң —
Жаны бөлек, асылы,
Тың Әлеммiн —
Мен дегенiң!
Гүлсамал АЙМАХАНОВА