«АНА ТIЛI АРУЫНЫҢ» КОНЦЕРТI ӨТТI

«АНА ТIЛI АРУЫНЫҢ» КОНЦЕРТI ӨТТI

«АНА ТIЛI АРУЫНЫҢ» КОНЦЕРТI ӨТТI
ашық дереккөзі
247

Таяуда Алматыдағы Студенттер сарайында «Ана тiлi Аруы» байқауының концертi болып өттi. Айтулы мәдени шара 8 наурыз – халықаралық әйелдер күнiне орай арнайы ұйымдастырылыпты.

Концертке көрермендер көп жиналды. Оның да себебi бар. «Ана тiлi – ардағым» атты мәдени шараға эстрада жұлдыздарымен қатар «Ана тiлi Аруы» байқауының жеңiмпаздары қатысып, өнер көрсеткен едi. Концерттi «Жiгiттер» тобымен «Ана тiлi» басылымының жас журналисi, «Дарын» сыйлығының иегерi Мақпал Жұмабай жүргiздi. Кештiң екiншi бөлiгiн танымал тележурналист Данияр Есен өз қолына алды. «Жiгiттер» тобы, Қайрат Нұртас, Бүркiт, т.б. әншiлердiң орындауындағы әндер көрермендердi ерекше ықыласқа бөледi. Бiр қуантарлығы, концертте тек қана қазақша әндер шырқалды.

Әу бастан «Ана тiлi Аруы» атты байқау «Қазақ газеттерi» ЖШС-нiң төрағасы Мереке Құлкеновтiң бастамасымен дүниеге келген едi. Бүгiнде байқау өз көрермендерiн тауып, халықтың назарынан тыс қалмай келедi. Оның үстiне «Ана тiлi Аруы» байқауының жеңiмпаз арулары қазiргi заманғы «Қыз сынының» арқасында үлкен өнер жолына жолдау алып, жастар арасында танылып отыр. Бұл байқау жеңiмпаздары Бақытнұр Қызырбай, Аида Дайырова, Гүлзия Алшыновалар туралы айтылған сөз.

Концерт аясында «Ана тiлi Аруы» байқауының ұйымдастырушылары 8 наурыз қарсаңында бiрқатар танымал қазақ журналистерiн арнайы сыймен марапаттады.

Кәмшат ТАСБОЛАТОВА

Серіктес жаңалықтары