"МҰНАЙДЫ КӨБIРЕК ӨНДIРIҢДЕР"

"МҰНАЙДЫ КӨБIРЕК ӨНДIРIҢДЕР"

"МҰНАЙДЫ КӨБIРЕК ӨНДIРIҢДЕР"
ашық дереккөзі
169

АҚШ Федералдық қор жүйесiнiң бұрынғы басшысы Алан Гринспен араб елдерiн мұнай өндiру саласын дамытуға шақырды. Америкалық шенеунiктiң бұл кеңесi әлемдiк нарықтағы мұнай шикiзатына деген сұраныстың өсуiне және "қара алтын" тапшылығына жол бермеуге қатысты.

Сауд Аравиясындағы Джидда қаласында өткiзiлген 9-экономикалық форумда араб елдерiнiң валюталық жүйесiне байланысты ескертулерiн жеткiзген Алан Гринспен халықаралық биржалардағы "қаны жерге тамбай" тұрған "қара алтын" мәселесiн айналып өтпедi. Оның пiкiрiнше, бiразға дейiн мұнайдың құны жоғары болады: "Егер резервтiк өндiру қуаты арттырылмаса, нарықтағы мұнай бағасын қымбаттатуға жан-жақты қысым жасалмақ. Тек мұнай шикiзатын өндiру көлемiн өсiргенде ғана баға тұрақтанады. Ал бағаны көтеру арқылы мәселенi шешем деу – дұрыс қадам емес". Сарапшылар пiкiрiнше, әлемдiк нарықтағы мұнай бағасының қымбаттауына Таяу Шығыс, Нигерияда, Венесуэла мен Колумбияның шекаралық аудандарындағы саяси тұрақсыздық себеп болған.

ҚЫТАЙЛАР ТАҒЫ БАСЫП ОЗДЫ

Халықаралық нарықтағы сыйлықтық бұйымдардың 60 пайызы Қытайдың үлесiнде көрiнедi. Бұл көрсеткiштi одан ары өсiруге мүдделi Пекин 20 наурызда Халықаралық сыйлықтық бұйымдар мен тұрмыстық заттар көрмесiн 6-рет өткiзгелi отыр.

Қытайдың жеңiл өнеркәсiп федерациясының мәлiмдеуiнше, 2006 жылы аспан асты елiнде өндiрiлген сыйлыққа тартылатын бұйымдардың жалпы көлемi 200 млрд. юаньға жеткен (28,2 млрд. АҚШ доллары). Бұл — әлемдiк нарықтың 60 пайызын қытайлардың заттары толтырады деген сөз. Қазақстанда жабылып жатқан кәсiпорындар саны ашылып жатқандарына қарағанда, бiр-бiр жарым есеге көп. Демек, адал маңдай терiмен пайда тапқандар месе, банкротқа ұшырағандар саны артып отыр. Соңғы 7-8 жылда қазақстандық жеңiлөнеркәсiп саласында тауар өндiру көлемi 900 (!) есеге төмендеген. Ал дүниежүзiлiк нарықты жауалап алған қытайларда керiсiнше, шағын және орта кәсiпкерлiк шаш-етектен пайда тауып, мемлекеттi гүлдендiруге қомақты үлес қосуда. Мысалы, бiр ғана сыйлыққа тартылатын бұйымдар жасайтын кәсiпорындар саны 100 мыңнан асып жығылады екен. Олардың басым бөлiгi мемлекеттiк емес.

ЛОНДОНДЫҚ БАНКТЕР ЕКIГЕ БӨЛIНДI

РФ азаматы болып табылатын екi олигархтың мүддесi көздеген лондондық банкирлер екi топқа бөлiнiп кеттi. Бiр-бiрiмен бәсеке көрiгiн қыздырған ағылшындар iскерлiктерi сынға салынатын күресте озып шығуға жанталасуда.

Ресейлiк миллиардерлер Дерипаска мен Османов жалпы құны 27 млрд. фунтқа (54 млрд. АҚШ доллары) бағаланып отырған "Норильдiк никельдiң" басшылығына жағатын ұсыныстарды дайындап жатыр. Олег Дерипасканың "Орыс аллюминийi" компаниясы Merrill Lynch пен Credit Suisse бастаған 6 банктiң қызметкерлерiн серiктестiкке шақырды. Тау кен орындарын игеретiн орыс миллиардерi "Норильдiк никель" кәсiпорнын "жұтуға", соның арқасында кәсiпкерләк шеңберiн кеңейтуге мүдделi. Осы аптада ол компанияның 25 пайыз активi мен 1 пайыздық акциясын сатып алмақшы. Алайда, екiншi орыс қалталысы Әлiшер Османов өзiнiң қолындағы "Металлоинвест" компаниясына "Норильдiк никель" "ауадай қажет екенiн" айтады. Ол Dresdner Kleinwort пен Citygroup банктерiнiң қызметкерлерiне сенiм артқан. Бейресми деректерге сүйенсек, Кремль Дерипаскаға қолдау көрсетедi. Өйткенi, Османовтың ұлты өзбек әрi бәсекелесiмен салыстырғанда, саяси және бизнес элитаға сөзi өтiмдi емес.

Нәзия ЖОЯМЕРГЕНҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары