LG көтерген бастама

LG көтерген бастама

LG көтерген бастама
ашық дереккөзі
375

Осымен екiншi рет оңтүстiк астанамызда өтiп отырған бұл акцияның идясын LG компа­ниясы ұсыныпты. 5 маусым халық­ара­лық экология күнiне орай ұйым­дас­тырылған бұл акцияға 600-ге жуық адам қатысты. Бес команда бойынша қолда­рына қалта ұстаған жас жеткiншектер әрбiр көшенiң бойындағы шашылып жатқан лас қа­ғаздарды терiп алып, бар­лық адам­дардың көзiнше өртеп жiбердi. Қала халқына арнайы үлгi болған жеткiн­шектердiң қолында әртүрлi үндеу қа­ғаз­дары бар, арнайы ақ жейде мен ақ кеп­калар киiнген.

Бұл акцияны ұйымдастырудағы басты мақсат – қала көшелерiн әр­түрлi лас зат­тардан тазарту арқылы, тазалықты наси­хаттау. Осыған қарап, әрбiр қала тұрғыны өз үйiнiң аула­ларын, аялдамаларды, тротуарларды таза ұстауға талпынатын болады. Он­сызда қаптаған машиналардан шыға­тын улы газдар танауымызды тұншық­тырып, ауа ластап жатқаны аздай, көше-көшенiң бойындағы лақтырылған қоқыстан аяқ алып жүре алмайсың. Арнайы халық­аралық экология күнiне негiзделiп жасалған бұл акция бiр жағынан сенбiлiкке ұқсайды. Бұл ак­ция­ға жалғыз LG компаниясы емес, бү­кiл қала тұрғындары қатысуы тиiс. Сондай-ақ, бұл акция бiр жылмен ғана шек­телiнбеуi қажет, жыл сайын осы бастаманың негiзiнде сенбiлiк өткiзу қолға алынса, нұр үстiне нұр болар едi.

Есенгүл Кәпқызы

Серіктес жаңалықтары