ҚАЗКОММЕРЦБАНК ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯЛАРЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРМАҚ
ҚАЗКОММЕРЦБАНК ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯЛАРЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРМАҚ
Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық тұрақты дамуы бойынша мемлекеттiк бағадарламаны жүзеге асыру аясында Қазкоммерцбанк үлескерлерге қолдау көрсету барысында "Қазына" ТДҚ-ры Астанадағы құрылыс нысандарын қаржыландыруға бөлген қаражатты игеруде жоспарды асыра орындады.
Естерiңiзге сала кетейiк, 2007 жылы 6-шы желтоқсанда Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық тұрақты дамуы бойынша Мемлекеттiк бағдарламаны жүзеге асыру аясында Қазкоммерцбанк өзге де екiншi деңгейлi банктердiң қатарында Қазақстан Республикасының Үкiметiмен, "Қазына тұрақты даму қоры" АҚ-мен және "Қазақстандық ипотекалық компания" АҚ-мен келiсiмге қол қойды. Келiсiмде Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық тұрақты дамуы бойынша Мемлекеттiк бағадарламаны жүзеге асыру шарттары, оның iшiнде Астана қаласындағы тұрғын үй құрылыс нысандарын аяқтауды қаржыландыру қарастырылған.
Келiсiмнiң шарттарын орындай отырып, ҚАЗКОМ 16 жобаны қаржыландырмақ. 2008 жылдың 1-шi тоқсанында банк, Астана қаласындағы екi iрi құрылыс нысандарын салушыларға қаржы бөлдi. Олар "BI group" және "Қуат" компаниялары. Бұл компаниялардың жобаларын ҚР-ның экономиканы модернизациялау бойынша мемлекеттiк комиссиясы мақұлдады. "1-шi ақпанға дейiн бiз құрылыс компанияларды қаржыландыру бойынша жоспарды 103%-ға орындадық", – деп мәлiмдедi Қазкоммерцбанктiң Өнiмдердi қолдау департаментiнiң директоры Мокроусов Сергей. Сондай-ақ, Мокроусов мырза екi компания да банктiң клиенттерi екенiн атап өттi.
"Базис" компаниясы құрылысты аяқтау үшiн банк, компанияға қаржылық көмек көрсетедi деп шешiлген болатын. Алайда бүгiнгi таңда компания мемлекеттiң қаржыландырылуына зәру емес. Сондықтан банк жобаларды қаржыландыруға алған қаражатты мезгiлiнен бұрын "Қазына" ТДҚ АҚ-на қайтарған болатын.
"Қазына" ТДҚ АҚ-ның қаражаты тоқсан сайын кестеге сәйкес мемлекеттiк бағадарламаға қатысушы-банктерде шұғыл салым ретiнде қайтарма және ақылы негiзде орналастырылатын болады. Осы салымдарда жатқан ақша мемлекеттiк бағдарламамен қарастырылмаған жобаларға жұмсалмайды. Сондай-ақ, банк тарапынан қаржыландыратын жобалардың барлық несиелеу тәуекелдiктерiн банк өз мойнына алуда.
"Үкiметпен және Қазынамен келiсiп, бар сома құрылыс компанияларға кесте бойынша берiлдi", – дейдi Мокроусов мырза.
Сыйақы мөлшерлемесi және құрылыс компанияларды несиелеу шарттары нарыққа сәйкес және қарыз алушының несие тарихы, нысанның аяқталу дәрежесi, сатылу дәрежесi, қарыз алушының баға саясаты, құрылыстың өзiндiк құны, несиелеу мерзiмi сияқты тәуекелдiк жиынтығына байланысты есептеледi. Мемлекеттiк бағдарламаның шарттарына сәйкес, банктер Үкiмет мақұлдаған компаниялардың жобаларын қаржыландыруда шешiмдi өз бетiнше қабылдайды.
Қазiргi таңда Қазкоммерцбанк үлескерлердi мемлекет тарапынан қолдау бағдарламасының екiншi тармағына кiрiспекшi. Банк клиентерi – Алматының құрылыс компанияларын қаржыландыруды қолына алмақ.
Г.ТҰРҒАНБАЙҚЫЗЫ