КЕРАМИКА ЖӘДIГЕРЛЕРIН ҚАЛПЫНА КЕЛТIРУ

КЕРАМИКА ЖӘДIГЕРЛЕРIН ҚАЛПЫНА КЕЛТIРУ

КЕРАМИКА ЖӘДIГЕРЛЕРIН ҚАЛПЫНА КЕЛТIРУ
ашық дереккөзі

ҚР МОМ қорындағы археологиялық жәдiгерлердiң бiрсыпырасын керамика бұйымдары құрайды. Бұлар Қазақстан тарихында дала мен қала мәдениетiндегi тарихи болмыстан көптеген мағлұматтарды бере алатын құнды экспонаттар.

Керамика — (грек: keramos > қыш-құмыра өнерi) деп балшықтан, қыштан жасалынған бұйымдарды атайды. Керамика бұйымдары табиғаттағы топырақ, су, от үшеуiнiң үйлесiмдiлiгiнен жасалатын аса ежелгi дәуiрден бастау алған күнделiктi тұрмыстық бұйымдар болып табылады. Керамика бұйымдарын жасау сонау неолит (б.з.д. IV мың жылдық) дәуiрiнен басталды, адам өмiрiндегi материалдық мәдениетiнiң басты факторына айналды. Археологиялық қазбалар барысында керамика бұйымдары жиi табылады әрi олар сол бұйымдардың хронологиялық мерзiмiн анықтаудың өзектi элементi болып отыр. Шындығында қазбалардан табылған керамика бұйымдарынан сол замандардағы тарихи болмыс, технологиялық даму, тiптi тұрмыстық өзгерiстердi байқауға болады. Сонымен қатар, адамдардың жасаған керамика бұйымдарынан олардың шаруашылығы, наным-сенiмдерi және т.б. сан-алуан мәдени болмысы жайлы тарихи мәлiметтердi бiле аламыз. Қазақстанда энеолит дәуiрiнiң керамика бұйымдары алғашқы жылқышылар мен аңшылардың қонысынан табылған. Ол Ботай мәдениетiне (б.з.д. III-II мың жылдық) қатысты. Қазақстан территориясында Еуразиялық кеңiстiкте кеңiнен тараған қола дәуiрi Андронов мәдениетiнiң (б.з.д. XVIII-X ғасырлар) ошақтары молынан кездеседi. Андронов мәдениетiнiң керамикасы сан түрлiлiгiмен, таңғажайып ою-өрнектерiмен ерекшеленедi. Андронов керамикаларындағы әшекейлерде қола дәуiрiнiң мифтiк, наным-сенiмдiк әрi эстетикалық болмысы кеңiнен көрiнiс тапқан. Орталық Қазақстандағы Атасу, Мыржық, Ақ-Мұстафа, Ақмая қоныстарында жүргiзiлген зерттеулер барысында мыс қорытатын ұзын түтiкшелi пештер табылған, онда керамика бұйымдарын күйдiрiп тұрған. Ежелгi көшпелiлер заманында Қазақстанның шығыс, оңтүстiк және орталық аумағында сақ мәдениетi (б.з.д. VIII-III ғасырлар) кеңiнен таралды. Көшпелi мал шаруашылығына орай тасымалдауға ыңғайлы жаңа ыдыстардың түрi атап айтқанда: дөңгелек пiшiндi шыныаяқ, қазан және құмыралар пайда болды. Бiздiң заманымыздың бас кезеңдерiнде Сырдария алқабы мен Арыс, Талас өзенi аңғарлары, Қаратау бойында егiншiлердiң қоныстары пайда болды. Дәл осы кездерде бұл аумақтарда кангю тайпалары мекендедi, олар Арыс, Қауыншы, Отырар-Қаратау мәдениетiнiң негiзiн қалады. Ал аталмыш мәдениеттерге тиесiлi керамика бұйымдары қыш шеберханаларында жасалынған әр түрлi су құмыралары, зооморфтық тұтқал шынылар, алуан түрлi ыдыстар болды. Сондай-ақ бидай тұқымдарын, ұнды, суды тасу, сақтау үшiн арнайы үлкен етiлiп жасалынған "құм" ыдыстар кеңiнен қолданылды. Орта ғасыр кезеңiнде яғни VI-XV ғасырларда қыш, керамика ыдыстарының пiшiнi, пропорциялық өлшемi, бедерлеу және т.б. жақтары ерекше өзгерiске ұшырады. Әсiресе қыштан жасалынған әр түрлi ою-өрнектермен көмкерiлген дөңгелек дастарқан, ошақтық "сандалдар", шырақтар кеңiнен пайдаланылды. Сонымен қоса IX-XV ғасырларда керамика ыдыстарының жылтырауықпен өңделiнiп боялған зооморфтық, эпиграфикалық өрнектерi мол түрлерi кеңiнен таралды. Бұл ретте Оңтүстiк Қазақстан мен Жетiсу, Сырдария бойындағы қарахан, моңғол, темiр дәуiрiнiң қалаларынан табылған керамика ыдыстарын ерекше атауға болады. Сондай-ақ, Батыс Қазақстандағы Алтын Ордалық ортағасырлық қалашықтарының ерекше бiтiмдi керамика бұйымдарын айтуға болады. Өңделiнген керамикалар шыныаяқ, ыдыс, табақ, құмыра және т.