Ғұсман Қосанов әруағы қолдады

Ғұсман Қосанов әруағы қолдады

Ғұсман Қосанов әруағы қолдады
ашық дереккөзі

Қазақстандықтар Ресей, Иран, Бахрейн, Сирия, Өзбекстан, Қыр­ғызстан, сондай-ақ Ресейдiң Ново­сiбiр, Омбы, Екатеринбург, Киров қалаларынан келген қарсылас­тары­мен жарыс жолына шығып, бәсекеге түстi.

Бұл жарыс барысында Афина олимпиадасына жолдамалар са­рапқа салынды. Алматыда өткен жарыста бұған дейiн олим­пиада­лық ойындарға жолдама алған Т.Росланова, С.Бодрицкая, Е.Ко­ще­евалар қатысып, жоғары көр­сеткiштерге қол жеткiздi.

Мемориалда Михаил Колчанов олимпиада жолдамасының норма­сын орындады. Жарыстың екiншi күнi нөсерлеп жауған жаңбырдың әсерiнен жоғары көрсеткiштерге қол жетпедi.

Дегенмен де, бәсекенiң бары­сында Ғұсман Қосанов атындағы мемориалдың бес рекорды орна­тыл­ды. Бiрiншi болып республи­ка рекордын атақты жүйрiк М.Кол­чанов орнатты. Ол 800 ме­тр­ге жүгiруде 46,99 секунд уақыт көрсетiп, мәреге бiрiншi болып келдi. Екiншi рекордтың иесi — Татьяна Росланова 400 метрлiк қашықтықты 50,68 секунд уақытта жүгiрiп өтiп, рекорд орнатты. Үшiн­шi рекорд қыздар арасында 4х400 метрде эстафеталық жарыста жа­сал­ды. Құрамында Светлана Гав­рющенко, Светлана Бодриц­кая, На­талья Торшина, Татьяна Росла­но­ва­лар 3,30,92 секундтық көр­сет­кiш­пен жарыстың жеңiм­пазы атанды.

Қалған екi рекордты алыстан кел­ген қонақтар тәжiк­стандық Дильшат Назаров балға лақтыруда 66 метр 27 сантиметр нәтижеге қол жеткiзсе, 800 метрге жүгiруде қырғызстандық Татьяна Борисова бас жүлденi иеленiп, рекорд биiгiне қол жеткiздi.Осы жарыстан кейiн қазақ­стан­дық жеңiл атлеттер Афина олимпиадасының 19 жолдамасын қоржынға салды.

Ендi осы айдың аяғында Азия­ның Гран-при жарысы өтедi. Сол сында қазақстандықтар тағы да бiрнеше олимпиада жолдамала­ры­на ие болуды мақсат тұтып отыр.

Гүлзина Бектасова