б. көптеген түрлерден кездеседi. Жалпы қыш өңдеу орталықтары сауда жол торабының Отырар, Тараз, Ақтөбе, Талғар, Сарайшық және т.б. қалаларында қарқынды дамыды. XI-XVI ғасырларда құрылыстық керамика дамудың жоғары деңгейiне жеттi. Онда Айша-бибi, Бабажа-қатұн, Қожа Ахмет Йассауи және Жошы хан кесенелерiнiң өрнектi бiрегей құрылыстық керамикаларын атауға болады. ҚР МОМ қорында керамика бұйымдары молынан сақталынып келедi. Музей қорындағы керамика бұйымдарының көпшiлiгiн археологиялық қазбалар барысында табылғандар құрайды, сондай-ақ, кездейсоқ табылғандары да баршылық. Солардың iшiнде, Оңтүстiк Қазақстаннан, Тараз қаласынан табылған қыш құмыра, хум (VIII-IX ғасыр), ежелгi Ақтөбе қалашығынан табылған қыш хум, қыш дастархан, Алматы облысы Талғар қаласы мен Шелек ауданынан табылған қыш ыдыстар, шырақтар, шүмектi ыдыстар (Х-ХII ғасырларға қатысты), көзелер, қазан және Отырар қаласынан табылған қыш бұйымдар, шыңылтырлы тостағандар, көзелер, сауыттар, тостағандар, сынап құтыларды (XII-XV ғасыр) атауға болады. Толық сақталынған керамика бұйымдары. Археологиялық қазба жұмыстары барысында жақсы сақталынған керамика бұйымдары молынан кездеседi. Ондай толық сақталынған бұйымдарды тұмшалау яғни консервациялау жұмысы атқарылады. Бұл бұйымдардың бұзылмай сақталуын қамтамасыз етедi. Ұзақ уақыт жер қойнауында жатқан бұйымдарды табиғи-химиялық әсерлерге ұшыратпай тасымалдау, көрмеге қою секiлдi жұмыстарды пайдаланғанда алдын-ала сақтау үшiн жасалады. Лабораторияда әуелi толық сақталынған керамика бұйымдарды жуып, тазалау жұмысы жүргiзiледi. Бұл керамика бұйымдарын алуан түрлi қабаттардан тазарту деген сөз. Сондай-ақ керамика бұйымының өз қалпын сақтап тұру үшiн де арнайы температуралық орта ескерiледi. Жартылай сақталынған керамика бұйымдары. Мұндай керамика бұйымдары жуып тазалаған соң қалпына келтiрiледi. Керамика бұйымдарының жарты бөлшектерi мен қатар ұсақ-ұсақ бөлшектерi де болады. Онда қалпына келтiруде желiмдеу әдiсi кеңiнен қолданылады. Желiмдеуде а) сыртқы тұсын желiмдеу арқылы, ә) желiмдеп бекiту ерiтiндiге салу арқылы атқарылады. Онымен қатар керамика бұйымдарын желiмдеуде желiмнiң түрлерiн дұрыс таңдау қажет. Ұсақталынған керамика бұйымдары. Керамика бұйымдарының бұл түрлерiн қалпына келтiру өте күрделi жұмысқа жатады. Өйткенi жүздеген бөлшектердiң ұсақтылығы мен сақталуына байланысты қалпына келтiру қарастырылады. Әрбiр ұсақ бөлшектердi құрастырып бiр кесекке жеткiзген соң, сол кесек тұстарды өзара берiк желiмделiнiп тұтасуын қамтамасыз ету қажет. Мұндай жұмыстар ұзақ уақытты талап етедi. Керамика бұйымдарын гипстеу. Жартылай және ұсақталынған керамика бұйымдарының кейбiр тұстары немесе бөлшектерi жетiспей қалады. Ондай тұстары үңiрейiп ашық болып, әрi сынып кетуге бейiм тұрады. Демек дәл осындай тұстары гипстелiнедi. Керамика бұйымдарды гипстеу арқылы бұйымның толықтай пiшiнiн қалпына келтiремiз әрi оның сақталуын, одан әрi бұзылмауын қамтамасыз ете аламыз. ҚР МОМ қорында сонау қола дәуiрiнен бүгiнге дейiнгi жүздеген керамика бұйымдары сақталуда. Республикамыздағы музейлiк құндылықтары бар керамика бұйымдарын қалпына келтiретiн бiрден-бiр орталық ҚР МОМ-де ғана бар. Алайда қазiргi замандық жаңа технологиялық құрал-жабдықтар әлi де жетiспейдi. Сонымен қатар, жоғары бiлiктi мамандарды дайындау iстерi де кенжелеп бара жатыр.
  Асан Құрақбаев